Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2023-04-04 09:00:04 ҚАЙЫРЛЫ КҮН ЖҮРЕКТЕР ! ЕКІ АЙДАН СОҢ ЖАЗ КЕЛІП, КӨБІМІЗ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАМЫЗ. ӘРИНЕ, ШЕТЕЛГЕ САЯХАТТАРЫҢЫЗДЫ ЖОСПАРЛАП ҚОЙҒАНДАР ДА БАР ШЫҒАР?!

СІЗДЕРГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢГЕРДЕН КЕҢЕСТЕР ҰСЫНАМЫН

1-кеңес. АҚШАҢЫЗДЫҢ ЖАРТЫСЫН КУПЮРА
(ҚАҒАЗ АҚША) РЕТІНДЕ АЛЫҢЫЗ

Кейбір елдерде картаны барлық жерде қабылдамайды. Сондай-ақ, ақшаны шешу үшін банктоматтар барлық жерде жоқ. Тіпті, АҚШ пен Еуропа елдеріне барсаңыз да, қолыңызда кем дегенде 200-500 $ болу керек. Базарларда, азық-түлік лавкаларда қолма-қол қабылдайды.

Ақшаңыздың барлығын шығарып алмаңыз. Купюра көп болған сайын қауіпті, әрі ақша санағанда шатасып қаласыз. Бар ойыңыз “ақшаны жоғалтып аламын ба немесе біреу тонап кете ме?”, - деумен болады. Сіз саяхатқа алаңдау үшін емес, демалу үшін бардыңыз.

2-кеңес. ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРДАН АЛДЫН ӨЗ БАНКІҢІЗГЕ ЕСКЕРТІҢІЗ

Сувенир алатын дүкеннен зат алып, төлейтін кезде картаңыздан төлем өтпей қалды. Сіздің телефоныңызға смс келді: “Сіздің картаңыз бұғатталды” деген. Өйткені, көп банктер осылай жасайды. Себебі, Қазақстанда қолданылып жүрген карта, Тайландқа кетіп қалса, банк қауіпсіздік үшін оны бұғаттап тастайды.

Банкке хабарласып, кететін еліңізді, уақытын айтып ескертіңіз. Демалыста жүйке жүйеңіз сол кезде тозбайды. Егер бәрібір картаңызды бұғаттап тастаса, банктің “служба поддержки” хабарласыңыз. Ұмытпаңыз банк сізден “кодовое слова” сұрайды.

ЖАЛҒАСЫ БАР …

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ БЕРГЕН АҚПАРАТЫМ СІЗДЕРГЕ ПАЙДАЛЫ БОЛСА, РЕАКЦИЯНЫ АЯМАҢЫЗДАР
1.6K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-03 12:33:26 ЖАУАБЫ:

1. Сенгіш адамсыз. Сіз өміріңізге және жүреніңізге барлығын кіргізе беретін жансыз. Сіздің ойыңызша, бәсеке барып, адамдардан сатқындық көрсеңізде, оларға жабық бола алмайсыз. Сіз ешкімге сенімсіздігіңіз бен қорқвнышыңызды көрсетпейсіз. Сіздің пікіріңізше, өз проблемаңызды өзіңіз шешуіңіз керек. Өзіңіздің жүрегіңіз ауырып жатса да, адамдарға жаныңызды ашып беруге дайын адамсыз. Өзгелерге көмек беру арқылы, сіз өз жараңызды емдейсіз.

2. Педантичный адамсыз (қазақша аудармасы жоқ). Сіз өзгелерге әрдайым “өзіңіз” туралы жақсы пікір қалдырғысы келетін және әрқашан дұрыс шешім қабылдағысы келетін адамсыз. Сіздің ойыңызша, сіздің іс-әрекеттеріңіз өзгелердің өмірінде маңызы бар. Сіз өзіңіздің уайымыңды және ренішіңізді көрсеткіңіз келмейді. Сіз мына әлемде “ең мықты” болуға барынша тырысасыз.

3. Жертва адамсыз. Сіз өзіңіздің орныңызды барлық жерден іздеп жүрген жансыз. Өз әлеміңізді іздеумен жүрсіз. Өзіңіздің қара ойларыңызды ешкімге көрсетпейсіз. Сіздің басыңызда көп нәрсе өтті. Сіз әрбір сондай қиыншылықтан соң, өзіңізді қайтадан “бір-бірден” жинап алатын адамсыз. Бұл жиі қайталанатындықтан, сіз тіпті үйреніп кеткенсіз.

