Get Mystery Box with random crypto!

Азаттық таңы

Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы А
Telegram арнасының логотипі azattygtany — Азаттық таңы
Арна мекенжайы: @azattygtany
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 940
Арнадан сипаттама

Әр қазағым жалғызым демекші 💪
Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас
Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-06-13 07:18:27
Еркекке үйленген Әлібиден қазақ жігіттері кешірім сұратты

Күні кеше желіде трансгендер Амилай тұрмысқа шыққанын хабарлап, сүйінші сұраған болатын. Күйеужігіт қалыңдығы Амилайды үйіне ұлттық киімде алып келген еді. Дегенмен бұл жаңалықты көпшілік дұрыс қабылдамады. Жақында бір топ қазақ жігіттері Амилай мен оның күйеуін ұстап алып халықтан кешірім сұратты.

- Мені Әліби, 2001 жылы туғанмын. Ұлтым - дұңған. Барша қазақстандықтарған осы қылығым үшін кешірім сұраймын, - деді. Амилай да қазақ халқының ұлттық құндылығын қорлағаны үшін кешірім сұрады.
29 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 08:51:57
Ресей президенті Владимир Путин ақпанда басталған Украинаға жасалған шапқыншылық әрекетін “жерді қайтару” деп бағалап, өзін Ресей империясының патшасы I Петрмен салыстырды

Ресей басшысы 350 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеде жас кәсіпкерлермен кездесіп, ел алдында мәлімдеме жасады. 
“Біз өзімізді қорғап, сол үшін күресіп жатқанымыз – айдан анық дүние. Қазір I Петр 350 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмедеміз. Бұл жолы да ешнәрсе өзгерген жоқ деп айтуға болады. Бұл таңғаларлық жағдай. I Петр Солтүстіктегі соғысты 21 жыл бойы жүргізген. Ол Швециямен соғысып, оның жерін тартып алған жоқ. Керісінше, өз жерін кері қайтарды. Петербург орын тепкен жерді ел астанасы деп жариялады. Алайда бұл аумақты басқа мемлекеттер Ресейге емес, Швеция тиесілі деп қабылдады. Ал түптеп келгенде, бұл аумақта фин-угорлардан бөлек, славяндар да о бастан мекен етті. Бұл Батысқа да қатысты. I Петр Нарваға не үшін шабуыл жасады? Енді міне, біздің алдымыз да өз жерімізді қайтарып, оны нығайту міндеті тұр”, – деді Путин. 
24 views05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 07:26:15
Таразда жантүршігерлік оқиға болды

Таразда әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген. Дәрігерлер 47 жастағы ер адамның өмірі үшін бір тәулікке жуық күрескен, бірақ оны құтқара алмаған. 

Дәрігерлер қаладағы жатын аудандардың бірінде болған оқиға туралы бірінші болып білген. Пышақ жарақатын алып, қан-жоса болып жатқан ер адам жедел жәрдеммен дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Ол сол кезде ес-түссіз болған.

Полицейлер қылмыскерді тапқан. Ол 43 жастағы әйел болып шыққан. Ол бәрін мойындаған. Бірақ қылмыстың анық-қанығы әлі ашылмаған.
"Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
55 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 14:29:59
Қостанай облысының балалар ауруханасының басшылығы мердігерге жалақысын бермеді – жөндеу жұмыстары сзылып кетті
Қостанайлық облыстық балалар ауруханасындағы жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталу керек еді. Емхана басшылығы жұмысшыларға ақысын төлемей, келісімшартты біржақты тоқтатып, ремонтқа жауапты «Вершина» ЖШС-ке сотқа шағымданды. Бұның барлығы жөндеу жұмыстарын тежелуіне себепші болды.
Басшылық о бастан-ақ жұмысшыларға кедергі жасады – емхананы дер кезінде босатпады, жұмыс үшін қажет авторлық және техникалық бақылау мамандарын бермеді. Сонымен қатар жобада өрескел ақаулар байқалды, тапсырыс беруші оларды түзетуге қарсылық білдірді. Барлық бөгеттерге қарамастан, ЖШС ауруханадағы жұмысты 97%-ға бітірді, бюджеттің 1 млрд 204 млн теңге көлеміндегі бөлімі игерілді.
Емхана басшылығы 140 млн теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қойды, алайда «Вершина» ЖШС ондағы төлемді алмады. Денсаулық сақтау өкілі Рустем Айтбаевтің сөзінше, барлық жұмыс төленді, басты дәрігер болса пікір айтып жауап қайтаруға қарсы. ЖШС өк
924 views11:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 13:05:52
Сенатор әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Сенатта әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендету ұсынылды. Сенатор Дана Нұржігіт Үкімет басшысының атына тиісті депутаттық сауал жолдады. Ал егер әйел әрі қарай жұмыс істеймін десе, өз құқы, өз еркі деп қарастыруыңызды сұраймын деді. Депутаттың айтуынша, соңғы кездері Үкімет ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатыр.
927 views10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 07:08:24
Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді.

Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған.

Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусым күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді.
938 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 11:22:37
Қорғаныс министрі сарбаздар туыстарынан неге ақша сұрайтынын айтты

Үкімет отырысынан кейін журналистер Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан сарбаздар туыстарынан неге ақша сұрайтынын, жауынгерлерді дұрыс тамақтандырмай ма және ақшасын олар қалай және қайда жұмсайды? – деп сұрады.

Министр сарбаздардың ағзасы калориясы көп тағам талап ететінін айтты.

«Сарбаздардың ағзасы өсіп жатыр. 18-19 жаста көп калория керек. Тіпті, тәтті де керек. Біздің аумақта дүкендер бар. Сарбаз бірдеңе сатып алуға құқығы бар», – деді Қорғаныс министрі.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде асылып қалды деген 19 жастағы сарбаздың досы оның жіберген соңғы хабарламасын жариялады. Туыстары оның бір күн бұрын 5 мың теңге сұрағанын айтқан.
22 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 07:28:40
Референдумда қабылданған өзгерістер күшіне енді

Негізгі өзгерістер:

Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.

Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.

Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.

Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.

Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.

Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.

Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өткені хабарланған болатын.
39 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 14:31:15
“Гуд бай, Назарбаев!”. Референдум қорытындысы жарияланды

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның қорытындысын жариялады.

Сонымен, референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады.
Олардың ішінде референдумға 7 985 769 адам (68,05 проценті) қатысты.

Олар:

“Иә” нұсқасын таңдағандар – 6 163 516 адам (77,18 проценті);

“Жоқ” нұсқасын таңдағандар – 1 490 470 адам (18,66 процент).

Заң бойынша қатысқандардың жартысынан көбі референдумға шығарылған мәселені жақтап дауыс берсе, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі.

“Еліміздің Ата заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді”, – деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
11 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 07:14:29
«Қажылық созылады». Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмкін

Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке халықаралық іздеуге жариялану мүмкін. Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Жақында Б.Б.К (Бауыржан Байбек) есімді азамат халықаралық іздеуде болады деген қауесет бар. Қажылық енді ұзағырақ болады… Әйеліне де сұрақтар тізімі бар дейді. Бірақ ол ресми түрде декреттік демалыста» делінген хабарламада.
33 views04:14
Ашу / Түсініктеме