Get Mystery Box with random crypto!

Гидроцеле (водянка яичка) жаңа туған сәбилерде жиі кездесетін | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Гидроцеле (водянка яичка) жаңа туған сәбилерде жиі кездесетін ақаудың бір түрі. Бұл ұманың қуысында сұйықтық жиналуы.
Сәбидің ананың құрсағында дамуы кезінде аталық бездер ұрықтың іш қуысынан түтік арқылы ұмаға түседі. Осы түтік жабылмаса, гидроцеле пайда болады. Ол арқылы сұйықтық іш қуысынан ұмаға ағады. Бұл оның ісінуіне апарады. Көбінесе, гидроцеле туғаннан кейін бірнеше айдан кейін өтеді. Кейде ауру шаптың жарығымен қоса пайда болуы мүмкін. Негізгі симптомы – аталық бездердің ауырсынбай ісінуі, олар сулы шар секілді көрінеді. Гидроцеле біржақты немесе екіжақты да болады. Медициналық тексеру жүргізгенде, ісінген, бірақ, басқанда ауырмайтын ұманы байқаймыз. Көпшілік жағдайда сұйықтық жиналуына байланысты аталық безді басып байқауға мүмкіндік болмайды. Ұманың сұйықтыққа толы өлшемі ішті немесе ұманы басқанда үлкейіп, азаюы мүмкін. Егер осы кезде ұманың өлшемі өзгеретін болса, бұл шаптың жарығы болуы мүмкін. Гидроцелені ісінге аумаққа фонарьдың жарығын түсіріп жеңіл анықтауға болады ( диафаноскопия). Егер ұма мөлдір сұйықтыққа толы болса, ол жарықты өткізеді. Аурудың диагнозын нақтылау үшін УДЗ (УЗИ) жасау қажет. Міндетті түрде уролог дәрігердің бақылауында болу керек.