Get Mystery Box with random crypto!

Балаңыздың сарғыштығы қай күні пайда болды? Қанша күнге | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Балаңыздың сарғыштығы қай күні пайда болды?

Қанша күнге созылды? Сарғаю дұрыс па?
Бұл процесс қалай жүреді алдымен соған тоқталайық.
Нәрестелердің сарғыштануы – қанда билирубин деңгейінің көтерілуімен жүретін жағдай. Билирубин— гемоглобиннің ыдырауы нәтижесінде түзілетін қызыл-сары пигмент.Қанда билирубиннің жоғары деңгейі кезінде тері және шырышты қабаттар сары түске боялады. Осы жағдайды сарғыштану деп атайды. Нәрестелердің сарғыштануы әдетте физиологиялық процесс. Бауыр толығымен дамымағандықтан пайда болатын қалыпты жағдай. Бұл сарғыштану түрі бірнеше күн ғана жүреді. Сарғыштануы бар нәресте дәрігердің қарауында, қандағы билирубин деңгейі қалыпты деңгейге түскенге дейін болады. Нәресте анасының құрсағында өскенде, плацента нәресте организмінен билирубинды шығарып отырады. Плацента жүктілік кезінде нәрестемен бірге өсіп, нәрестені қорғайды. Нәресте туылғаннан кейін бұл функцияны бауыр орындайды. Бауыр бірден фетальды гемоглобин(балалар эритроцитінде болатын ерекше гемоглобин) ыдырағанда, онымен байланысып шығып кететін белок мөлшерін аз синтездейді. Бұл процесске бірнеше уақыт қажет болады. Бұл жағдай қауіпті емес және 2-4 күні пайда болады. Симптомдар 2 апта ішінде жоқ болып, асқынулар бермейді.