Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 22

2022-05-05 07:18:06
“Істің ушығуына полиция басшысының орынбасары кінәлі”: “Mudarabah Capital” салымшылары Бар прокуратура алдына жиналды

Қаржы пирамидасының барлық қатысушысы түгел жазаласын деген “Mudarabah Capital”-дың салымшылары істің ушығып кеткеніне тікелей Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты айыптап отыр. Айтуларынша, нағыз кінәлілер бостандықта жүр. Сондықтан олар қылмыстық істі Бас прокуратура немесе Ішкі істер министрлігіндегі тергеу департаментінің тікелей қарауын талап етеді.

“Бір жарым жыл бойы ештеңе істемеді. Тек бір әйел адам келіп, үстіне бензин құйып жіберген соң ғана дереу оны ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі етіп қамап тастайды. Енді бұл жағдайдан кейін ертең кез-келген құқығы бұзылған азамат әділдікті осы әркетпен қалыпына келтіреміз деп осындай әрекетке барады”, – дейді заңгер Абзал Құспан.
60 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 15:24:48
Ресей әскері "Азовстальға" шабуылын бастады

Ресей әскері "Азовсталь" зауытына шабуылды бастады. Бұл туралы "Украинская правда" басылымына "Азов" полкі командирінің орынбасары Святослав Паламар мәлімдеді.

"Түні бойы әуе бомбаларымен атқылады, екі бейбіт әйел қаза тапты, қазір "Азовсталь" зауытына шабуылдап жатыр", - деді Паламар 3 мамырда.

Оның айтуынша, ресейлік әскерилер зауыт аумағына басып кіруге әрекеттеніп жатыр.
473 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 11:43:38
Маңғыстау облысында мұғалім оқушыны шапалақпен ұрған. Оқиға видеоға түсіп қалған

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда бірінші сынып оқушысының анасы мектеп дәлізінде жүгіріп бара жатқан қызды мұғалімнің екі рет шапалақпен ұрғаны көрсетілген видеоны ұсынды.

Әйел адамның айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған. Мектепте болған оқиға бойынша тек 3 мамырда директордан және жергілікті білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінен жауап алған.

Жергілікті Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті жауабында 12 сәуірде мұғалімге қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған. Ал 14 сәуірде мұғалім жұмысынан босатылған. Қандай бап бойынша кеткені белгісіз.

Енді оқушының анасы Білім министрлігіне шағымданбақ.
484 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 07:05:28
“Гитлерде де “еврей қаны” болған”: Израиль Лавровтың мәлімдемесінен кейін кешірім сұрауын талап етті

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров италиялық Mediaset телекомпаниясына берген сұхбатында Владимир Зеленский туралы айтқан еді. Ол Украина президентін Германия фюрері Адольф Гитлермен салыстырған. Сонымен қатар Лавров алты миллион еврейдің өліміне себепкер болған Гитлерде де “еврей қаны” боуы мүмкін деп топшылады.

Израильде Сергей Лавровтың сөзі қатаң сынға ұшырады. Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапид еврейлердің өздерін антисемитизмге – еврейлерді жек көруде айыптау “расизмнің ең төменгі деңгейі” екенін мәлімдеді

“Оның сөздері кешірілмейді әрі өрескел тарихи қателік. Еврейлер Холокост кезінде өздерін өлтірмеген”, – деді Яир Лапид.

“Яд ва-Шем” мемориалдық кешенінің төрағасы Дани Даян Лавровтың айтқанын “негізсіз, бос сандырақ және қауіпті” деп бағалады.Сонымен қатар Сергей Лавровтың Израиль сыртқы істер министрлігіне шақырылғаны хабарланған.
488 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 15:14:14
"Өз әйелі ғой, өзі біледі". Данияр Елеусіновтің жарымен түскен суреті Желіде талқыға түсті

Елеусінов жарымен түскен суретін Instagram-парақшасында жариялаған. Онда боксшының жары никаб (мұсылман әйелдердің бас киімі, онда беті толық жабылып, тек көзі ашық қалады - авт.) киген.

Желі қолданушылары боксшының жарының бұл киіміне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Онда пікірлер қақ жарылған:

"Жамылады дегенге қатты жамылып кеткен емес пе?", "Өз әйелі ғой, өзі біледі", "Бұл ата-бабаларымыздың әйелдерінде болмаған киім екен", "Бұл мұсылманның киімі", "Жетпегені осы еді".

Кейін боксшының өзі оқырмандарына жауап берген. Бұл Сауд Арабиясында түсірілген сурет екенін айтты.
503 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 09:21:22
"Анасы науқас екенін білген". Ақтөбеде қылмыскер колониядан қашып кеткен

36 жастағы ақтөбелік ауыр қылмысы үшін 8 жылға сотталған, ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатқан. Онда қылмыскер қарауылсыз жүріп, жұмысқа барып, кешке оралатын. Бірақ бір күні ол колониядан қашып кетіпті.

