Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-15 05:24:46 Twitter жұмысында ақау пайда болды

14 шілдеде әлем бойынша Twitter желісінің жұмысында ақау болды. DownDetector мәліметінше, желі қолданушылар бейсенбінің кешінен бастап сайтқа кіре алмады.

Twitter желісінің жұмысына АҚШ, Түркия, Германия, Польша, Франция, Чехия және басқа елдердің желі қолданушылары шағымдана бастады.

Сонымен қатар, Украина тұрғындары да Twitter-ді қолдану барысында қиындықтарға тап болған.

NetBlocks мониторинг тобының мәліметінше, сервистегі ақау әлемнің біраз елінде болған. Бұған қоса, мониторинг тобы желіні мемлекеттік деңгейде ешкім бұғаттамағанын ескертті.
89 views02:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:10:31 БҰҰ : Соғыс басталғалы Украинадан 9 млн адам кетті

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Украинадан 9 миллионнан астам адам кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігіне сілтеп, Reuters сайты хабарлады.

Еуроодақ елдерінің арасынан ең көп украиналық босқынды қабылдаған Польша. Мұнда 11 шілдедегі ақпаратқа сай, 1 221 596 босқын тіркелген. Сонымен қатар, шамамен 900 мың адам Германияда, 391 мың босқын Чехияда, ал Италия мен Түркияға 150 мың адам келген.

Бұған қоса, Молдова, Румыния және Словакияда шамамен 80 мың босқын бар. Ал Ресейде 12 шілдедегі дерек бойынша, Украинадан 1 625 531 босқын келген.

БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі жүргізген сауалнамаға сәйкес, Еуропаның алты елінде, баспана алған украиналықтың көбі соғыс аяқталған соң Украинаға қайтуды қалайды.
42 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 07:54:46 Ресейде «әскер туралы фейк тарату» бабы бойынша 70 қылмыстық іс қозғалған

Құқық қорғаушылардың дерегінше, соғыс басталғалы «Ресейдің Қарулы күштеру туралы фейк тарату» бабы бойынша 70 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Настоящее время» сайты хабарлады.

4 наурызда Ресей президенті Владимир Путин «РФ Қарулы Күштері туралы көрінеу жалған ақпарат жариялау» туралы заңға қол қойды. Заңды бұзғаны үшін азаматтар 5 миллион рубльге дейін айыппұл төлейді немесе 10 жылға дейін сотталады. Егер жалған ақпараттың таралуы ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, онда бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан 15 жылға созылады.

Алғашқы қылмыстық істер 2022 жылдың 16 наурызында — Томск қаласының екі тұрғыны мен блогер Ника Белоцерковскаяға қарсы қозғалған.

ВВС сайтының жазуынша, 18 наурызда алғаш болып тұтқындалған — ІІМ Мәскеу департаментінің резервтік бақылау пунктінің технигі Сергей Клоков.

Бұдан бөлек, Яндекстің бұрынғы топ-менеджері Илья Красильщик, журналист Мария Пономаренко осы бап бойынша айыпталған.

Сонымен қатар, «Қарулы күштер туралы фейк тарату» бойынша төрт үкім шығарылған. Соның ішінде Мәскеуден келген белсенді және муниципалды депутат Алексей Горинов жеті жылға сотталған.
88 views04:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:58:57 YouTube Тигран Кеосаянның арнасын бұғаттады

YouTube видеохостиңі ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянның «Кеосаян Daily» арнасын бұғаттады. Бұл туралы жұбайы, «RT» телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонянның Twitter-дегі жазбасына сілтеп, «Настоящее Время» сайты хабарлады.

«YouTube Тигранның арнасын бұғаттады. Әдеттегідей себебін түсіндірген жоқ, бұларда әрдайым солай. Не болса да, Кеосаян бақытты» деп жазды Симонян.

24 сәуірде Кеосаян өз YouTube арнасына Қазақстан билігінің 9 мамырда шеру өткізуден бас тартқандығы туралы даулы видео жариялады. Онда Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеп, «Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар» деген мағынада мәлімдеме жасады.

Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанын хабарлады.

Тигран Кеосаян Еуроодақ, Ұлыбритания және Канаданың санкция тізіміне енді. Канада билігі оны және басқа да санкция тізіміне енген тұлғаларды «мемлекеттік жалған ақпарат пен үгіт-насихат агенттері» деп сипаттады.
85 views09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 07:51:38 NASA «Джеймс Уэбб» телескобы арқылы түсірілген суретті жариялады

NASA «Джеймс Уэбб» деп аталатын телескоп арқылы түсірілген ғаламның алғашқы анық суретін жариялады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Телескоп «SMACS 0723» галактикаларының үлкен шоғырын суретке түсірген. Фотода мыңдаған галактикалар, соның ішінде инфрақызыл диапазондағы ең күңгірт нысандар алғаш рет көрініп тұр.

ВВС жазуынша, басқа суреттер 12 шілдеде Вашингтон жанындағы Годдард ғарыштық ұшу орталығынан жүргізілетін тікелей эфир кезінде жарияланады.

SMACS 0723 галактикаларының үлкен шоғыры | Дереккөз: ВВС
60 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 16:15:20 Украина шіркеуі Степан Бандераны әулиелер қатарына қосқаны рас па?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/ukraina-shirkeui-stepan-banderany-aulieler-kataryna-koskany-ras-pa/
76 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 09:03:33 Жапония кибербуллиңге қатысты заңға қандай өзгеріс енгізді?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/zhaponiya-kiberbullinge-katysty-zanga-kandaj-ozgeris-engizdi/
112 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 11:05:57 Су арқылы тырысқақ жұқтырып жатыр: биологиялық диверсия туралы фейк

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/su-arkyly-tyryskak-zhuktyryp-zhatyr-biologiyalyk-diversiya-turaly-fejk/
137 views08:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 10:39:59 Мәскеу прокуратурасы «Журналистер кәсіподағын» таратуды талап етті

Мәскеу прокуратурасы «Журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіподағын» таратуды талап етті. Бұл туралы «Ведомости» газетіне сілтеп, Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Кәсіподақ «Ресей Қарулы Күштерінің беделін түсіру үшін «ДХР» мен «ЛХР» бойынша арнайы әскери операцияның барысы туралы сенімсіз, әрі заңсыз ақпарат тартқандықтан» прокуратура ұйымды тарату туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, іс құжаттарына сәйкес, ұйым қызметі «адам құқықтары мен бостандығын бұзып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке және мемлекетке зиян келтірген».

Кәсіподақ өкілі «Ведомости» газетіне Мәскеу прокуратурасы ұйым туралы ақпарат, кәсіподақ жарғысы, қаржыландыру көздері, т.б. мәліметтерді беруін талап еткенін растаған.

«Ведомости» редакциясына берген ақпаратында адвокат Максим Крупский кәсіподаққа не сот туралы, не әкімшілік іс қозғалғаны туралы хабар келмегенін айтқан.

Халықаралық Журналистер Федерациясының (IFJ) президенті Доминик Прадалье кәсіподаққа қарсы сотты «әділетсіз және негізсіз» деп атады. European Federation of Journalists (EFJ) президенті Майя Север «сот процесінің саяси астары бар» деп мәлімдеді.
129 viewsedited  07:39
Ашу / Түсініктеме