4. Ойшыл адамсыз. Сіз барлық нәрсені ойлауды жақсы көретін жансыз. Әрбір нәрсені тереңірек ойлап, оған мән-мағяна бересіз. Кейде, тіпті көп ойланғандықтан, өз ойыңыздың шырмауынан шығу қиынға соғады. Сіз өзгелерге өзіңіздің сенімсіздігіңіді көрсетпейсіз. Сіз тіпті бір нәрсені 100% біліп тұрсаңызда, өзіңізге сенімсіз боласыз. Сіз жалпы өмірді бір басқатырғыш ретінде көресіз, сондықтан өмірдің жасырғанын табуға тырысасыз.

5. Жұмбақ адамсыз. Сіз тіпті өзіңізге жұмбақсыз. Сізді тауып, таныған адам - өте жолы болғыш деп айтуға болады. Сіздің көңіл-күйіңіз тез өзгереді. Өзіңізті апсаңыз да, бірден өзгеріп, қайта өзіңізді іздеуге кірісесіз. Сіз көп сөйлемейсіз және өзгелерді шатастырасыз. Кейде тіпті өз іс-әрекетіңізбен өзіңізді де шатастырасыз. Адаммен сөйлесіп кетпес бұрын, оны бақылайсыз. Сіз өзіңіз сенімді болған нәрселерді ғана айтасыз.

6. Сезімтал адамсыз. Сіз бәрін байқайтын және ұмытпайтын адамсыз. Сіздің өте сезімталсыз және сіз тіпті кішкентай нәрсе де сізді таң қалдыруы мүмкін. Сізді оңай жылатып, оңай күлдіруге болады. Сіз көп адамға өзіңіздің нәзік екеніңізді көрсетпейсіз. Бірақ өзгелерге зеректігіңізді көрсетесіз. Бәлкім сіз өз болашағыңызда не болатынын көре алатын адамсыз.

7. Энергичная адамсыз. Сіз өте энергечинаясыз және әрдайым ғашық болып жүретін жансыз. Сіз өте зерексіз. Сіз не жақсы көресіз не жек көресіз. Сіздің өзіңіздің пікіріңіз бар. Шешімді тез қабылдайсыз. Сізде энергия көп, кейде жүйкеңіз тозып, нервный(-ая) болып кетесіз. Кейде сіз өз басыңызда драманы жасайсыз.

8. Экстрентичная адамсыз. Сіздің өзгеше қызығушылықтарыңыз бен сеніміңіз бар. Ережелерді ұнатпайсыз. Көп жағдайда “Не істесем де өзім білем” деген принциппен өмір сүресіз. Сіз өзгелерге ашықсыз. Сізді өзгерткісі келетіндердің үстінен күлесіз. Барлық адамдардың қатарынан болғыңыз келмейді.

9. Сезгіш адамсыз. Сіз мына әлемді және адамдарды жақсы түсінесіз. Адамның түрі мен дауысына қарап көп нәрсені түсінесіз. Сізге өтірік айтып жатқанды сезесіз. Әлемге тек өз қалағаныңызды ғана көрсетесіз. Сізді манипулировать еткісі келгендерді сезесіз және өзгелерді қалай басқаруды білесіз. Бірақ сіз оны көп жағдайда қолданбайсыз.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
1.1K viewsedited  09:33
Ашу / Түсініктеме
2023-04-03 09:03:32
ҚАЙЫРЛЫ КҮН ЖАНДАРЫМ СОЛ ! АПТАНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ БАРШАМЫЗҒА СӘТТІ БАСТАЛСЫН!

БҮГІН БІЗДЕ ТЕСТ СУРЕТКЕ ҚАРАП, ӨЗІҢІЗГЕ ҰНАҒАН КӨЗДІ ТАҢДАҢЫЗ. 100 РЕАКЦИЯ ЖІБЕРСЕҢІЗДЕР, ЖАУАБЫ БІРДЕН ШЫҒАДЫ
1.3K views06:03
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 13:34:21
“Профиль” фильмі

Эмми Уиттакер - жас журналист. Ол Еуропа елдерінен Сирияға жас қыздардың кетуін зерттей бастайды. Сол мақсатта фейк парақша ашып, Билял деген сириялық жігітпен танысады.

