Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2023-05-23 12:00:05
Ұшқан ұя - Бауыржан Момышұлы

1974 жылы жарық көрген бұл повесть - батыр, жазушы атамыз Бауыржан Момышұлының өмірі туралы. Бала көзімен көрген қазақтың тұрмыс-тіршілігі, әже қолында өскен Бауыржан атамыздың тәрбиесі жайлы жазылған.

Кітап оқуға жеңіл, әрі қызық. Балаларыңыз кітап оқымайтын болса, алдап оқыту керек. Осы кітапты балаңызбен бірге оқып, талқылаңыз. Балаңыздың пікірін сұраңыз, бала өзінің ойы ата-анасына маңызды екенін түсінуі керек. Сол кезде кітап оқуға деген махаббаты оянады.
3.0K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 12:03:39
Мозг и деньги - Джейсон Цвейг

Адамдар күнде қаржылық шешімдер қабылдайды. Ипотекаға үй алады, кредитке машина алады, инвестиция жасайды, бизнес ашады. Оның бәрі - пайда түсуі үшін жасалады. Ондай адамдар ақшаны басқарады, бірақ оны сақтап, көбейтіп қалуы екі талай.

Кітапты оқуға кеңес беремін. Кітапта эксперименттің қорытындыраы бар.
1.2K views09:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 09:00:19 ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП “ҚАЛАЙ ДҰРЫС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРМЕН ЖҮРУ КЕРЕК?” ДЕП АТАЛАДЫ.

1. Өзіңізге маңызды қаржылық жоспарды таңдаңыз.

Мысалы, зейнетке ақша жинау. Бірақ, қазір сіз жас болсаңыз, зейнетке 20-30 жыл бар болса, онда отбасыңызға пәтер немесе машина алған дұрыс. Пәтер балаңызға мұра болып қалады, әрі отбасылы адам үшін ең бірінші мақсат - үй болу керек. Үйді ипотекаға алған жағдайда оны төлеп жатып, аз суммадан болса да зейнетке жинауды тоқтатпау керек.

Сіз “неден бас тартуға болады?”, “неге көбірек ақша жинау керек?”, “ең бірінші не сатып алу керек?” деген сұрақтардың жауабын білетін боласыз.

2. ”Қаржылық жастық” жасап қойыңыз.

Егер сіз бұны әлі істемесеңіз, қаржылық жоспарыңыздың нөмір бірінші істеу керек - осы қаржылық жастық болсын! Орыстар мұны “деньги на черный день” дейді. Ал, қазақтар “тыққан-пыққан ақша” дейді. Яғни, банктен депозит ашып, оған кем дегенде 3 айлғыңыздың ақшасын салыңыз, ал негізі ең жақсысы әрине 6 айлығыңыз. Егер отбасылы болсаңыз еш ойланбастан осы жоспарды істеңіз. Бұл сізге тыныш ұйықтауға көмектеседі.

Қазақстанда “страховка” сөзін банктен кредит алғандар ғана біледі. Негізінде адам өз өмірін де, мүлкін де страховать ете алады. Бірақ ол елімізді онша атақты емес. Бірақ, соған қарамастан қазақстандықтар өз өмірлеріне алаңдап, зейнетке шығарын алдын-ала жоспарлап жатқандары бар, яғни өмірін страховать етіп қояды. Жасы келгенде страховканың ақшасын алады.

ЖАЛҒАСЫ БАР…
1.3K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 12:00:04
Мумбайдағы қонақүй (Отель в Мумбай)

Бұл фильмде 2008 жылы Үндістанда болған лаңкестік (терроризм) туралы баяндалады. Қарапайым адамдар лаңкестерге қарсы бірікпесе, тірі қалмайды. Осындай жағдайда жәй ғана адам болып қалу қиын екенін көрсетеді. Шынайы оқиға желісімен түсірілген. Көруге кеңес беремін.
1.7K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 09:00:41 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР?

КЕШЕГІ ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ:


1. РЫЦАРЬ.

