Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 25

2021-11-23 18:15:02 Ұшық

Сөздің шыны керек, бала кезден ұшықтан (герпес) зардап шегемін. Тіпті апам айтып отырушы еді: " Қайдам, кез-келген нәрсені ұната бермейсің, анау таза емес екен деп келесің, ұшық шықпағанда қайтсін"- деп.
Содан бала кезде ұшық-ұшық боп жүретінмін. Күн суытып кетсе де, ауырып қалсам да, артынан іле-шала герпес шығып тұратын

Сонымен, герпес деген не?
Ол қарапайым герпес вирусымен шақырылатын, ерінде, мұрын қанатында, ерін маңайында пайда болатын, кішкентай көпіршіктер. 1 тип осы қарапайым герпес, ал 2 тип жыныс жолдарының герпесі.

Герпес қалай көрінеді?
Егер бірінші рет көрініс тауып жатса, ол әсіресе бала кезде болады, онда:
1. Ерінде, ауыз қуысында, мұрын қанаттарында ұсақ, ауырсынатын көпіршіктер пайда болады, кейіннен қабыршақтанады.
2. Әлсіздік, дененің сынып ауырсынуы, қызба.
3. Мойын аймағының ісінуі.

Ары қарай, вирус біздің организмге толықтай көшіп келіп, жұлында тұрақтайды. Сосын, әр тұмауратқаннан кейін, әртүрлі инфекциялық аурулардан соң өзінің бар екенін еске салып тұрады.

Қалай емдейміз?
Негізі емдемесе де болады. Өзі қабыршықтанып кетіп қалады.
Немесе вирусқа қарсы ацикловирді жергілікті қолданса болады. Бірақ, ол аурудың ұзақтығын 1-2 күнге ғана қысқартады. Кейде, иммунитеті төмен адамдарда, герпес шығу жиілігін азайтады.
Қалай сақтанамыз?
Қолмен ұшықты ұстай беруге болмайды Мазьді қолмен жағуға болмайды (мақта қолданыңыз); жанасу жолы ( сүйген кезде) жұғатынын естен шығармаған жөн:)

Ауырмаңыздар!
342 views15:15
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 15:38:50 Имбирь пайдалы ма?

Ең алдымен, имбирь құранда кездесетін өсімдік. Құрамында С, В1, В2 және А витаминдері, кальций, калий, магний, цинк, сонымен қатар алмастырылмайтын аминқышқылдары кездесетін өсімдік.

ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ ?

Есте сақтау қабілетін жақсартады. Көз алдындағы бұлыңғырланудың алдын алады.
Тамақтың жеңіл әрі тез сіңуін қамтамасыз етеді. Ас қорытуды жеделдетіп, іш өтудің алдын алады.
Сергектік сыйлайды. Таңертең имбирь шайын шығарып, жалбыз бен лимон қосып ішетін болса, кофеден артық сергектік береді.
Токсиндерді организмнен шығарады. ( организмде токсин көьейіп кеткеннің белгісі ретінде: асқазанда ауырлық, ауыздан жағымсыз иіс шығу, шаршағыштық, тітіргенгіштік, терінің солып, шаршап тұруы)
Эмоциональдық тұрақтылық. Шаршағыштықты, апатияны болдырмайды.
Иммунитетті күшейтіп, менструациялық спазм мен бас ауруының алдын алады.
Суық тиюде, тамақ қабынуында имбирь шайы таптырмас ем.
Мидың оттегімен қамтамасыз етуін жақсартады.
Онкологиялық аурулардың алдын алады.
Холестеринді төмендетеді. Тамақтан соң имбирді шайнау арқылы, ауыздағы жағымсыз иістен және зиянды бактериялардан арылуға болады.

Қарсы көрсеткіш:

жүктілік
асқазан жарасы;
Гепатиттер;
Өт жолындағы тастар;
Жоғары температура кезінде;
Қан қысымы жоғары адамдарға;

Имбирді қолданып көрдіңіз бе? Басқа қандай пайдасын білесіздер, бөлісе отырыңыздар...
Пайдасы өте көп, егер қарсы көрсеткіштерін сақтап, күнделікті тамақтануға кіргізсек, біраз аурудың алдын алатынымыз сөзсіз.
522 views12:38
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 16:58:08
Тмин деген не?

Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» деп аталып кеткен қара зере – ерекше емдік қасиетіне ие, латын тілінде «Nigella sativa» деп аталады.
Хадистердің бірінде қара зеренің бойы тұнып тұрған ем екендігі былай білдірілген:
«Қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари, Тыбб, 7; Мүслим, Сәлам, 88). Осы xадистен-ақ, қара зеренің маңыздылығын байқауға болады. Оның 3 морфологиялық түрін ажыратады.

кең тараған қара зере (nigella sativa) оның бойы 60 см дейін жетеді, ал тұқымынан xош иіс шығып тұрады.
дамаскалық қара зере (nigella damascene) ол бірінші түріне ұқсас болып келеді, тек гүлдері үлкен және көк түсті.
шығыстық қара зере (nigella orientalis) бұл ергежейлі қара зере, бойы 40 см дейін, гүлдері сары-жасыл түсті.
Әлемде қара зеренің 30дан аса түрі кездеседі.

Тминнің құрамында не бар?
Құрамында пайдалы элементтері өте көп: фосфат, темір, кальций, фосфор, карбогидрат және май. Сонымен қоса, Е және В витаминдері кездеседі. Құрамында бактерияларға, микробтарға, зиянды элементтерге қарсы антибиотиктер анықталғанын, медицина дәлелдеп отыр. Обыр( рак) ауруының дамуына кедергі келтіретін каротин бар. Жыныстық жүйені активтендіретін жыныс гормондары, өттің түзілуіне көмектесетін элементтер де бар. Асқазан аурулары кезіндегі қышқылдықты төмендететін, тыныштандыратын заттар де кездеседі. Май қышқылдары да анықталады.

Тмин бізге қалай көмектеседі?

Энергия көзі. Қара зере адамның табиғи температурасын сақтап тұратыны дәлелденген.

Жаңа туылған нәрестелерге қоректік зат. Лактация ( емізу) кезінде қолдану, ананың сүтін құнарлы етіп, ана иммунитетін де көтереді.

Иммунитетті көтереді. Зерттеулердің нәтижесінде, қара зере иммундық жүйені стимулдайтыны анықталған.

Терінің әсемдігін сақтайды. Ежелгі Египет xаншаймы Неферити, қара зере майын терісінің ылғалдылығы мен әсемдегін жақсарту үшін қолданған деседі.

Тыныс ауруларына ем. Ғылыми жаңалықтар организациясы Аxмад ал-Кадидың зерттеулерін ұсынған. Онда, қара зеренің бронxиалды жолдарды ашатынын, микробтарды жоятын қабілетін анықтаған.
122 views13:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-20 16:49:41 Бүйрегіңіз мазалайды ма?

Барлығымызға белгілі, ішкен сұйықтықты организмнен шығарып тастауға жауапты - үрмебұршақ пішінді бүйрек. Ал осы салмағы 120-200г болатын, кішкентай дүние қаншалықты маңызды қызмет атқаратыны жайлы ойланып көрдіңіз бе?

БҮЙРЕК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?
Көз алдыларыңызға қолында сыпыртқы мен қалағы бар тазалаушыны елестетіңіздер. Бүйректе дәл солай, органимзге керек емес токсиндерді зәр түрінде организмнен шығарып тастаумен айналысады. Ал, бүйрек өз қызметін атқармаса, токсиндер қоқыс ретінде қан мен организмде жиналып қалады. Тұрып қалған қоқыстың қалай бұзылатыны сияқты, керек емес токсиндер бізге ауру болып жабысады.

Біздің қан плазмамыз күнделікті фильтрдан өтіп тұру керек. Яғни, артерия арқылы, ұсақтала- ұсақтала бүйрек фильтрына тап болады. Ол - шумақша деп аталады Ал, оның қызметтік бірлігі нефроон болып табылады. Қарапайым фильтрдың қалай жұмыс жасайтынын есімізге түсірейік;) Қанмен келген біздің қызыл түйіршіктеріміз, ақ түйіршіктеріміз, нәруыз фильтрдан өте алмайды. Себебі, олардың тесіктеріне сыймайды. Сөйтіп, не керек осы жерде құрамында минералдар бар, аз көлемді суы бар 180 литр біріншілікті зәр бөлінеді. Әрине, бұл тәулігіне:) Енді, бұны нефрон бөліп берсе, нефронның жалғасы болып жатқан түтікшелер ойланады. Мынаның ішінде организмге не керек? Соларды организмге қайтарып беру керекпіз деп шешеді. Реабсорбция, яғни қайта сіңірілу процесі жүзеге асады. Олар іріктеп алып, керек минералдарды организмге қайта жолдайды:) Енді, организмге керек емес нәрселер ше? Оларды улы деп танып зәр түрінде шығарып тастайды Бүйректің бізде бақандай екеу болғаны қандай жақсы:)

Бүйрек қызметі бұзылса жиі қандай аурулар пайда болады? Пиелонефрит Гломерулонефрит Цистит Зәр-тас ауруы Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Осы аурулар жайлы білгілеріңіз келе ма?
Бүйрек күтімі жайлы қызық па?
Сізді бүйрегіңіз мазалай ма?
446 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-19 18:43:42 Бала кіндігі қашан түсу керек?

Кіндікті кескен соң сыртқа шығып тұрған бөлігі бірнеше күнде қарайып қыстырғышымен бірге өздігінен түсіп қалады. Орнында барлық адамдардың кіндіктері секілді кәдімгі кіндік қалады. Бірақ бұл бірнеше күнді емес, 10-15 күнді қажет етеді.

Кіндіктің өсіндісі түскенде ақауы жоқ кіндік аздап үлкендеу болады, кейіннен барып қалпына түседі.

Қарайған кіндік өсіндісі өздігінен түскеннен кейін кіндік жарасы пайда болады. Ол жара жақсы күтімді қажет етеді.

Алғашқы 6 айға дейін сәбидің кіндігі ішінен аздап жоғары шығып тұрады. Бұл қалыпты жағдай. Ал егер сәби жылаған кезде кіндігі шығып кететін болса, ол кіндік жарығының (грыжа) бар екендігін білдіреді.

Сіздің сәбиде грыжа болды ма?

Кіндікке жасалатын күтіммен бөлісейін.

Кіндігіндегі өскінді түскенге дейін де кейін де кіндікке күн сайын бақылау жасап тұру қажет.

Кіндік түспегенше баланы суға шомылдыруға болмайды деу қате. Себебі бала кіндігі 2 апта түспей жүруі мүмкін. Сондықтан суға шомылдырып баланың кіндігін жақсылап құрғатып сутегі асқын тотығымен сүртіп тазалауға болады.

Кіндіктің өсіндісі ерте түсіп, ерте жазылуы үшін оған таза ауа қажет. Мүмкін болғанынша кіндікке ауа баратындай жағдай жасаңыз.

Сәбиіңізде грыжа болса оны қалай емдеттіңіз осында бөлісіңіз, басқа аналарғада пайдалы болсын
285 views15:43
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 18:24:12 Жаңа босанған ана мен баланың күтімі...

Жас босанған ана үшін ең маңызды паникаға берілмеу. Паника неден туады? Әрине білместіктен.

Жаңа босанған әйелге ең бірінші күтім керек. Босану әйелдің ағзасына үлкен күш түсіреді. Босанғаннан кейін әйел ағзасының тыңайып, күш-қуатының қалпына келуіне 6 айдан 2-3 жылға дейін уақыт керек.

Жаңа босанған ана:

Омырауын суық тиюден сақтауы керек;
Ауыр көтермегені абзал;
8 сағат ұйықтап, ұйқысына көңіл бөлгені жөн. Бірақ жаңа туылған сәби мазасыз болғандықтан ананың ұйқысы бұзылады. Сол себепті де жақындарыңыздан, не жолдасыңыздан көмек сұрауға қысылмаңыз.

Одан бөлек құнарлы тағамдарды жеу. Әсіресе ет өнімін қой, жылқы етін.

Балаңызды дұрыс емізуге көңіл бөлу. Әйтпесе баланың іші жиі ауырады. Дұрыс емізбеу омыраудың жарылып, жарақаттануына алып келеді. Сол себепті мен жазған кеңесетерге аса мән бергененіңіз жөн

Сәбиге ең қажеті, асты таза болғаны, қарны тоқ және анасының жылы алақаны.

Алғаш босанғанда сізде қандай паника болды? Алғаш ана болғандағы қызықты сәттеріңізбен бөлісіңіз, бір күліп алайық
448 views15:24
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 18:33:05 Баланың еңбегі туарлы не бiлемiз?

Бөпенің бүлкілдеген еңбегіне мән берген дұрыс. Себебі кейбір жағдайда баланың еңбегі оның денсаулығынан хабар беруі мүмкін.
Нәресте дүниеге келгенде оның басында екі еңбегі болады. Үлкен және кіші. Үлкен еңбек – маңдайдан сәл жоғары орналасқан, бүлкілдеп тұратын еңбек, ал кіші еңбек қарқұс немес шүйде аймағында болады. Ол көбінесе шала туған нәрестелерде кездеседі,  уақыты жетіп туған балаларда болмауы да мүмкін.
Негізiнде баланың еңбегі қалыпты жағдайда бір жасқа дейін қатып бітеді. Бірақ еңбектің қату уақыты да әр балада әр түрлі болып келеді. Себебі организiмiндегi кальцийге байланысты. Егер сіздің сәбиіңіздің еңбегі танысыңыздың баласының еңбегінен кештеу қатып жатса, бұған бола алаңдамаңыз. Егер  күдіксеңiз дәрігердің кеңесіне мән берген жөн.
Сондықтанда өз балаңызды басқалармен салыстырудың қажет жоқ. Әр бала жеке тұлға.
1.0K views15:33
Ашу / Түсініктеме
2021-11-16 18:55:36 СОСКА БАЛАҒА ЗИЯНБА,ӘЛДЕ...

