Get Mystery Box with random crypto!

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі кезде жекелеген учаскеле | КТК жаңалықтары

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі кезде жекелеген учаскелерде ағаш діңгектерін сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр

Риддерде төтенше жағдай енгізуге шешім қабылданды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

 «Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», - деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді.