Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 17

2022-06-06 15:18:11
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогін алты медальмен аяқтады

Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Отандастарымыз аталған жарыста екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады.

Нәтижесінде жастар ұлдар құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Нұрсұлтан Зайзағалиев қарсыластарын басып озды. 60 келіде Мерей Марханбетов пен қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ұлдар арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды.

Айта кетсек, Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогін жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
31 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 10:46:00
Мұхамеджан Тазабек Тоқаевқа арнап жаңа өлең шығарды

Азанмен әтірленіп, кофелендім,
Елімде боп жатқасын референдум.
Шет жатқан үш жүз шақырым Боржомиден,
Тифлиске такси жалдап, жеке келдім.
Елшілігің болғаны қандай жақсы,
Қасқайып қаласында бөтен елдің!
Көк Ту мен Елтаңбаның ортасында,
Таңдау жасап, ісіне көкелердің.
Тарихи бұл жиынға біз бармасақ,
Тағдырын ертеңгі елдің көтерер кім?!
Референдум шешімі хайырлы боп,
Бағы ашылсын, болашақ бөпелердің.
Береке тапсын барлық бастамасы,
Тоқаевтай байламы бекем ердің!
30 views07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 07:21:56
Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр

Қазнетте референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда капитан пагонын таққан.

5 маусымдағы референдум кезінде Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде қызық оқиға болған. Оқиға видеосы Beknur Srazhanov You Tube-арнасында жарияланды.

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Бірақ куәлік пен погондағы шен сәйкес келмеген. Құжаттар бойынша тәртіп сақшысы - майор, ал погонына қарағанда капитан шенінде.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оған 30 мамырда полиция майоры шені берілген, ал қызметтік куәлік БҚО Полиция департаментінде жасалып, 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде табысталған екен.

Полицей 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.
35 views04:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 13:15:48
«Жазалаймыз!» Бас Прокуратура қазақстандықтарға қатаң ескерту жасады

Осы жексенбі, 5 маусым күні Қазақстанда Ата заңға түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады ведомствоның ресми сайты.

Бас прокуратура өкілі 4 маусым сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт-насхиат жұмыстарын жүргізу аяқталатынын айтты. "Референдум алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда үгіт-насихатқа, оның ішінде қоғамдық сауалнама нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамын жариялауға тыйым салынады", - деді Дембаев. Бұл ережені бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға екі рет дауыс беруге немесе басқа сайлаушының орнына дауыс беруге қатаң тыйым салынғанын еске салды.
40 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 07:15:53
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағы да жұмыстан шеттетілді

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетілді. Бұл туралы inAktau.kz өңірдің экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді.

Биыл қыста Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамалған болатын. Кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертті.

24 мамырда облыстың баспасөз қызметі Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметтік міндетіне кіріскенін хабарлаған. Алайда, келесі күні сот шешімімен қызметінен қайтадан шеттетілген.
24 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:25:58
"Ақшаны өздеріңмен бірге алып келіңдер": Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті

Чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керегін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.

"Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер", - дейді әйел.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Басқарма мәліметінше, осы оқиғаға қатысты аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланған.

"1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өтті. Біз ақылы курстар мен семинарлар өткізуге қатаң тыйым саламыз. Аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері тиісті жазаларын алды", - деді басқарма.
37 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 15:24:07
Өзін Антикор қызметкері деп таныстырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Ведомство мәліметінше, Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео тарап жатыр.

Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов 20 мамырдан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр.

Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сонымен қатар, соталды тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша дерегі анықталды.

Антикор мәліметінше, Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін.

Осындай деректер бойынша ақпарат болған жағдайда, көрсетілген нөмірлер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуға болады: 1424, +7 702 320 7020
28 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:15:44
Головкин жоқ. Әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі жарияланды

Рейтинг боксшылардың кәсіпқойдағы шаршы алаңынан тапқан ақшалардың көрсеткіші бойынша жасалған. Бұл тізімді жасауға дереккөзді Тайсон Фьюридің Диллиан Уайтқа қарсы кездесуінде алған 27,9 миллион фунт стерлинг жігерлендіріпті.

Сонымен әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі мынадай:

1. Флойд Мейвезер (400 млн ф.ст.)
2. Джордж Форман (222 млн ф.ст.)
3. Мэнни Пакьяо (163 млн ф.ст.)
4. Оскар Де Ла Хойя (148 млн ф.ст.)
5. Сауль Альварес (105 млн ф.ст.)
6. Леннокс Льюис (103 млн ф.ст.)
7. Тайсон Фьюри (100 млн ф.ст.)
8. Шугар Рэй Леонард (88 млн ф.ст.)
9. Энтони Джошуа (60 млн ф.ст.)
10. Владимир Кличко (58 млн ф.ст.)
44 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 14:36:25
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Бас прокуратура Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартқанын айтты.

“2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға ауысуы туралы жазбаша өтініш келіп түсті. Сол күні қытай тарапына тиісті сұраныс жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 03.03.2021 жылғы жауабына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беруден өмір бойына сотталғандығына байланысты бас тартылды”, – деді бас прокурорлар халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев.

Сондай-ақ, прокурор қазақстандық тарап Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстыруға үмітін үзбейтінін, егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, жазаны өтеудің нақты уақытын тағайындаса, бәрі мүмкін екенін айтты.

“ҚХР-дағы ҚР Елшілігі қолданыстағы заңға сәйкес А.Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқарту үкім заңды күшіне енген сәттен 2-3 жыл өткеннен кейін мүмкін болатынын айтты.
25 views11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 07:21:22
Ақтөбеде лаңкестік әрекетте қаза тапқан сарбаздың әкесіне көлік сыйға тартылды

Ұлттық ұланның Жоғарғы қолбасшылығы 2016 жылы маусымда Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімде болған қарулы лаңкестік әрекетті тойтару кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметші Досбол Сапардың әкесіне куәлік пен көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайтыс болған жауынгердің әкесіне бағалы сыйлық беру туралы бастаманы Ресей Федерациясының дзюдо ардагерлерінің ұлттық одағы көтерген.

Бұл идеяны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қолдаған.

Көлік кілтін тапсыру рәсімінде Ботақанов қылмыскерлердің шабуылына тойтарыс беруде ерлік көрсеткен ұл тәрбиелеген батырдың әкесіне алғысын білдірді.

"Ол Қазақстан азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін қиды", - деді бас қолбасшы.
17 views04:21
Ашу / Түсініктеме