Get Mystery Box with random crypto!

'Тапсырма-заказ' деген мысалымды көрдің ғой. Бұл 'бір сөз — б | Жергілікті аудармерия

"Тапсырма-заказ" деген мысалымды көрдің ғой.
Бұл "бір сөз — бір ұғым" деген қате пайымның құрбаны болған мыңдаған сөздердің бірі.

Аудармашы әріптестерімді де, тіл саласына бас жіпсіз кірген байғұстарды да абдыратып, сөздік ақтартып, кеңірдек жұлысып, сөздікті жек көріп кетуіне итермелейтін феномен бар. Ол - көпмағыналылық.

Егер бір сөздің бірнеше мағынасы болатынын ескермесең, көз алдыңда тұрған баламаны қолданудың орнына, "бірақ ол сөзді біз басқа сөзді аударуға қолданып қойдық қой!" деп өмірден баз кешіп өтесің. Өз тіліңді жек көріп кетесің.
Долбоеб болма, ондай феномен барлық тілде кездеседі.
Басқа тілге кешіргеніңді ана тіліңе кешірмей не көрінді?