Get Mystery Box with random crypto!

1. Қытайдың Шанхай қаласындағы 'Tesla' заводына кеңею үшін жер | Азаттық таңы

1. Қытайдың Шанхай қаласындағы "Tesla" заводына кеңею үшін жер жетпей жатыр. "Tesla" Қытай үкіметінен завод салу үшін жерді 50 жылға жалға алған. Сұраныстың артуына орай заводты кеңейту үшін тағы да қосымша жер телімдерін Қытай үкіметінен арендаға алу жоспарлануда.

2. Индия үкіметі Илон Маскке "Tesla" заводын біздің елден салса әрі тек қана Индия көлік тасушы компанияларымен жұмыс істесе мемлекет тарапынан компанияға жеңілдіктер мен кең көлемді субсидиялар берілетінін хабарлады.

3. Илон Масктің "Starlink" интернет желісін бүгінгі таңда 10000 адам қолдануды бастады. Жылдың соңына дейін әлемнің 25 елі "Starlink" интернетін қолдана бастайды деп күтілуде. Біз де ертерек Илон Масктің интернетіне жалғансақ дұрыс болады. Қазақ үкіметі шеше алмаған ауылдардағы интернет мәселесін Илон Маск шешетіні анық.

P.S. "Tesla" үшін Индия мен Қытай арасында бәсеке жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Егер "Tesla" таңғажайып жағдаймен Қазақстанға келемін деген ұсыныс тастаса Қытай 50 жылға жалға берсе біз 100 жылға жерді жалға ойланбай беруіміз керек деп ойлаймын.

Ол кезде "Отаным", "Жер қазақтікі" деген біздің қызубастарды тыңдап керегі жоқ. Өтірік әңгіме көп бізде. Сондықтан "Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге жалға берілмейді, сатылмайды" деген заң жобасы дұрыс. Қазір не болашақта болсын әлемнің озық технологиясын, заводтарын тарту үшін жерді жалға беруге тура келеді. Бергің келмесе "Tesla" секілді заводтарды қазақтың өзі салуы керек. Бірақ оған бас жетпейді. Бас жетпесе басы жететіндерді жағдайын жасап еліңе шақырасың. Оны жасамасаң Орта Азия рыногына келемін дегендер сен бере алмағанды берген Өзбекстанға кетеді. Бұның басқа жолы жоқ. Реализм!

Бауыржан Серікбаев