Get Mystery Box with random crypto!

Әлем жаңалықтарына шолу: Путин ІТ-гиганттарды Ресейде фили | Новости ПК

Әлем жаңалықтарына шолу:

Путин ІТ-гиганттарды Ресейде филиалын ашуға міндеттейтін заңға қол қойды. Құжат 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Енді Facebook, Instagram, TikTok, Twitter, WhatsApp, Telegram, Aliexpress, Wikipedia сияқты алпауыттар Ресейде кеңселерін ашуы керек. Бұл талаптан бас тартқан жағдайда олардың жарнама жасауына, ресейліктерден ақша алуына, қолданушылардың жеке деректерін алуына тыйым салынады. Тіпті толықтай жұмысы бұғатталуы мүмкін.

АҚШ-та аптап ыстықтан кемі 63 адам қайтыс болды. Орегон штатындағы температура 46,7 градусқа жеткен. Үш күннен бері ыстықтың беті қайтпай тұр. Халық желдеткіштердің көмегімен жан сауғалап жүр. Осыған байланысты электр тұтыну көлемі еселеп өскен. Көптеген қоғамдық орындар мен мейрамханалар жабылған. Себебі ғимарат ішінде ауа жоқ.

Ертеңге дейін