Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2023-05-31 09:05:17 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? ”АҚШАНЫ МҮЛДЕМ ЖИНАЙ АЛМАЙТЫНДАРҒА” АРНАЛҒАН ЖАЗБАМДЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫН

3. ЕШҚАШАН ЖИНАЛҒАН 10% ТИСУГЕ БОЛМАЙДЫ!


Сіз айлығыңыздың 90% (135.000 теңге) өмір сүріп үйрендіңіз. Ал, жинап жүрген 10% (15.000 теңге) сіз “МЕНІКІ ЕМЕС” деген қағида жасап алыңыз. Бұл ақша қазір сіздікі болмағанымен, қартайғада біреудің қолына қарамай, қадірлі қарт адам болуға үлес қосады.

4. 5% НЕМЕСЕ 11% ЖИНАҢЫЗ

Егер айлығыңыз 150.000 теңге емес, одан аз болғанда қалай жинаймыз деген сұраққа, мен 5% жинаңыз дер едім. Әрине, айлық аз болғанда әрбір теңгенің орны білінеді. Мысалы, сіздің айлығыңыз 70.000 теңге. Бірден 7000 теңгені жинау қиын, сол үшін әр айда 3500 теңгеден жинаңыз. Егер тіпті болмай жатса, 700 теңгеден бастаңыз. Бұл айлығыңыздың 1%.

Бұл әрине аз. Бірақ, сізде ақша жинау әдеті қалыптасады. Ақша жинаған сайын адам қуанады әрі әрдайым “артық ақшам бар ғой” деген сезім сыйлайды.
2.1K views06:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 12:00:03
Марш Г.: Не навреди. Истории о жизни, смерти и нейрохирургии

АҚШ Нейрохирургия бөлімінің профессоры Генри Марш өзінің еңбек тәжірибесін саралап, осы кітапты жазады. Адам қателік жасағанда “Періште емес, пендеміз ғой” деп ақталады. Бұл ақталу дәрігер үшін жарай ма?

Кітапты оқып отырып, медицинаға тап боласыз. Түсініксіз ештеңе жоқ. 12 жастан бастап оқуға болады. Бір жанрды оқи бермей, әртүрлі ғалымдардың да жазған кітаптарын оқуды кеңес беремін.
2.2K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 09:02:56 ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ:

1. ГҮЛ


Гүл - суретте өте кішкентай ғана, егер сіз сол гүлді бірінші байқасаңыз, онда сізге әрбір деталь маңызды. Сіз сондай ұсақ-түйекке өмір бойы көңіл бөліп келесіз. Басқалар көрмегенді сіз көресіз және ол сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін. Баланың жымиғаны, сәтті шыққан билет, тәтті какао - сізді күні бойы бақытты етуі мүмкін, сіз рақат аласыз. Бірақ, сізге ренжіп қалу үшін үлкен себеп қажет емес. Сіз өз жүрегіңізді тыңдап, жаныңыздағыларға қамқорлық жасап өмір сүресіз. Сіз адамның дауысына, мимикасына қарап, оған не болғанын білетін адамсыз, бұл қасиет сізде туа біткен.

2. АРФА

Егер сіз суреттен ең бірінші арфаны көрсеңіз, онда сіз шығармашыл адамсыз. Сіз барлығынан терең мағына, ерекше әдемілік пен шабыт көретін жансыз. Сіз армандағанды жақсы көресіз, сіз өмірде материалдық жағдайдан да басқаға қол жеткізгіңіз келеді. Сіз музыканы сүйесіз, бәлкім муызкантсыз немесе біреудің өнерінің нағыз табынушысысыз. Сіз өз сезімдеріңізді білесіз, сезесіз. Егер сізден бір апта бұрын не болды деп сұраса, сіз ең бірінші есіңізге түсетіні сол күні қандай сезімде болғаныңыз. Сондықтан сізді адамдар сезімтал деп ойлайды, сізді әдемілік, мұңды фильм, әділеттілік жоқ видео мұңайтып қоюы мүмкін. Сіз адамдардя шабыттандырасыз, сол себепті сіз мына өмірден ләззат ала аласыз.

3. ӘЙЕЛДІҢ КЕЛБЕТІ

Егер суреттен ең бірінші әйелдің бетін көрсеңіз, онда сіз өткеніңізде қиын және шиеленіскен жұмысты артқа тастадыңыз. Соған қарамастан бұл қиындықтар сізді сындырмады, керісінше сіз керемет сабақ алдыңыз. Байқасаңыз, адамдар сізден ақыл сұрайды, себебі сіздің ойыңыз бен пікіріңізді құрметтейді. Сіз өзіңізді бағалай алмайсыз, шындығында сіздің ішіңізде мықтылық пен үлкен күш бар. Қандай жағдай болмасын, сіз өзіңізлің бүтіндігіңізді сақтап қаласыз. Сондықтан, сіз өзіңізді жиі сынайсыз. Сіз өзіңіздің жеке дамуыңызға өте көп уақыт арнайсыз, өйткені сіз әрдайым “өзіңіздің мықты версияңызға” айналғыңыз келеді. Әрине, бұл өте жақсы қасиет. Бірақ, демалуды, өмірдегі қарапайым қуаныштарды ұмытпаған жөн. Кейде ештеңе істемей, өз жұмысыңыздың жемісіне де қуана алуыңыз керек.
2.2K viewsedited  06:02
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 16:03:49 АСТАНАДАН БАСПАНА АЛУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН

2.3K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 09:02:42
ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? МЕКТЕПТІҢ БІТУІНЕ АЗ ҚАЛДЫ, МЕН СИЯҚТЫ ҚУАНЫП ЖҮРГЕНДЕР БАР МА?

БҮГІН БІЗДЕ ТЕСТ. СУРЕТКЕ БІР ҚАРАҒАНДА НЕНІ КӨРДІҢІЗ? ЖАУАБЫ 100 РЕАКЦИЯ ЖІБЕРГЕННЕН СОҢ ЖАЗАМЫН
2.5K views06:02
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 11:57:38
Эрин Брокович

Жалғыз басты ана - Эриннің заң саласында дипломы жоқ. Бірақ соған қарамастан кішкентай фирмаға орналасып, Американың ең мықты корпорациясына қарсы шығады. Үш баласын жетектеп, машинада ұйықтап, қанша ма қиыншылықтарды бастан кешіреді.

Фильмді барлық қазақ әйелдері көруі тиіс! Әрине, шынайы оқиғалар желісімен түсірілген.
3.3K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 08:59:24 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

БҮГІН БІЗДЕ КҮШТІ ТАҚЫРЫП “АҚШАНЫ МҮЛДЕМ ЖИНАЙ АЛМАЙТЫНДАРҒА” АРНАЛАДЫ

1. Табыстың 10% жинау


Табыс деген ол тек қана айлық емес. Табыс деген пособие, бонус, премия, сыйлыққа берген ақша және т.б. Яғни, сіздің қолыңызға келіп түсетін барлық ақшаның 10% жинайсыз. Мысалы, сіздің айлығыңыз 150.000 теңге, картаға түскен кезде бірден көзді жұмып оның 15.000 теңгесін депозитке лақтырасыз. Бұл - заң! Біз заңды бұзбаймыз ғой, бұзсақ не болатынын білеміз! Сол секілді бұл заңды бұзсақ, қартайғанда қиналатынымызды ұмытпайық! Ең бірінші ақшаны құртпастан бұрын, ӨЗІҢІЗГЕ төлеңіз. Өйткені, ақша тү кенде ең бірінші біз кредит, ипотека, микрокредит, аренда, ком.услуга, азық-түлік, садик бәрін төлеп кетеміз де, ертең бұл ақшадан тек 2000-5000 теңге қалады. Тағы да 10% жинай алмаймыз. Бұл қайталана береді, егер сіз ең бірінші түскен ақшаның 10% жинамасаңыз!

2. Қалған 90% ақшаны 100% қолданыңыз

Ал, енді қолда 135.000 теңге қалды. Көз алдыңызға бір ай бойы одан да бетер қиналатыныңыз келді. 135.000 теңгеге қалай өмір сүремін, қалай жеткіземін? деп те ойлайсыз. Бірақ, осы сәтте өзіңізге сұрақ қойыңыз: “Егер жұмыста менің айлығымнан 15.000 теңгемді кесіп тастаса, мен не істеймін? деп. Көбіңіз сол жұмвста кем дегенде 1-2 ай бәрібір қаласыздар. Өйткені, жаңа жұмыс тапқанша, оған орналасқанша сізге бәрібір ақша керек қой. Сіз сол 135.000 теңгеге 1-2 ай өмір сүре аласыз. Бірақ, басқа шығындарды қысқартасыз. Таксиге мүлдем мінбейсіз, асханадан тамақ ішпейсіз. Кафе, қыдыруды азайтасыз.

ЖАЛҒАСЫ БАР…
3.1K views05:59
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 16:03:29 АЖЫРАСҚАН СОҢ ТӨРКІНГЕ БАРМА

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН

2.8K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 11:57:26
Стартап - Гай Кавасаки

Автор өз туындысында ИДЕЯНЫ пайдаланып, мықты компания құруға көмектесетін құпияларымен бөліседі. Кітаптың мақсаты сіздерге ұлы нәрсені дүниеге әкелуге көмектесу.

Гай Кавасакидің ойынша - жеке кәсіпкер дегенініміз жұмыс емес, ол мидың жағдайы. Балаларыңызға осындай кітаптарды сатып алып беріңіздер. Балада идея көп. Жастайынан ақша табуды үйренсін!
2.7K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 09:03:39 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? “ЖАЗДЫҚ ДЕМАЛЫСҚА АҚША ЖИНАУ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

5. УАҚЫТ - АҚША


Бұл жерде тура мағынасында. Мысалы, сіз телефонда көп отыратын болсаңыз, бұл әдіс сізге арналған. Мысалы, әр апта сайын телефон сізге “экранное время” деп неше сағат отырғаныңызды көрсетеді. Міне, бір аптада 60 сағат отырсаңыз, соны 5, 10, 50, не 100 көбейтесіз. Сол ақшаны деплзитке саласыз. Бұл сізге штраф болады. Осылай сіз бір айдың өзінде 24.000 теңге жинап қоясыз.

6. БОҚТЫҚ СӨЗ - АҚША

Бұл енді көп жаман сөз айтатындарға арналған Шынында да әлемде осындай ақша жинау тәсілі бар. Бір жағынан боқтауды азайтады, екінші жағынан ақша жиналады.

БАСЫНДА АЙТҚАНЫМДАЙ “ДЕМАЛЫСТЫ” МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖОСПАРЛАП БАРЫҢЫЗ. СОНДА СІЗ ҰТЫЛМАЙСЫЗ. ДЕМАЛЫСТАН ҚАЙТҚАННАН СОҢ ДА ЕШТЕҢЕНІ ЭКОНОМДАП ҚИНАЛМАЙСЫЗ.
2.6K views06:03
Ашу / Түсініктеме