Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-05 17:04:43
122 views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:04:42 Бүгінгі таңда кибербуллиңнің оннан аса түрі анықталған. Олардың негізгі типтері қандай? Бір-бірінен қалай ажыратамыз? Осы сұрақтардың жауабын бірге қарасытырайық.

Түрлері жайлы ақпаратты пост суреттерінен оқыңыз.
127 views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:13:47 Азаттық радиосы Назарбаев әулетінің зәулім үйлеріне қатысты зерттеу жариялады

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/azattyk-radiosy-nazarbaev-auletinin-zaulim-ujlerine-katysty-zertteu-zhariyalady/
134 views12:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 09:33:39 Катарда әлем чемпионаты кезінде ЛГБТК+ туын көтергендерді соттайтыны рас па?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/katarda-alem-chempionaty-kezinde-lgbtk-tuyn-kotergenderdi-sottajtyny-ras-pa/
151 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 06:53:27 Өзбекстан билігі Нүкісте 18 адам қаза тапқанын хабарлады

Өзбекстан Бас прокуратурасы 1-2 шілдеде Нүкісте болған митиң кезінде 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Gazeta.uz сайтына сілтеп, Vlast.kz сайты хабарлады.

Өзбекстанның ресми дерегінше, жараланған 243 адамның 38-i құқық қорғау органының қызметкері. Бұған қоса, 149 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 94 адам ауруханада жатыр, оның ішінде ауыр жараланғандар бар.

Сонымен қатар, шілденің 3-інен 4-іне қараған түні коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін 110 адам ұсталған. Жалпы 1-2 шілдеде 516 адам ұсталған, олардың кейбірі әкімшілік жазаға тартылды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.
167 views03:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 14:22:55
Гендерлі сенситив тақырыптарды қалай жазу қажет?


Журналист материал жазғанда сүйенетін басты принциптер қандай? Оның этикаға сай материалдар жазуының маңызы не? Осы сұрақтардың жауабы youtube арнамызда.



173 views11:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 12:30:50 Хакерлер Ұлыбритания әскерінің желідегі аккаунттарын бұзды

Хакерлер Ұлыбритания әскерінің YouTube пен Twitter желісіндегі аккаунтына шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеп, Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Хакерлер әскердің YouTube арнасының атауын өзгертіп, парақшаға криптовалюта туралы видеолар жүктеген. Ал Twitter парақшасына NFT токендері туралы ақпарат жариялаған.

DW мәліметінше, қазіргі уақытта шабуыл жасалған аккаунттар қалпына келтірілді.

DW ақпаратына сай, Ұлыбритания әскерінің Twitter парақшасына 360 мыңнан астам адам, YouTube арнасына 177 мың қолданушы тіркелген.
167 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 11:27:17 Шетелдік инвестициялар бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр ма?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/sheteldik-investiciyalar-bojynsha-kazakstan-ortalyk-aziyada-kosh-bastap-tur-ma/
154 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 07:18:25 Мирзияев Қарақалпақстан мәртебесін өзгертуден бас тартты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау қажеттігін мәлімдеді. Бір күн бұрын Қарақалпақстан астанасы Нүкіс пен республиканың өзге қалаларында жаппай наразылыққа ұласты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2 шілдеде Нүкіс қаласына келген Мирзияев республиканың жоғарғы орган өкілдерімен, ақсақалдар алқасы мүшелерімен кездескен.

«Конституцияға енетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылау процесі жалғасып жатқандықтан және Қарақалпақстан тұрғындарының пікірін ескере отырып, президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75 баптарын өзгеріссіз қалдыру қажеттігін атап өтті» деп жазылған президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
184 viewsedited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 10:23:02 Украина Ресей азаматтарына виза режимін енгізді

Украина билігі 1 шілдеден бастап Ресей азаматтарына виза режимін енгізді. Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ресейліктер виза алу үшін Ресейдегі VFS Global виза орталығының біріне жүгіне алады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Алайда, виза Ресей азаматының Украинаға өтеуіне кепілдік бермейді. Соңғы шешімді бақылау-өткізу пунктіндегі шекарашылар қабылдайды.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін осындай шешім қабылданғанын айтқан.
191 views07:23
Ашу / Түсініктеме