Get Mystery Box with random crypto!

Заглушка / бітеме - деген термин сөздің аудармасы жайлы. Зауы | Жергілікті аудармерия

Заглушка / бітеме - деген термин сөздің аудармасы жайлы.
Зауытта "бітеуіш" деген балама қалыптасқан.
Бірақ зауыттан алыс аудармашылар "бітеме", "бекітпе" деуін қоймайды.
Бекітпе - көрінеу қате аударма. Заглушка ештеңені бекітпейді.
Бекіту құлыптау, мықтап қадау, орнықтыруды білдіреді, яғни фиксация, крепеж, крепление ұғымдарына жақын.

"Бітеме" - ге келсек, көбіне "ме-ма", "пе, па", "бе, - ба" жұрнағымен етістіктен жасалған заттар әдетте етістікке ырықсыз/пассив қатынастағы сөз тудырады.

-Уіш, -гіш, -гі -кі, -қыш, -ғыш дегендер етістіктен ырықты/ актив зат есім тудырады

Салыстыр:

Сүзбе - сүзілген зат

Сүзгіш/сүзгі - сүзетін зат

Орама - Оралған зат

Орағыш - ораушы элемент

Тартпа - тартылатын зат

Тартқыш - тартушы агент

Бұлжымас заң емес, бірақ, бүрме, көрме, салма, жапсырма, тапсырма, көмбе, қойма, құйма, қазба дегендердің мысалында бүргіш, көргіш, салғыш, көмгіш, жапсырғыш, тапсырғыш т.б. байқауға болады айырмашылықты.

Яғни "ма/ме" әрекет құралынан гөрі, әрекет нәтижесін немесе әрекет әсеріне ұшыраған нәрсені білдіреді.

Глушкаларға келсек, оларды ырықты бітеу құралы ретінде қарастырған жөн деп ойлаймын. Ал бітеме деп бітелу нәтижесін, яғни "засор", "пробка" т.б. ретінде қолдануды ұсынам.