Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда ота жасаған соң пациенті қайтыс болған пластикалық хи | Новости ПК

Алматыда ота жасаған соң пациенті қайтыс болған пластикалық хирург сотталды

Дмитрий Писаревті сот "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша кінәлі деп тапқан.

«Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп тауып, мерзімнің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ешқайда шықпау туралы қолхат жойылсын» - деп мәлімдеді сот.

Ол енді қайтыс болған Лаура Ізбасарованың отбасына 8 миллион теңге өтемақы төлеуі қажет.