Егер ең бірінші рыцарьды көрсеңіз, онда сізге өмірден ләззат алып, стресстен құтылу керектігін білдіреді. Бірақ бұған сіздің ішіңіздегі эмоцианалды қақпаңыз кедергі жасайды. Ол қақпаны сіз өзіңізді қорғау үшін қойғансыз. Сізге сенімділік пен ішкі қорғаныш жетіспейді. Сондай-ақ, сіз ішкі дүниеңізді адамдарға ашпайсыз. Бәлкім, өміріңізде бір ауыр тәжірибе болған болар?! Ең бастысы сіз өзіңізге деген сүйіспеншілік пен махаббатты қайта оятуыңыз керек, демалуды үйреніп, өзгелердің сізге жасаған жақсылығын байқаңыз. Бұл сізге жаман ойлардан арылтуға көмектеседі. Қазір сізге қолдау керек, сол үшін көбірек достарыңыз бен жақындарыңыздың қасында болыңыз. Табиғатқа көбірек шығыңыз, спортпен айналысыңыз. Сондай-ақ, демалу жаттығуын көбірек жасасаңыз - бұлардың бәрі ішкі ауырсынуды басады.

2. ЕКІ БИШІ.

Бұл сіздің әлемге деген сезімтал, эмоцианалды, арманшыл адам екеніңізді білдіреді. Бірақ, сіз оны өзгелерден жасырасыз, өйткені сіздің ойыңызша бұл қасиет сізді әлсіз етеді. Сіз өміріңізде өзіңізге жақын адамдарды өте құрметтейсіз, бірақ оларға оны сирек айтасыз. Бәлкім сізге өз сезімдеріңізді ашық айту қиынырақ, бәлкім сіз эмоционалды суықтық пен қабылдамау сезімдерін бастан кештіңіз. Жақындарыңыздың бойындағы жақсы қасиеттері туралы ойланыңыз, келесі кездескенде оларға шын көңілдее комплимент айтыңыз. Ол тіпті кішкентай ғана нәрсе болса да қысылмай айтыңыз, мұнда ең бастысы сіз өзіңіздің махаббатыңыз бен жылуыңызды білдіресіз. Бұл барлық адам үшін маңызды әрі қымбат тәжірибе. Екі биші - сіздің өміріңізде айтарлықтай өзгерістер жоқ екенін білдіреді. Сол үшін сіз өміріңізге жаңа нәрселер кіргізуіңіз керек. Мысалы, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, саяхаттау немесе жаңа қызықты кітап оқу.

3. ШАЛДЫҢ КЕЛБЕТІ.

Егер сіз шалдың келбетін көрсеңіз, онда сіз аяғында нық тұрған, болып жатқан жағдайларға дұрыс көзқараспен қарайтын адамсыз. Сіз дәлелдерге сүйенесіз, нақтылық пен реттілікті жақсы көресіз. Белгісіздік, хаос, қарбаластық сізді шаршатады және сіз алаңдай бастайсыз. Сізге ертең не болатынын білу мен оған дайындала алу мүмкіндігі маңызды. Адамдармен қарым-қатынастада сізге адалдық пен ашықтық өте маңызды. Ымдау, айтылмай қалған сөздер - сіздің ашуыңызды шығарады, кейде тіпті көңіліңіз қалады. Шалдың келбетін көру - сізді өткен өміріңізге жиі қарайтыныңызды да білдіреді. Бәлкім сол бгрынғы өмірді жақсырақ деп ойлайсыз. Өткен өмір - тек сабақ. Соны қолданып қазіргі өмірде қолданып, күшті өмір сүру керек. Егер сіздің ойыңызға бұрынғы өміріңіз түсе берсе, онда қазіргі өміріңізге бақытты болу үшін не жетіспейтінін ойланыңыз. Сол бақытты қазіргі өміріңізге әкелу үшін әрекет етіңіз. Сонда сізде өткенді ойлауға уақыт болмайды.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
1.8K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 16:02:02 КВАРТИРАНЫҢ АРЕНДАСЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕП БЕРЕДІ

ТОЛЫҚ ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН


2.0K views13:02
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 09:00:10
ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? БАРШАҢЫЗДЫ 1 МАМЫР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! ҚАЗАҚ ДЕГЕН ӨЗ БАУЫРЫНА ЖҮЗДЕГЕН ҰЛТ ӨКІЛДЕРІН СЫЙДЫРҒАН ХАЛЫҚ! ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН!

