Get Mystery Box with random crypto!

Ұзын-саны 1500 әшекей бұйым жинаған екенмін. Шынын айтсам, ешб | Азаттық таңы

Ұзын-саны 1500 әшекей бұйым жинаған екенмін. Шынын айтсам, ешбірін бағалатып көрмеппін.

Бұл сонау Сақ бабаларымыздан бері үзілмей келе жатқан ерекше өнер. Олай дейтінім, 2 мың жылда семиотикасы (белгі, ою, таңба) мен зергерлік техникасы аса өзгермеген шеберлік болса, ол осы Орта Азияда ғана бар дүние.

Осыдан 14-15 жыл бұрын болу керек, Алматының әкімі боп тұрған кезім… Ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергке ұсыныс жасадым. Ол өзі әйгілі зергер Карл Фаберженің қолынан шыққан «пасхалық жұмыртқалар» дейді ғой, осындай бұйымдардың үлкен коллекциясын сатып алған азамат.

Міне, осы коллекцияның Алматыдағы көрмесін ұйымдастырайық дедім. Бірден келісе кетті. Бірақ, көрмені басқа жерде емес, Орталық мемлекеттік музейде, оның ішінде «Сақ дәуірі» залында өткізейік деп шештік. Ондағы ойым – әлемге жарнамасы озған «Фабержені» көруге келген ел, қасында тұрған 2 мың жыл бұрын инемен иіп, аса зор кірпияздықпен түйіп жасалған Сақ алтынын салыстырсын…

Иманғали Тасмағамбетов