Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-06-08 07:57:56 Фактчек | Депутат медицинаға бөлінген қаржы мен технология тиімділгі туралы

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-deputat-medicinaga-bolingen-karzhy-men-texnologiya-tiimdilgi-turaly/
102 viewsedited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 14:55:30 Zertteu: ОСК референдумды жарнамалау үшін 383 миллион теңге төлеген

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) референдумға байланысты бірнеше медиамен 38 келісім шартқа отырып, 383 миллион теңге төлеген. Бұл туралы «Zertteu Research Institute» парақшасында хабарланды.

Референдумды жарнамалауға бөлінген қаржыны ақпараттық порталдар, баспа, республикалық телеарналар және радиостанциялар алған. Тараптар арасындағы келісім шарт 25 мамыр мен 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жасалған.

•Мәселен, «Internet Portal Nur» тендер шартына сәйкес, Nur.kz және Tengrinews.kz сайтында ақпараттық баннер жариялағаны үшін 38,9 млн және 24,5 млн теңге алуы тиіс;

•«31 арна» референдум туралы 90 минуттық «видео жариялағаны» үшін 19,5 миллион теңге алады;

•Ал «Love Radio» радиосы эфирде референдум туралы «100 рет хабарлағаны үшін» 9,6 миллион теңге алады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, референдумға 16,4 млрд теңге бөлінген. ОСК өкілі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, бұл соманың 80%-i комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеуге, 20%-i учаскелік комиссияларды жабдықтауға жұмсалған.
58 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 13:05:44 «Әділ сөз»: референдум кезінде журналистердің құқығы бұзылды

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/adil-soz-referendum-kezinde-zhurnalisterdin-kukygy-buzyldy/
84 views10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 11:59:12 БҰҰ өкілі Шыңжаңға барған тұста жергілікті мұсылмандарға бақылау күшейген

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет (Michelle Bachelet) Қытайға жұмыс барысымен барған кезде мұсылмандарға бақылау күшейген. Бұл туралы жергілікті полициядағы дереккөзге сүйеніп, «Radio Free Asia» (RFA) сайты хабарлады.

RFA мәліметінше, Шыңжаң автономиясына қарасты Құлжа қаласының билігі тұтқындалған мұсылмандардың туыстарын «идеологиялық сабақтарға» қатысуға мәжбүрлеген. RFA сүйенген дереккөз мұндай сабақтар сәуірдің ортасында басталғанын хабарлаған. Ал БҰҰ өкілінің сапары 23-28 мамырға жоспарланған.

Тұтқындардың туыстары сабақта Қытай үкіметіне алғыс айтып, «ұлттық қауіпсіздікті сақтау» үшін Шыңжаңдағы қайта тәрбиелеу лагерлері туралы ақпарат таратпауға «уәде беру керек болған».

Сонымен қатар, оларға шетелден хабарласқан жағдайда, жауап беруге тыйым салынған; ал сырттан қонақ келсе полицияға шақырылған.

Бұдан бөлек, БҰҰ өкілі келмес бұрын Қытайдың арнайы қызметтері Шыңжаңдағы мұсылмандарға «егер олардың шетелдегі туыстары аймақтағы лагерлер туралы ақпарат таратса, қамауға алынуы мүмкін екенін» ескерткен.
99 views08:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 15:10:58 #НеМолчиKZ басшысы қылмыстық іс бойынша «күдікті» деп танылды

#НеМолчиKZ қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі жеке өмірге қол сұғылмаушылық (ҚР ҚК 147-баптың 5-тармағы) туралы іс бойынша «күдікті» деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Таңсәрі адвокатына берген ресми жауабына сілтеп, «Медиазона» сайты хабарлады.

«Медиазона» дерегінше, 2020 жылдың қаңтарында Таңсәріге қарсы қозғалған «көрінеу жалған ақпарат таратуға» (ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағы) қатысты іс осы тергеуге қосылған.

17 мамырда Дина Таңсәрі «Медиазона» редакциясына Қызылордада екінші сынып оқушысының зорланғаны жайлы Facebook-тегі жазбасынан кейін қылмыстық іс бойынша куәгер болғанын айтты. Дегенмен тергеуді бастау туралы ресми жарлық Таңсәріге берілмеген.