АЛ, БІЗДЕ БҮГІН ТЕСТ СУРЕТКЕ ҚАРАҒАНДА, БІРІНШІ НЕ КӨРДІҢІЗ?

ЖАУАБЫН ӘРИНЕ 100 РЕАКЦИЯ ЖІБЕРСЕҢІЗДЕР ЖАЗАМЫН
390 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 12:00:04
«Мани, или Азбука денег» - Бодо Шефер

Автор негізінде бұл кітапты балаларға арнап жазған. Бірақ, үлкендер де “ақша туралы” білімін осы кітаптан ала алады. Балаңызға “оқы, оқы” дей берсеңіз, сізді тыңдамайды. Бала айтқанды емес, көргенді істейді. Сіз кітап оқыңыз, балаңыз да артынша қайталайды. Бұл кітапты балаңыз да, өзіңіз де оқи аласыз. Әрине, оқуға кеңес беремін!
1.1K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 09:00:37 ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

БҮГІН СІЗДЕРМЕН МЕН “КЕДЕЙЛІКТІҢ ҚАҚПАНЫ” ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ. АЛ, КЕТТІК


Қазір көптеген адамдардың өз айлықтары өздеріне жетпейді. Кейбірі бұл жағдайдан шықса, ал кейбірі осылай айлығын жеткізе алмай өмірден өтіп кетеді. Мұндай адамдар “кедейліктің қақпанына” түскендер.

Кедейлік қақпаны - бұл жай сөз емес. Бұл экономикада қолданылатын термин. Яғни, АҚШ пен Еуропада адамдар әлеуметтік төлемдерге үйреніп алып, жұмысқа шыққысы келмейді. Ондай адамдар біздің елдеде жетерлік.

Мұндай қақпаннан қалай шығуға болады?

Жыл сайын нарықта мамандықтар қысқарып жатыр. Соған орай қазіргі заманда бір адамның басында 2 түрлі мамандық пен 2-3 жерден түсетін табыс болуы керек. Тіпті осылардың барлығы болса да, адам бай болып саналмайды. Өйткені, елдегі инфляция жыл сайын өсіп жатыр.

Бұл жағдай әсіресе декретте отырған аналарға қатты әсер етеді. ҚР заңында декреттегі аналарды қайта жұмысқа алу туралы бап болса да, ол қызметкер 3 жыл үйде отырғанда өзінің жұмыс дағдысын жоғалтады. Одан бөлек, бір жұмыста ұзақ уақыт отырып істейтіндер үшін де қауіпті. Жаңа қызметкерлер қазір компьютердегі программаларды білгеннен бөлек, түрлі қосымша дағдыларды үйреніп келуде.

Сол үшін “менің ұзақ жылға тәжірибем бар”, “мені ешкім жұмыстан шығара алмайды” деп отыра бермей, қазір заман талабына сай жаңа жұмыс, жаңа табыс түсетін мамандықты үйреніп алыңыз. Бір айлықпен байыған адамды көрмедім. Уақытыңыз бар ма, деніңіз сау ма, үйреніп алыңыз.

Ал, кедейлік қақпанына түскендер - өздерінің жағдайын ерте түсінсе, ертерек шығады.
1.2K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 16:03:10 НЕЛІКТЕН САҒАН КРЕДИТ БЕРМЕЙДІ?

ТОЛЫҚ ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН


1.5K views13:03
Ашу / Түсініктеме