Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 19

2022-05-24 07:11:08 – Ей, Алтынбек, көп ұзамай сені өлтіретін адам табылып қалар! – дегені әлі есімде. Аузымыз ашылып қалған еді сол кезде.

Дариға Назарбаевамен етене араласқан Адонис Дербас деген канадалық кәсіпкер дастархан басында Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев және басқа да бірнеше адам әңгіме дүкен құрып отырған кезде, Әлиевтің: «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру керек!» деген сөзін Адонис Дербас өз құлағымен естіген.
71 views04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 07:10:52
“Сені өлтіретін адам табылып қалар”: Дариға Назарбаева Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс “берген”

Қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырма берген экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева екенін айтты.

«2004 жылы бұрынғы ақпарат министрі, оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаев ағамыз «бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын басып алып, мемлекеттік қазынадан мақсатсыз қаржы алып жатыр» деп айыптап, Дариға Назарбаеваны сотқа берген болатын. Осы процестен кейін көп ұзамай, 2006 жылы Алтынбек ағамызды бәзбіреулер қаланың сыртына апарып, атып тастайды» дейді Жан Ахмадиев.

Ахмадиев Виктор Храпуновтың сұхбатына сілтеме жасап, төмендегідей мысал келтіреді:

Парламенттегі отырыстардың бірінде Алтынбек Сәрсенбаев Дариға Назарбаеваға қарап:

– Мен сенің телеарналарды қалай жекешелендіріп алғаныңды жақсы білемін. Қолымда дәлелім де бар. Жақында бұл құжаттарды елге жария қылмақпын. Сонда маған не істей аласың?– деді. Дариға орнынан атып тұрып:
67 views04:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 15:19:18
“Нағыз батырлар”: Қирандының астынан көк туды алып шыққан жігіттердің әрекеті жұртты сүйсінтті

Әлеуметтік желіде қирандының астынан Қазақстанның көк туын алып шыққан жігіттердің әрекеті тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Оқиға Шымкент қаласындағы стадионда болған.

Айта кетейік, “Ордабасы” мен “Ақсу” футбол клубтарының арасындағы ойында алаңның шатыры құлаған еді. Қирандының астында еліміздің көк туы да қалып қойған.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі alash_ulandary тобында жарияланды. Кадрдан қирандының астынан еліміздің көк байрағын алып шыққан жігіттердің әрекетін көруге болады.

“Жарайсыңдар”, “Нағыз батыр сіздердей-ақ болсын”, “Намысы бар жігіттер екен”, “Басын қатерге тіккен ер азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ”, – деді олар. Еске сала кетейік, кеше, 21 мамырда Шымкентте жергілікті “Ордабасы” мен павлодарлық “Ақсу” футбол клубтарының арасындағы матч кезінде стадионның шатыры құлаған еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қос ұжым арасындағы кездесу кейінге шегерілді.
29 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 07:08:11
"Нағыз жыртқыш". Ұлыбританиялық чемпион Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокста Ұлыбританияның екі дүркін чемпионы Дензел Бентли (16-1-1, 13 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, "уақытша" әлем чемпионы атанған.

"Мәссаған, "Қазақ стилі" (Әлімханұлының лақап аты - авт.) - нағыз жыртқыш. Тамаша жекпе-жек, чемпион! Келесіде сенімен рингке шыққым келеді. Осыны ұйымдастырайық" - деп жазды Бентли Twitter-парақшасында.
30 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 14:36:36
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша Қазақстандағы алғашқы автомобиль берілді

Қазақстан астанасында жеңілдетілген автонесиелеу басталғаннан бері небәрі төрт күн өткен соң, жаңа көліктің кілтін бағдарламаның бірінші қатысушысына табыстады, - деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы.

