Get Mystery Box with random crypto!

2025 жылға дейін Қазақстандағы барлық қала мен елдімекен ауыз | Atameken Business - Жаңалықтар

2025 жылға дейін Қазақстандағы барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтылады

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылға дейін барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте 1395 елдімекенде модульдің кешенді блогы қарастырылып жатыр. Бұл – халық саны 200 адамнан аз елдімекендер. Тұрғындар саны одан көп елдімекендер орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтылады. Бұл 432 бірлік",  - деді ведомство өкілі.

Бұдан бөлек оның айтуынша, суды үнемдеу және оны есепке алу мақсатында есепке алу құрылғыларын міндетті түрде орнату мәселесі де қарастырылып жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz