Get Mystery Box with random crypto!

Биыл бастауыш сынып оқушылары толық тамақпен қамтамасыз етілед | Atameken Business - Жаңалықтар

Биыл бастауыш сынып оқушылары толық тамақпен қамтамасыз етіледі

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Ғани Бейсембаев биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz