Get Mystery Box with random crypto!

Олимпиада күні Қазақстанда қалай тойланып жатыр? Бүгін бүкіл | Atameken Business - Жаңалықтар

Олимпиада күні Қазақстанда қалай тойланып жатыр?

Бүгін бүкіл Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күніне орай түрлі спорт шаралары өткізіліп жатыр. Астанада мерекелік фестиваль ұйымдастырылып, оған он шақты спорт мектебінің оқушылары қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Ежелгі Грекиядан бастау алған Олимпиада ойындары – күллі әлемнің спортшылары бақ сынайтын дүбірлі дода. Төрт жылда бір өтетін айтулы шара жаһандық олимпиада қозғалысына айналғалы қашан?! 1948 жылдан бастап 23 маусым осы қозғалыстың басты күні – Халықаралық Олимпиада күні ретінде аталып өтіле бастады. Әлемнің 150-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері жыл сайын ұйымдастыратын шараға жер шарының түкпір-түкпірінен 3,5 млн жуық адам қатысады. Біздің ел де тәуелсіздік алғалы бері спорт күнін 30 жыл қатарынан тойлап келеді. 

Олимпиада күні эстафетасын Қазақстанның барлық өңірлері қабылдап, түрлі шаралар ұйымдастырды.

t.me/atamekenbusiness_qaz