Get Mystery Box with random crypto!

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын Армени | Atameken Business - Жаңалықтар

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын

Армения, Ресей, Қырғызстан, Белорусиядан әкелген көлікті заңдастырмаған азаматтар үшін маңызды ақпарат. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден сатып алған темір тұлпарларды Қазақстанға тіркеу үшін мемлекет берген мерзім 9 күннен кейін аяқталады.

Осы уақыт аралығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полицияның арнайы орталықтары күшейтілген түрде жұмыс істемек.

Атап айтқанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 9.00-ден 20.30-ға дейін құжат қабылдаса, сенбіде 19.30-ға дейін көлікті заңдастыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы темір тұлпарыңыз 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге кіргізілсе болғаны.

t.me/atamekenbusiness_qaz