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Экстремистік топтардың қыздарды қалай Сирияға алып кететінін білесіздер. Фильмді Тимур Бекмамбетов түсірген.
1.1K views10:34
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 09:00:10 ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! КЕШЕГІ “КРЕДИТ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ. АЛ, КЕТТІК

3. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ

Қарыз алғанда ресми банктен алған дұрыс. Өйткені коллекторда, банктер де заңмен жұмыс істейді. Егер “черные кредиторы” деген белгісіз адамдар немесе ұйымнан алсаңыз, төлей алмай қалғанда арты жаман болуы мүмкін. Банктен кредит алып, белгілі бір себептермен төлей алмасаңыз телефонды ауыстырып, қашып-пысып жүрмеңіз. Банкке барып, ашық сөйлескен дұрыс. Өйткені, адам “звоноктан” қорықса, әрбір сондай звонокты естігенде “мини инфаркт” алады екен. Кейін ол денсаулығыңызға әсер етеді.

4. КЕЛІСІМШАРТТЫ ТҮСІНБЕСЕҢІЗ, ОҒАН ҚОЛ ҚОЙМАҢЫЗ.

Келісімшартты толық оқып шығыңыз. Әрине 3-5 беттік құжатты оқуға біршама уақыт кетеді. Бірақ болашақта сіздің осы оқығаныңыз өзіңіздің ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. Құжатта жазылған таныс емес сөздерді менеджерден сұраңыз. Ең дұрысы заңгерден консультация алған дұрыс. Сондай-ақ, келісімшартта жазылған штраф, пеня, комиссия, страховка дегенге мән беріңіз. “Құжатты тезірек оқып, қол қойыңыз” - деп менеджер сізді асықтырса, құжатты үйге әкетіп, асықпай оқыңыз. Ертесі барып та кредит алуға болады. Барлық жазылған ақпаратты түсінгеннен соң ғана ҚОЛ ҚОЙЫҢЫЗ!

ЖАЛҒАСЫ БАР


КРЕДИТ ТАҚЫРЫБЫ ПАЙДАЛЫ БОЛСА, РЕАКЦИЯЛАРЫҢЫЗДЫ ҚАЛДЫРЫҢЫЗДАР
1.4K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-03-30 12:03:07
“Атомные привычки” - Джеймс Клир

Қазіргі кездегі ең танымал кітаптардың бірі. Сіз бұрыннан бері өзгергіңіз келеді, бірақ қолыңыздан келмей жатса, ренжімеңіз. Сіз кінәлі емессіз, кінәлі - жүйе.

Автор Джеймс Клир “әдет туралы мифтер, мотивация мен “сила воли” туралы бар шындықты ғылыми тұрғыда ашып айтады. Ол өзінің жән атақты, даңқты адамдардың тәжірибесіне сүйеніп түсіндіреді.

Барлық қазақ оқуы керек #1 кітап! Бәріңізге оқуға кеңес беремін!
978 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2023-03-30 09:00:24 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? БҮГІН ТАҒЫ ДА СОЛ КРЕДИТ ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

Негізінде қарызға батпаудың жолы - кредит алмау. Бірақ қиын жағдайға тап болғанда, туған-туыс емес, банк қарыз беретіні шындық.

Сіздерге бүгін қарыз алатын адамның ең жиі жіберетін қателері туралы сөйлесеміз.

1. ӨЗ ҚАРЖЫЛАЙ МҮМКІНДІГІҢІЗДІ ШЫНАЙЫ БАҒАЛАҢЫЗ

Кредит алардан алдын біраз ойланыңыз: қаншалықты бұл ақша сізге қажет? бұл ақшасыз өмір сүре аласыз ба? қарызды қалай қайтарасыз?

Қарыз төлеуде тек қана айлық, зейнетақы, жәрдемақы, қосымша табыстан бөлек, аяқасты болатын жағдайларды да ұмытпаңыз (ауырып қалу, жұмыстан шығып қалу, елдегі экономикалық дағдарыс, карантин). Осындай қиын жағдай болып қалса, қалай қарызды төлей алатыныңыз туралы бірінші ретте ойланыңыз.

2. КРЕДИТТІ БІРІНШІ БАРҒАН БАНКТЕН АЛМАҢЫЗ

Үйіңізге жақын деп немесе жарнамасы айғайлап тұрған банкті таңдамаңыз. Бірнеше банктердің кредит беру талаптарын қарап, салыстырыңыз. Тек қана пайыздық үстемақыны ғана қарамай, мыналарға да назар аударыңыз: кредиттің мерзімі, просрочка үшін штраф пен пеня, страховка мен оның бағасы.

