Get Mystery Box with random crypto!

Өмірге құштарлық... Халифа Сүлеймен ибн Абдулмәлік оба ауруы ш | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Өмірге құштарлық...
Халифа Сүлеймен ибн Абдулмәлік оба ауруы шыққан жерден қашады. Жанында келе жатқандардың бірі: Уа, халифа! Алла Тағала Құран Кәрімде «(Уа, Мұхаммед!) Өлімнен немесе шайқастан қашсаңдар, сендерге қашу пайда бермес. Олай болса [тіпті қашсаңдар да] (өмірді) тек азғана қызықтар едіңдер» деп айт» дейді (Ахзап сүресі, 16 аят). Мұныңыз қалай болды?» деп сұрайды. Халифа: «Бізде сол аятта айтылған «(өмірді) тек азғана қызықтар едіңдер» дегенді іздеп келеміз деген екен.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өтсін!