Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысында үш жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап | КТК жаңалықтары

Алматы облысында үш жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Оқыс жағдай сол бағытта кетіп бара жатқан басқа көліктің бақылау камерасына түсіп қалған.

Көк түсті темір тұлпар жол ортасынан солға бұрылған сәтте кенеттен алдыңғы есігі ашылып, көлік ішіндегі қыз жерге құлайды. Балақай ешнәрсені аңғармай, саспай орнынан тұрды.

Көлікті тізгіндеген анасы екен. Жанұшыра жүгіріп келіп көтеріп алып кетті.