Get Mystery Box with random crypto!

Ответный фланец - counter flange/mating flange терминін қазақ | Жергілікті аудармерия

Ответный фланец
- counter flange/mating flange терминін қазақшаға аударамыз.

Фланец - "ернемек" немесе жарыспалы синоним ретінде "фланец" деп қалдыруға болады.
Орысшадан аударып - "қарсы ернемек" немесе "қарама-қарсы ернемек" деп аударатындар бар.
Қылмыс емес, бірақ "қарсы, қарама қарсы" сөздері фланец сипатынан гөрі, оның орналасуына ден қояды.
Бұдан дәлірек балама бар ма?
Бар: "Сыңар фланец".
Бір-біріне қабыса жалғанатын қос фланецтің біреуін "сыңар" деуге бола ма? Әлбетте. Салыстыр:
- Мына ернемектің қарсы ернемегі қайда?
- Мына ернемектің сыңары қайда?
Қазақ қосарланып келетін нәрсенің біреуін әрдайым "сыңары" дейді. Егіздің сыңары.

Найти свою половинку - Сыңарын табу.
Яғни сай келетін теңін табу.