Бұған дейін Алматы полициясының департаменті құқық қорғаушының үстінен «жалған ақпарат таратқаны үшін» төрт қылмыстық іс қозғаған. Бұл ақпаратты Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол мұны «қорқыту» деп атады.

Полиция қылмыстық іске байланысты ресми мәлімдеме жасамаса да, қор басшысын бірнеше рет тергеуге шақырған.
169 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 11:01:14 Фактчек | Қазақстан аграрлық держава ма?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-kazakstan-agrarlyk-derzhava-ma/
137 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 09:47:17 Қазақстанда референдум қалай өтті?

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kazakstanda-referendum-kalaj-otti/
138 views06:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 15:59:49 Amnesty белсенді Садырбаеваға тағылған айыпты алып тастауға шақырды

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/amnesty-belsendi-sadyrbaevaga-tagylgan-ajypty-alyp-tastauga-shakyrdy/
75 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 10:21:02 АҚШ Жоғарғы соты әлеуметтік желіні қолдады

АҚШ Жоғарғы соты Техас штатындағы әлеуметтік желіге қатысты заңды конституцияға қайшы деп таныды. Техастағы заңға сай, әлеуметтік желі қолданушыларды көзқарасына байланысты бұғаттауға немесе шектеу құқығынан айырылған еді. Бұл туралы «Голос Америки» сайты хабарлады.

IT-компанияларды біріктіретін «NetChoice» және «Computer & Communications Industry Association» ұйымы Техастағы заңды «әлеуметтік желідегі сөз бостандығына, соның ішінде тәуелсіз редакциялық саясат жүргізу құқығын бұзатынын» мәлімдеген.

Сонымен қатар, екі ұйым заң қабылданса, әлеуметтік желілер нацистік көзқарастардың таралуы немесе терроризмді мадақтау ортасына айналатынын хабарлаған.

«Голос Америки» хабарлауынша, америкалық консерваторлар ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желідегі «цензура» олардың көзқарасын ашық білдіруге кедергі келтіргенін айтқан. Олар Twitter желісінде экс-президент Дональд Трамптың парақшасы бұғатталуын мысал ретінде келтірген. Оның аккаунты былтыр 6 қаңтарда Капитолияға жасалған шабуылдан кейін бұғатталған.
113 views07:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 14:37:48 1 маусымда Алматыда Novotel қонақ үйінде Азаттық радиосының журналистері «Қаралы қаңтар» кезінде қайтыс болған адамдардың тізімін жариялап, арнайы жобаны таныстырды. Жоба авторларының мәліметінше, кемінде қайтыс болған 188 адамның аты-жөні белгілі. Бұл туралы Factcheck.kz хабарлады.

Бұған дейін билік өкілдері тек 238 адамның қайтыс болғанын айтып, қанды оқиғадан бес ай өтсе де олардың атын атамаған.

Шараға Азаттық радиосының (Radio Free Europe/Radio Liberty) президенті Джейми Флай және қазақ редакциясының директоры Торокул Дооров қатысты. Бұған қоса қаңтар трагедиясы кезінде жақындарынан айырылғандар, құқық қорғаушылар және жобаға ат салысқан журналистер, әрі медиа өкілдері болды.

Шара модераторы әрі Азаттық радиосының бас продюсері Қасым Аманжол билік өкілдерін тізімді жарияламады деп сынады.

Шарада сөз сөйлеген Ар.Рух.Хақ құқық қорғау ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қазақстан билігін қаңтарда қайтыс болғандар жайлы ақпарат жарияламай тұрып, «референдум өткізгелі жатыр» деп сынады.

Сонымен бірге, адам құқығы жөніндегі халықаралық бюросы жетекшісі Евгений Жовтис қаңтар оқиғасы кезінде оқ атқандар жазасыз қалуы мүмкін деп алаңдайды.

@azattyq
#қантар2022 #қантар2022 #азаттық #қантарқырғыны #factcheck_kz
102 views11:37
Ашу / Түсініктеме