Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 18

2022-05-30 11:39:22
"Сахнаға ішімдік ішіп шықтым". Nurik Smit халықтан кешірім сұрады

Nurik Smit лақап атымен танымал әнші Нұрғиса Әнуарбеков Ақтөбедегі концертінде көрсеткен бейәдеп қылығы мен сөзі үшін халықтан кешірім сұрады.

Әнші сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындады.

"Менің есімім Нұрғиса. Мен қазіргі уақытта Ақтөбе тұрғындарынан және барша Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды, сіздерге сөз беремін.

Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателесіп өсеміз. Көп-көп рақмет",
- деді әнші.
32 views08:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 07:26:38
Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

"Үкімет бекіткен ең басты норма - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Бұл - өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады", - деді Қайыржан Бимолдин.

Сондай-ақ, ол әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін түсіндіріп өтті.

"Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады", - деді ол.
25 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 14:02:41
"Мойындаймын". ИК тобының әншісі сахнадағы қылығы үшін кешірім сұрады

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концерттегі әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын", - деді Азамат Маркленов.

Сонымен қатар, топ мүшесі Shiza - Асхат Жолшиев үшін де кешірім сұрады.

"Shiza туды біреуге бергісі келгені, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істеген еді. Ішімдіктің кесірінен деп ойлаймын, мойындаймын оны. Кешіріңіздер", - дейді Азамат.
32 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 07:13:01
АҚШ-та 17 вагон өзенге құлады

АҚШ-тың Пенсильвания штатында пойыз шойын жолдан шығып кетіп өзенге құлаған.

Жарақат алған бірнеше адам ауруханаға түскен. Олардың нақты саны анықталып жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, мұнай тиелген пойыз жүк көлігіне соғылып, 17 вагон Аллегейни өзеніне құлаған. Теміржол көлігінің Norfolk Southern компаниясына тиесілі екені анықталды. Қазір оқиға орнында медицина қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
32 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 14:02:31
Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді.
“Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақы төленеді. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады”, – деді Тамара Дүйсенова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Министр азаматтардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі де бар екенін еске салды.
30 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 07:20:53
"Масқара болдым". Ұлыбритания премьері отставкаға кетуден бас тартты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 2020 жылдың жазында коронавирус шектеулері кезінде кеш ұйымдастырғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Оппозициялық саясаткерлер мен оның кейбір жақтасы Борис Джонсонды Даунинг-стрит кеңсесінде COVID-19 ережелерін бұзып, алкогольдік кештер ұйымдастырғаны үшін отставкаға кетуге шақырған.

"Мен 2020 жылдың 19 маусымында ланч кезіндегі жиналыс үшін Парламенттен, бүкіл елден тағы да кешірім сұраймын, сол кезде айыппұл төлегенмін. Сонымен қатар, сол кезде болған барлық жағдай үшін толық жауапкершілікті өз мойныма алатынымды атап өткім келеді. Мен масқара болдым және сабақ алдым", - деді ол министрлер кабинетінің хатшысы Сью Грей бастаған ішкі тергеу есебін жариялағаннан кейін парламентте сөйлеген сөзінде.
40 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 11:22:44
Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын 270 метрлік құпия туннель табылды

Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы ұзындығы 270 метр жерасты туннелі анықталды Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздігі (ҰҚК).

Мәлімет бойынша, туннель 15 метр тереңдікте қазылған, кіреберістің өлшемдері 1,8 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейінгі қашықтық 40 метр.

"Жоғарыда аталған туннель табылған учаскенің иесі қазіргі уақытта Жалал-Абад облысының Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында жатқанына байланысты есі дұрыстығына сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қару-жарақ пен қылмыс объектілері тәркіленіп жатыр", - делінген ведомствоның Facebook-тегі жазбасында.
53 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 07:14:08
"Рекордтар кітабына енеді". 1032 оқушы бір уақытта төрт күй орындады

Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шықты. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек.

Бұл туралы мектептің Instagram-парақшасында жазылған. 24 мамырда елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте домбыра сабағы өтті. Оны Гиннесс рекордтар кітабына "Ең ауқымды домбыра сабағы" онлайн рекорды ретінде енгізу жоспарланып отыр.

2021-2022 оқу жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыра сабағымен аяқталады, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар туындыларды орындады.
26 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 14:55:30
Доллар бағамы тағы да айтарлықтай төмендеді

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,56 теңгеге төмендеп, 416,91 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 24 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 417,64 теңге, ал сатылымда - 422,44 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алып, 419,59 теңгеден сатып жатыр.
29 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 11:48:23 Қазақстандықтарды электршокермен ұрған: СІМ оқиғаға қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандық полицейлердің қазақстандықтарды электрошокермен ұрған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды реттеу үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желіде Өзбекстанның құқық қорғау органдары біздің азаматтарға электрошокер қолданып жатқаны туралы видео тарағанын көрдік. Өзбекстан тұрғындары бұл жағдайды қызу талқылап жатыр", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Ведомство өкілдері жағдай бақылауда екенін айтты.

"Қызметтік тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Біз тек азаматтарымызды қорғаудың бір бөлігін қадағалап отырмыз", - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Самарқандта тәртіп сақшылар Қазақстаннан келген туристерді ұстап, электрошокермен ұрған болатын. Ішкі істер министрлігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
33 views08:48
Ашу / Түсініктеме