Get Mystery Box with random crypto!

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізд | Atameken Business - Жаңалықтар

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды;

Үкімет пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескеру жөнінде тапсырма берілді;

Мемлекет басшысы «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты;

Президент жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмегенін келесі өзекті мәселе ретінде атап өтті. Кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берілді;

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

t.me/atamekenbusiness_qaz