Автомобильдің бақытты иесі инженер Бекзат Тілеген болды, ол 16 мамырда, өтінімдерді қарап қабылдауға банктердің алғашқысы болған, Банк ЦентрКредит арқылы автокөлікті бастапқы жарнасыз ресімдеуге өтінім берді.
16 views11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 10:46:24
«Анасына хабарлама жіберіп үлгерген»: елордада тағы бір жасөспірім қыз педофилдің құрбаны бола жаздады

«Бүгін, 2022 жылдың 19 мамырында, бұл есуас менің кәмелетке толмаған қызыма тиіспек болған. Бәтес ұзын бойлы болғанымен, әлі бала ғой, ол небәрі 12 жаста.
Әлгі есуас автобуста оған жақындаған. Тіпті қызымның жамбасына жабысқан. Бәтес кетіп қалған, ол тағы жақындап, оған қайтадан қолын тигізе бастаған.
Мұндай жағдайлар миллиондап кездеседі, бірақ көпшілігі бұған мән бермейді. Мұны қалыпты жағдай деп есептейді. Біздің жетілмеген заңымызда бұл үшін ешқандай шара қарастырылмаған. Егер полиция оны тапса да, оған ештеңе болмайды. Бірақ мен сіздердің әрқайсыларыңыз оның автобустардағы кішкентай қыздарға зиян тигізетінін білгендеріңізді қалаймын. Қыздарыңызды одан қорғаңыздар. Мұны барлығына таратыңыздар. Барлығы осындай есуастың түрін танып біліп жүрсін.
Мен автобустағы адамдардан Батеске көмектесулерін сұраған кезде, ешкім тіпті бұрылып та қарамады. Адамдар, сіздерге не болған?!», – деп жазды Қарлығаш Оңғарова
28 views07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 07:20:16
"Уақыт тез өтеді". Мурата Головкинге үн қатты

Жапониялық кәсіпқой боксшы Риота Мурата Геннадий Головкинге үн қатып, карьерасындағы бір естелігін айтып берді.

Сәуірде Сайтамада Головкин Муратаны мерзімінен бұрын жеңген еді, бірақ жапон боксшысы қазақстандыққа деген таңданысын жасырмайды.

"Facebook маған бүгін жеті жыл бұрын Головкиннің жекпе-жегін көру үшін Лос-Анджелеске барғанымды еске салды. Уақыт тез өтеді. Әлі де ойында жүргеніңізге, әрқашан құрметпен қарайтын боксшы болғаныңыз үшін рақмет", - деп жазды Мурата.

Еске салайық, сәуірде Жапония Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 40 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізген еді.

Жекпе-жектен кейін боксшылар жақсы қарым-қатынаспен қоштасқан, ал Головкин Риота Муратаға шапан тарту еткен болатын.
29 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 15:32:23
Тоқаев: Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты.

"Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдау керек, ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесу қажет", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.

Сонымен қатар, Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде бәріне бірдей әділ ойын ережелері бар таза экономика құру саясатын жалғастыратынын атап өтті.
41 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 11:25:59
Қайрат Сатыбалдының ұшағынан 1,5 млрд доллар табылған

Қайрат Сатыбалды ұсталған кезде оның Дубайға ұшпақ болған ұшақ бортынан шамамен 1,5 миллиард доллар табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кету керек, қазақстандық танымал олигарх Қайрат Сатыбалды наурыз айында ұсталған болатын.
47 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 07:09:04
Сотталған Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим колонияда немен айналысып жүр?

Bank RBK-дан миллиардтаған ақша жымқырғаны үшін сотталған Бақыт Ибрагим колонияда термист болып жұмыс істейді, ал Жомарт Ертаев тағы бір қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

"Жомарт Ертаев биыл мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде.

Тергеу изоляторына келген соң мекеменің медицина қызметкерлері айыпталушыға толық клиникалық-зертханалық тексеру жүргізді, тергеу қамауындағы адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық"
, - делінген ҚАЖК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дамир Тайжановтың қолы қойылған жауапта.

Qazaq Banki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге келетін болсақ, ол Алматы облысындағы колонияда. Бұл орташа қауіпсіздік мекемесі, онда былтыр шілдеде келген. ҚАЖК мәліметінше, Ибрагим колонияда жұмыс істеп, металл бөлшектерді өңдеу бойынша маман болып жұмыс істейді.
14 views04:09
Ашу / Түсініктеме