Get Mystery Box with random crypto!

CIVICUS: Қазақстанда сөз бостандығы қатаң шектелген Халықарал | Бірге тексерейік!

CIVICUS: Қазақстанда сөз бостандығы қатаң шектелген

Халықаралық «Civicus Monitor» азаматтық қоғамды қолдау альянсы Қазақстандағы негізгі азаматтық құқық, соның ішінде сөз бостандығының қатаң шектелетінін хабарлады. Бұл туралы 21 маусымда жарияланған «Civicus Monitor Watchlist» баяндамасында жазылған.

«Civicus» рейтиңінде Қазақстан «кедергі келтіруші елден» «қудалаушы ел» деңгейіне түсті. Баяндамаға сай, бұл санат «негізгі азаматтық бостандықтардың, соның ішінде сөз бостандығының қатаң шектелгенін» көрсетеді.

Есепке сәйкес, Қазақстанда сөз бостандығы, бейбіт митиңге шығу құқығының шектелуі  —  кемі 238 адам қаза болған «Қаңтар қырғынында» қатты байқалды. Баяндама авторлары Қазақстан билігі «Қаңтар оқиғасы» кезінде елде интернетті бұғаттап, азаматтардың тәуелсіз ақпарат алу құқығын шектегенін сынады.

Авторлар Қаңтар оқиғасынан хабар таратқан журналистердің қуғындалғанын, ұсталғанын және күштік құрылымдар тарапынан шабуылға ұшырағанын жазды.

Бұдан бөлек, «Civicus» альянсы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қаңтар оқиғасында» «ескертусіз оқ ату» бұйрығын халықаралық стандарттарға қайшы екенін мәлімдеді. Ұйымның хабарынша, «халықаралық стандарттарға сәйкес, мұндай бұйрықтар басқа амал қалмағанда беріледі».

«Civicus» есебінде Қаңтар оқиғасынан кейін «жалған ақпарат таратты», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деп айыпталып, қамауда отырған оппозициялық белсенді Жанболат Мамай ісі туралы да жазылған.