Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? КЕШЕГІ ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ: 1. РЫЦАРЬ. | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР?

КЕШЕГІ ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ:


1. РЫЦАРЬ.

Егер ең бірінші рыцарьды көрсеңіз, онда сізге өмірден ләззат алып, стресстен құтылу керектігін білдіреді. Бірақ бұған сіздің ішіңіздегі эмоцианалды қақпаңыз кедергі жасайды. Ол қақпаны сіз өзіңізді қорғау үшін қойғансыз. Сізге сенімділік пен ішкі қорғаныш жетіспейді. Сондай-ақ, сіз ішкі дүниеңізді адамдарға ашпайсыз. Бәлкім, өміріңізде бір ауыр тәжірибе болған болар?! Ең бастысы сіз өзіңізге деген сүйіспеншілік пен махаббатты қайта оятуыңыз керек, демалуды үйреніп, өзгелердің сізге жасаған жақсылығын байқаңыз. Бұл сізге жаман ойлардан арылтуға көмектеседі. Қазір сізге қолдау керек, сол үшін көбірек достарыңыз бен жақындарыңыздың қасында болыңыз. Табиғатқа көбірек шығыңыз, спортпен айналысыңыз. Сондай-ақ, демалу жаттығуын көбірек жасасаңыз - бұлардың бәрі ішкі ауырсынуды басады.

2. ЕКІ БИШІ.

Бұл сіздің әлемге деген сезімтал, эмоцианалды, арманшыл адам екеніңізді білдіреді. Бірақ, сіз оны өзгелерден жасырасыз, өйткені сіздің ойыңызша бұл қасиет сізді әлсіз етеді. Сіз өміріңізде өзіңізге жақын адамдарды өте құрметтейсіз, бірақ оларға оны сирек айтасыз. Бәлкім сізге өз сезімдеріңізді ашық айту қиынырақ, бәлкім сіз эмоционалды суықтық пен қабылдамау сезімдерін бастан кештіңіз. Жақындарыңыздың бойындағы жақсы қасиеттері туралы ойланыңыз, келесі кездескенде оларға шын көңілдее комплимент айтыңыз. Ол тіпті кішкентай ғана нәрсе болса да қысылмай айтыңыз, мұнда ең бастысы сіз өзіңіздің махаббатыңыз бен жылуыңызды білдіресіз. Бұл барлық адам үшін маңызды әрі қымбат тәжірибе. Екі биші - сіздің өміріңізде айтарлықтай өзгерістер жоқ екенін білдіреді. Сол үшін сіз өміріңізге жаңа нәрселер кіргізуіңіз керек. Мысалы, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, саяхаттау немесе жаңа қызықты кітап оқу.

3. ШАЛДЫҢ КЕЛБЕТІ.

Егер сіз шалдың келбетін көрсеңіз, онда сіз аяғында нық тұрған, болып жатқан жағдайларға дұрыс көзқараспен қарайтын адамсыз. Сіз дәлелдерге сүйенесіз, нақтылық пен реттілікті жақсы көресіз. Белгісіздік, хаос, қарбаластық сізді шаршатады және сіз алаңдай бастайсыз. Сізге ертең не болатынын білу мен оған дайындала алу мүмкіндігі маңызды. Адамдармен қарым-қатынастада сізге адалдық пен ашықтық өте маңызды. Ымдау, айтылмай қалған сөздер - сіздің ашуыңызды шығарады, кейде тіпті көңіліңіз қалады. Шалдың келбетін көру - сізді өткен өміріңізге жиі қарайтыныңызды да білдіреді. Бәлкім сол бгрынғы өмірді жақсырақ деп ойлайсыз. Өткен өмір - тек сабақ. Соны қолданып қазіргі өмірде қолданып, күшті өмір сүру керек. Егер сіздің ойыңызға бұрынғы өміріңіз түсе берсе, онда қазіргі өміріңізге бақытты болу үшін не жетіспейтінін ойланыңыз. Сол бақытты қазіргі өміріңізге әкелу үшін әрекет етіңіз. Сонда сізде өткенді ойлауға уақыт болмайды.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?