Қылмыскер әпкесінің аулында ұсталды. Түрмеден қашқаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Сотта ер адам анасы ауыр науқас екенін айтты. Анасы Шұбарқұдық аулында тұрады екен, ол колония басшылығынан анасына барып-қайтуға мүмкіндік беруін өтінген, бірақ өтінішін қабылдамаған. Ақырында қылмыскер колониядан қашуға бел буған. Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдап, кейін ауылға анасына барғанын, артынша әпкесіне барған кезде ұсталғанын айтты.

Ол бұрынғы қылмысы үшін жазасының басым бөлігін өтеген, тек 4 айы қалыпты. Бірақ сот қашып кеткені үшін оны 1 жылға бас бостандығынан айырды. Қоныс колониясынан ол ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемеге ауыстырылады.
505 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 07:33:16
Гордон: “Кеосаян дейтін жартыбас Қазақстан туралы аузына келгенді айтыпты”

Украиналық журналист, қоғам қайраткері, саясаткер Дмитрий Гордон қазақстандық журналист Вадим Борейконың «Гиперборей» бағдарламасына сұхбат беріп, бірқатар сауалдар төңірегінде әңгіме құрды.

«Мен посткеңестік елдердегі барлық реакцияны бақылап отырмын. Маған Қазақстан мен қазақстандықтардың реакциясы ұнайды. Украинаны қолдап жатыр. Жақында Кеосаян дейтін жартыбас Қазақстан туралы аузына келгенді айтыпты. Бұл хайуан юморлық бағдарламада айтқан сөзін естідім. Қазақстанды Украинаның мысалымен қорқытып отыр. Маған қазақстандық қоғамның бұған берген жауабы қатты ұнады. Депутаттар, халық әртістері және блогерлер бұл бейшараны әбден шайқады. Менің қазақстандық достарым көп. Мысалы, Марғұлан Сейсамбайды айта аламын. Менің ата-әжем Алматыда болған», – деді ол.

Гордон Қазақстан туралы жылы сөздерін айтып, еліміздегі көп ұлттың ауызбіршілікте, ынтымақта тіршілік етіп жатқанын ерекше атап өтті.
502 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 11:24:27
Тоқаев "өзге тілдерді алаламай қазақ тілінің мәртебесін бекіту қажеттігін" айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында "қазақ тілін дамыту үшін шаралар қабылдау қажеттігін" атап өтіп, бірақ бұл процесс "өзге тілдер мен азаматтарды алалау мақсатында жүзеге асырылмауы тиіс" деді.

"Мен өзім Біріккен Ұлттар Ұйымында істегенмін. Мемлекетте ұлттық бірлікті қолдау қаншалықты маңызды екенін білемін. Бұл әсіресе, көп этносты, көп ұлтты мемлекеттерге қатысты. Мемлекеттік тілде керемет сөйлейтін азаматтарымызға құрметпен қараймын және оларды қолдау керек деп санаймын. Тілге қатысты дискриминацияға [жол бермеу керек]. Конституциямыз бұл мәселеге анық жауап береді: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ Конституциямызда орыс тілі де лайықты орынға ие. Сол себепті осыдан бастайық" деді Тоқаев.
541 views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:08:37
Мейіржан аузын ашса, қылмыстық іске баптар қосылады деп ескертті - Дана Есеева

"Мейіржан және мен жайлы жалған сөйлеп жүрген блогерлер мен журналистерді көрдім. Намысқа тиіп, шындыққа жанаспайтын сөздер айтуда. Бұл белгілі адамдардың тапсырысы немесе өтінішіне ұқсайды. Қазір ақпараттық соғыстың басталғанын көбісі түсінеді, бірақ оны бастаған біз емес.

Біз ұзақ уақыт бойы үндемедік, себебі Мейіржан аузын ашқан жағдайда үстінен баптар қосылатынын бізге ашық ескертті", - деп бөлісті Дана Есеева.

Айтуынша, енді органдар оның көйлек дүкені мен тұшпара шығаратын фабрикасын тексеруге тырысуда.

"Енді мен 12 жыл бойы құрған бизнесті тексермекші. Бірақ ол жерден не табады? Көйлектер мен тұшпара? Қолда бардың бәріне таза еңбекпен жеттік. Күндіз-түні жұмыс істедік.

Ал Мейіржан алданып қалса, ол сенгіштігінен. Сіздер түсіну үшін айтайын, ол қазір өзін таптағысы келетін адамдарға сеніп отыр"
, - деді Есеева.
531 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 14:19:36
Қаңтар оқиғасы: Сот "жаппай тәртіпсіздік" бойынша айыпталған үш адамға шартты жаза берді

28 сәуірде Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша күдікке ілінген үш адамға үкім оқыды. Сот ағайынды Жеткерген Жақсылық пен Жеңіс Жақсылық және Бақдәулет Мырзаевтың әрқайсысына үш жыл шартты жаза берді. Қаңтар айынан бері тергеу изоляторында отырған үш сотталушы сот залынан босатылды. Олармен туыстары жылап қауышты.
545 views11:19
Ашу / Түсініктеме