Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! БҮГІН СІЗДЕР | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

БҮГІН СІЗДЕРМЕН МЕН “КЕДЕЙЛІКТІҢ ҚАҚПАНЫ” ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ. АЛ, КЕТТІК


Қазір көптеген адамдардың өз айлықтары өздеріне жетпейді. Кейбірі бұл жағдайдан шықса, ал кейбірі осылай айлығын жеткізе алмай өмірден өтіп кетеді. Мұндай адамдар “кедейліктің қақпанына” түскендер.

Кедейлік қақпаны - бұл жай сөз емес. Бұл экономикада қолданылатын термин. Яғни, АҚШ пен Еуропада адамдар әлеуметтік төлемдерге үйреніп алып, жұмысқа шыққысы келмейді. Ондай адамдар біздің елдеде жетерлік.

Мұндай қақпаннан қалай шығуға болады?

Жыл сайын нарықта мамандықтар қысқарып жатыр. Соған орай қазіргі заманда бір адамның басында 2 түрлі мамандық пен 2-3 жерден түсетін табыс болуы керек. Тіпті осылардың барлығы болса да, адам бай болып саналмайды. Өйткені, елдегі инфляция жыл сайын өсіп жатыр.

Бұл жағдай әсіресе декретте отырған аналарға қатты әсер етеді. ҚР заңында декреттегі аналарды қайта жұмысқа алу туралы бап болса да, ол қызметкер 3 жыл үйде отырғанда өзінің жұмыс дағдысын жоғалтады. Одан бөлек, бір жұмыста ұзақ уақыт отырып істейтіндер үшін де қауіпті. Жаңа қызметкерлер қазір компьютердегі программаларды білгеннен бөлек, түрлі қосымша дағдыларды үйреніп келуде.

Сол үшін “менің ұзақ жылға тәжірибем бар”, “мені ешкім жұмыстан шығара алмайды” деп отыра бермей, қазір заман талабына сай жаңа жұмыс, жаңа табыс түсетін мамандықты үйреніп алыңыз. Бір айлықпен байыған адамды көрмедім. Уақытыңыз бар ма, деніңіз сау ма, үйреніп алыңыз.

Ал, кедейлік қақпанына түскендер - өздерінің жағдайын ерте түсінсе, ертерек шығады.