Көп аналар сосканы ұзақ қолдануға бола ма, әлде зины тие ме деп жиі сұрақ қойып жатады. Сосканы уақытында дұрыс қолдансаңыз зияны болмайды.

Сонымен қай кезде қолдана бастаған дұрыс. Дені сау болып туылған сәбилерде сору рефлексі өте жақсы дамыған. Сондықтанда ұзақ сағаттар бойы омыраудан ажырамай жата беруі әбден мүмкін. Ал сол кезде жас аналар балам тоймай жатыр деп ойлайды. Ал шындығында бала әйтеуір бір нәрсені сорғысы келіп жатады. Ал дәл осы сәтте сосканы қолдансаңыз көмегін тигізеді.

Сосканы бала еме отырып тынышталады, кейде іші ауырған кезде көмегін тигізіп жатады.

Ал балаға сосканы қай уақыттан бастап беру керек?
Бала дүниеге келгеннен кейін 3-4 аптадан бастаған жөн. Бірақ лактация тұрақталғаннан кейін бастаған өте маңызды. Себебі омырау мен сосканы емерде шатасады. Содан бала омырау ұшын жарақаттауы мүмкін, кейде бас тартып ембей қоюы әбден мүмкін.

Сосканы күнде тұрақты түрде қолдану балаға зиянын тигізері анық. Баланың сөз айтуы, сөйлеуі кідіруі мүмкін. Ал 1 жастан кейін тіл бұлшық етінің тонусына, жаққа, кейбір әріптерді айтуына кері әсерін тигізеді.

Бала 8-9 айға толғаннан кейін сору рефлексі ақырындап шайнауға ауысады. Осы уақытта балаға тек езбе ғана бермеңіз, майдақ ұсақтап бөлшек ретінде беруге болады.

Ал сіздің балаңыз қай жасынан бастап соскадан бас тартты? Қалай үйреттіңіз?
463 views15:55
Ашу / Түсініктеме
2021-11-15 17:55:16 Егерде емізулі ана тұмауратып ауырса, емізуді жалғастыру керек пе?

Алғаш ЖРВИ белгілері байқала бастағаннан соң мүмкіндігінше балаға жұғып кетпес үшін, шаралар қолдану қажет. Түшкіріп, жөтелген кезде вирус ауа-тамшылы жол арқылы тез тарайды.

ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ?
Баланың ұйқысы кезінде уақытша анасы бөлек жатқаны дұрыс.
Баланың күтімі және емізетін кезде 1 реттік масканы қолдану. Масканы 2-3 сағ сайын ауыстыруды ұмытпаймыз.
Бөлмені жиі желдетіп тұру. Себебі вирус ұшпалы, желдеткен кезде бөлмеден шығып кетеді.

Сол аурыған сәттен бастап ана ағзасында сол қоздырған инфекцияға қарсы антидене түзіледі. Білесіз бе сол антиденелер балаға ана сүті арқылы барып, қорғаныш қызметін атқарады. Сондықтанда баланы емізген өте дұрыс.

Емінде ең бастысы балаға зияны тимейтіндей, яғни емізулі ана екені ескерілуі қажет.

Ал сізде осындай жағдай болды ма?
565 views14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-11-14 18:12:24 ЖҮКТІЛІКТІҢ СОҢҒЫ АЙЛАРЫНДА БОЛАТЫН ІСІНУ СІЗДІ МАЗАЛАП ЖҮР МЕ?

Жалпы жүктіліктің 3 триместрінде тіндерге сұйықтық жиналып ісіну тудырады. Ісінулер аяқта, қолда және бетте байқалып жатады.

Сонда ісіну неден пайда болады өзі?
Біріншіден бүйрек үсті безінің гормондары жоғары мөлшерде өндіріле бастайды. Ол альдесторон мен кортизол гормондары. Олар өз кезегінде ағзада сұйықтықты ұстайды.

Сонымен қатар жатырдың ұлғаюына байланысты венадағы қан төменнен жоғары қарай өтуіне кедергі туындауы мүмкін. Олда аяқтағы ісінуге әкеледі.

Жүкті әйел бүйірімен жатып дем алғаннан кейін ісінулер кетеді. Сондай-ақ жалпы қан мен зәр анализінде патологиялық өзгерістер болмайды.
Жоғарыда айтылғандар физиологиялық ісіну болып табылады.

Физиологиялық ісіну бала мен анаға қауіп төндірмейді.

Басқада аурулар кезінде ісінулер болатынын білесіз бе?
Егер қызық болса +++ қоя кетіңіз. Алдағы уақытта сіздермен бөлісемін.
337 views15:12
Ашу / Түсініктеме