Get Mystery Box with random crypto!

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы ж | КТК жаңалықтары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адам болды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 100 мың теңгені құрады", - деді ведомствода.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 620,1 млрд теңге бағытталды.

"2021 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 млрд теңге бөлінді", - деп толықтырды ведомствода.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.