Get Mystery Box with random crypto!

Астанада емханалар қалада тұрмайтын, тіпті қайтыс болған адамд | Atameken Business - Жаңалықтар

Астанада емханалар қалада тұрмайтын, тіпті қайтыс болған адамдарды тіркеп қойған. Мұндай заңсыздықты прокурорлар, Сарыарқа ауданына қарасты денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында анықтады. Бұдан бөлек, азаматтардың жасы бойынша міндетті скринингтен өтпегені және балалардың профилактикалық тексеруден өтпегені де белгілі болды. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар пациенттерге, дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізбеген. Қалалық прокуратура таратқан ақпаратта, «тексеру нәтижесінде 12 жарым мың азаматтың құқы қорғалды»-делінген. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

http://t.me/atamekenbusiness_qaz