Get Mystery Box with random crypto!

Экономика және қаржы жаңалықтары: Capital Bank Kazakhstan с | Новости ПК

Экономика және қаржы жаңалықтары:

Capital Bank Kazakhstan салымшыларына 518,7 млн теңге төленді. Банк салымшыларына кепілді төлемдерді қайтару процесі 2021 жылдың 3 шілдесінде басталған. Бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жалпы міндеттемелерінің 30,8%-ын құрайды. Кепілді төлемдер бір жыл бойы, яғни 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін қайтарылады.

Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы анықталды. Finiko компаниясына қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш компания әлеуметтік желілерде өз қызметін қарқынды жарнамалап, инвестициялық қызметтен көп табыс табуды ұсынған.

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 4,2 млрд теңгені басқарушы компанияларға аударған. Оның ішінде 1,8 млрд теңге Jusan Invest-ке, 1,1 млрд теңге Halyk Global Markets-ке, 0,8 млрд теңге BCC Invest-ке, 0,4 млрд теңге «Сентрас Секьюритизке» аударылған. 1,5 трлн теңге тұрғын үй-жайларды жөндеуге, 18,4 млрд теңге емдік процедураларға аударылған.

t.me/aibat_news