Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 20

2022-05-18 15:32:11
«Украинаның 4 облысына әуе шабуылы жасалды» – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Львов, Сумск, Черниговск, Луганск облыстарына әуе шабуылы жасалғанын айтты.

«Мен мемлекетімізді барлық деңгейде қолдап, Ресейге барлық жағынан қысым көрсету үшін мүмкіндігінше Украинаға үлкен халықаралық аудиторияны жинай беремін. Бізге керегі – ақпараттық, дипломатиялық және мәдени қолдау», – деді Зеленский.

Украинаның Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, солтүстіктегі Десна ауылына түскен зымыраннан 8 адам жан тапсырып, 12 азамат ауыр жарақат алған. Донецк облысында 7 бейбіт тұрғын қаза болды. Әуе соққысы салдарынан 5 қабатты үй опырылып түскен. Қазір жергілікті халық үйінді астында қалғандарды шығарып жатыр. Олардың арасында кішкентай балалар да бар.
24 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 12:24:26
Қазақстанда зейнет жасы қашан төмендетілуі мүмкін екені айтылды

Қазақстанда зейнет жасы 2023 жылы төмендеуі мүмкін. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында аталған мәселенің 2022 жылдың соңында қаралатынын мәлімдеді. 
“Бұл сұрақтардың барлығы Әлеуметтік Кодекс аясында қаралады. Жыл соңына дейін шешеміз”, – деді премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов. 
Елімізде қаңтар айынан бастап әйелдер зейнетке 60,5 жаста, ал ерлер 63 жаста шығады. 
39 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 07:01:56
"Тәуелсіздік алып, НАТО-ға кіреміз". Шотландия премьер-министрі мәлімдеме жасады

Шотландия премьер-министрі Никола Стерджен ел тәуелсіздік алғаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін НАТО-ға қосылуы керегін айтты, - деп хабарлайды Scotsman.

Стердженнің айтуынша, Шотландия билігі 2023 жылдың соңына дейін тәуелсіздік туралы тағы бір референдум өткізуді көздеп отыр және егемендікке қол жеткізсе, ел Еуроодақ пен Солтүстік Атлантика альянсына қосылады.
33 views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 15:47:15
Желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған сарбаздардың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған түрлері қазақтарға ұқсайтын азаматтардың видеосы тарады.

Видеоны журналист Гүлнұр Баженова Telegram желісіндегі парақшасында жариялады.

Видеодан соғысқа бара жатқан азаматтардың бірі «қазақ бандасы» деп айтқанын көруге болады. Дегенмен жігіттердің бірінің бас киімінен Ресейдің туын байқауға болады. Сондай-ақ видеоның Ресейде немесе Украинада түсірілгені беймәлім.

«Қазақ бандасы соғысқа бара жатыр» деп жазды. Ресейдегі қазақ бандасы болар?! Қазақстандықтар ашықтан ашық бұлай бармас еді, оларды елде түрме күтіп тұрар еді», – деп жазды журналист Гүлнар Баженова.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әскери жағдайларға қатысқандарға қылмыстық жауапкершілік бар.
30 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 09:19:15
Путин күзде ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығуы Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда өтетінін айтты

ҰҚШҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулар сериясы өтетінін мәлімдеді.

Ресей президенті саммитте сөйлеген сөзінде осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда өткен ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің іс-қимылын атап өтті.

“ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің контингенті Қазақстандағы билікті экстремистердің басып алуына жол бермеді… Бұл республикадағы ішкі саяси жағдайды тез тұрақтандыруға көмектесті”, – деді Путин. Путиннің айтуынша, осы күзде Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтеді. “Осы жылы күзде Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда біздің ұйымның оқу жиындарының тұтас сериясын өткізу жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттеріміздің әскери дайындығы мен әскери құрылымдарының үйлесімділігінің артуына, жалпы бітімгерлік әлеуеттің күшеюіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін”, – деді Ресей президенті.
43 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 07:25:11
Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялауы мүмкін

Осыдан 8 жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында есірткі саудасымен айналысуға әрекет жасады деп отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай ұсталған болатын.

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов желідегі парақшасына жақсы жаңалық бөлісті. Биыл оны Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін екен.
45 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 14:15:54
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Көшбасшылардың кездесуі Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф Президент сарайында өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, шейх Халифаның елді өркендету жолындағы ерен еңбегін атап өтті.

БАӘ президенті өз кезегінде осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірді, сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.
30 views11:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 11:03:13
Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тінту жүргізді

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде.

Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын.

Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.
37 views08:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 07:16:58
Тоқаев Путиннің шақыруымен Ресейге келді

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді", - делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы ертең, 16 мамыр күні Кремльде өтетіні айтылады.
47 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 07:13:22
"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс елдеріне Украинаға қару жіберу Ресей мен НАТО-ның толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар тікелей қақтығысына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Медведев Батыс елдеріне "өзін де, басқаларды да алдамауға" кеңес берді.

Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы "арнайы әскери операцияға" араласуға тырысса, Ресей "табанды жауап беруге дайын" екенін айтты.
41 viewsedited  04:13
Ашу / Түсініктеме