Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 21

2022-05-12 15:23:57
"Қылмыс әлемінің авторитетіміз". Алматыда рэкеттер атыс шығарды

Алматыда рэкеттер атыс шығарды. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Банда жергілікті кәсіпкерге алым-салық салуға әрекеттенген. Бүгінде бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Дүкенді жалға алған ер адам жанжалдың ортасында қалған. Ол бір топ адам келіп, ақша талап еткенін айтты.

Оның айтуынша, рэкеттер оны қорқытып-үркітпеген. Рожков олар қандай адам екенін білу үшін досына телефон соққан. Ал ол сөйлесіп беруге уәде берген.

Андрей Рожковтың досы танысымен келген. Олар не туралы сөйлескенін дүкеннің жалға алушысы білмейді.

Кейін бопсалаушылар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Рожковты қорғауға келгендердің бірінің жақ сүйегіне оқ тиген. Ер адамға ота жасалды. Ол қазір есін жиған, бірақ сөйлей алмайды. Екіншісінің маңдай сүйегіне оқ тиіп, тесілген. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Шабуыл жасаушылардың бірі ұсталған. Қазір ол изоляторда отыр. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
48 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 11:33:23
Қазақстан мен Қырғызстан арасында «қақтығыс» бола ма?

Қырғыз депутаттарының Қазақ еліне қарсы зілді, негізсіз күстәналайтын мәлімдемелері тіксінтеді. Мысалы, Жоғорку Кеңештің кешегі, 11 мамырдағы отырысында Парламент депутаты Дастанбек Джумабеков қазақ бизнесмендерінің “шапқыншылығынан” сақтандырды. Жиында Қырғыз республикасының Ұлттық банкінің орынбасары Нұрбек Жениш Еуразиялық одақ елдеріне заңды және жеке тұлғалардың кредит тарихын өзара алмасуға жол ашатын келісімді қорғады деп хабарлайды.

Н.Жениш ең төмені Ресейде болғанын, бірақ соңғы оқиғалар салдарынан оларда несие қымбаттап жатқанын хабарлады. Депутат Қырғызстанда “РКФР” (Ресей-Қырғыз даму қоры) арзан кредит беретінін еске салды.

“Одақтың келісімі ратификацияланған соң, қазақстандықтар “РКФР”-тан қаптатып кредит ала бастамай ма?”, – деп тықақтады Джумабеков.
12 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 07:17:12
Қытайда жолаушылар отырған ұшақ өртеніп кетті

Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Xinhua.

Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті.

Бортта болған 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алайда дереккөздердің мәліметінше, 40-қа жуық адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілген. Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз.

Одан бөлек, бұл жағдайдан кейін әуежай ұшу-қону жолағын жауып тастаған, рейстер кешігіп жатыр. Ал қонуы керек болған ұшақтар Чэнду Шуанлю әуежайына жіберілген.
31 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 14:37:09 Қазақстан мен Түркия делегациясы кеңейтілген отырысынан кейінгі ресми қол қойған құжаттар:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік архивтер басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Президентінің аппараты жанындағы коммуникация басқармасы арасындағы БАҚ саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы туралы келісімге Техникалық тапсырма.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасу ісін ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы бас басқармасы арасындағы орман шаруашылығы саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түркия Республикасы Индустрия және технология министрлігі арасындағы ақпараттық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласы бойынша ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар салалары бойынша ынтымақтастық туралы хаттама.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы кинематография саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігі арасындағы жастар саясаты саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Түркия Республикасы Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы
23 views11:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 09:12:27
Қазақстандық министрдің жасын сұраған Ердоған таңғалысын жасырмады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қазақстанның 10 министрі жұмыс сапарымен Анкараға барған. Түркия Республикасының басшысы Реджеп Ердоған бір министрдің жасын естіп, таңғалған.

Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен қол алысқан Ердоған оған қызығушылық танытып, министрмен қысқаша әңгімелескен.

Кулли президенттік сарайында ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не жайлы сөйлескенін айтып берді.

“Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін білетінімді атап өтті. Бұл туралы да сөйлестік. Мен білемін, сөйлей аламын дедім. Жас көрінесің деді. Жасымды айтқанымда қатты таңғалды”, – деді Мусин .
Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.

Еске салсақ, Анкарада Түркияның Индустрия және технология министрі Мұстафа Варанкпен бірге ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
41 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 07:22:59
Тоқтар Әубәкіров Назарбаев әуежайын Талғат Бигелдиновтің атына ауыстыруды ұсынды

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға Талғат Бигелдиновтің есімін беруді ұсынды.

«Қазақтың тұңғыш ғарышкері елорда әуежайын Талғат Бигелдиновтың құрметіне атауды ұсынды. Тоқтар Әубәкіров көзілдірік киіп келгенімен, халық оны бірден таныды. Белсенді түрде суретке түсті. Жеңіс күні Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің өкілдері Кеңес Одағының екі мәрте Батыры ескерткішіне гүл шоқтарын қойды»,— деп жазды ол.
37 views04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 13:13:24
Тоқаев Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.

"Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс".

Бұған дейін қазақстандық дипломат - Қазақстанның Мысырдағы, Алжирдегі және Тунистегі елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында КСРО кезінен қалған бірқатар қала мен облыс атауларынан арылуды ұсынған болатын. Кейін жазба өшірілген.
14 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 07:14:59
Дзюдошының құлағы мүкіс емес пе? Қазақстандық спортшының "алтынына" байланысты жанжал шықты

Еркебұлан Қанафин Бразилияда Сурдлимпиада ойындарындағы дзюдо жарысында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған еді. Алайда, осыдан кейін бірден "жанжал" туындады, себебі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ деп хабарлаған.

Қанафин 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста жеңіске жетті. Ұлттық құрамаға алғашқы "алтынды" әкелді. Дегенмен, елдің спорт комитетінің түсініктемесі бұл жеңісті жоққа шығарып отыр.

Ал Қазақстан Сурдлимпиада ұлттық комитетінің ұстанымы басқаша болып тұр. Вице-президент Айжан Шокина спортшы арнайы сынақтан өтіп, жарысқа қатысуға рұқсат алғанын айтты.
33 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 15:20:36
“Назарбаевтың құқығы қарапайым адамдармен тең”: Депутат елбасы туралы заңның алынып тастайтынына қатысты пікір білдірді

Қазыбек Иса жазбасында бұған дейін елді шулатқан “Назарбаев Қазақстанның негізін салушы” деген баға конституцияға жазылмайтынына тоқталған.

“ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы” заңы да жойылады. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Еститін мемлекет” дегенінің тағы бір дәлелі осы болса керек! Жаңа Қазақ Еліне жасалған тағы бір басты қадам! Түбегейлі өзгерістің, саяси реформаның бастамасы!”, – делінген депутаттың Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

“5 мамырдағы парламент мәжілісінің жалпы отырысында осы мәселеге нүкте қойылады. Енді Назарбаев пен еліміздің кез келген адамының құқықтары бірдей! Иә, кәдімгі дамыған демократиялық елдердегідей барлық адамдардың қақы тең! Әділетті Қазақстан дегенге ел сенімі ояна бастады. Қош болыңыз, елбасы”, – деп түйіндеді Қазыбек Иса
18 views12:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 09:12:49
ҚР СІМ Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру туралы: Процесс басталды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру процесін бастады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Сол күні Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастадық. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұнайды қолданамыз", - деді Айбек Смадияров.

24 сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялаған. Онда ол қазақстандықтар "Украинаға қарағаны жөн" екенін, ал ресейлік жауапты тұлғалар "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" деп мәлімдейді.
38 views06:12
Ашу / Түсініктеме