Кредит алушыға деген талаптарды да біліңіз. Әр айдағы төлемді төлеу кезінде банкоматтар мен терминалдардың қайда орналасқанына да назар аударыңыз. Банк туралы интернеттен іздестіріңіз. Таныс, дос-жаран мақтаған банктен барып кредит ала салмаңыз!

ЖАЛҒАСЫ БАР…

ЖАНДАРЫМ СОЛ КРЕДИТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ПАЙДАЛЫ БОЛСА, ЖІБЕРІҢІЗДЕР
1.2K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 12:00:07
“Тоня против всех”

Американың атақты фигуристі Тоня Хардинг туралы фильм. Қиын балалық шақ, ерте есею, ерте тұрмысқа шығу және олимпиададағы келеңсіздіктер оның болашағына қатты әсер етті.

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Атақты адамдар да біз сияқты қиналады, оларды да сатып кетеді. Көруге ұсынамын!
670 viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 09:00:47 ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ ҚАЛДАРЫҢЫЗ ҚАЛАЙ? БҮГІН “КРЕДИТ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

Егер сіз кредит алған банк лицензиясынан айырылып қалса, сіз өзіңіздің қарызыңызды ғайып болып кетті деп ойламаңыз. Банк туралы хабарды естігеннен соң, сол банктің бір филиалына барып, ары қарай не істейтініңізді біліңіз. Немесе көп жағдайда бір банкті екінші банк сатып алады. Мысалы, 2022 жылы Сбербанк жабылып, оны қазақстандық “Бәйтерек” холдингі сатып алды да, қазір “Береке” Банк болып қайта ашылды. Бұл дегеніміз, банк жабылса да, атын өзгертсе де, сіздің қарызыңыз фук етіп жоғалып кетпейді.

Есіңізде болсын! Сізде жоғарыда көрсетілгендей жағдай болса, жаңа банкке кредит төлеп бастасаңыз, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БАРЛЫҚ КВИТАНЦИЯЛАРДЫ сақтап қойыңыз. Өйткені, сіздің төлем қабылданбай қалуы мүмкін немесе түрлі техникалық ақаулардың кесірінен сіз төлегеніңізді дәлелдей алмауыңыз мүмкін.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ҚАРЫЗ ДЕГЕН ЖАМАН. ОЛ СІЗДІҢ ЖОЛЫҢЫЗДЫ ЖАБАДЫ. ҚАРЫЗ ЕКІ ДҮНИЕДЕ ДЕ СҰРАЛАДЫ, МЕЙЛІ ОЛ АДАМ БОЛСЫН, МЕЙЛІ БАНК БОЛСЫН. ҚАРЫЗДЫҢ АТЫ - ҚАРЫЗ.
1.0K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 12:00:15 ЖАУАБЫ….

АҒАШТАР


- Сіз логикаға жүгінетін ақылды адамсыз және көп жағдайда тәуекелге бармайсыз. Сізді адамдар сабырлы, ақылды, өз ісінің маманы деп таниды. Сізден кеңес алады, себебі сіздің пікіріңіз олар үшін маңызды. Сіз өте жақсы басшысыз, бірақ шығармашылық адам емессіз. Сіз болашаққа жоспар құрғанды жақсы көресіз, бірақ сіз демалуды жиі ұмытып кетесіз. Сондықтан, кейбір қуаныштарды байқамайсыз. Көбірек демалыңыз және өзіңізге қамқор болыңыз. Қазіргі сәттен рақат алыңыз, жақындарыңызбен бірге болыңыз. Өйткені болашақ белгісіз, ал өмір көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді.

АҒАШТЫҢ БЕТІНДЕГІ ҚЫЗДЫҢ КЕЛБЕТІ

- Сіз адамдарға өзіңіз туралы екі түрлі ой саласыз. Адамдар сізді өзіне сенімді, мықты тұлға деп ойлайды. Сіз қоршаған ортаға тура сондай болып көрінгіңіз келеді. Бірақ шындығында, сіз өзіңіздің армандарыңыз бен әрекеттеріңізде іштей өзіңізге жиі сенімсіз боласыз. Сізбен жақынырақ танысқанда адамдар сіздің мінезіңіз расында ондай емес екенін түсінеді. Сол үшін сіз өзіңізді қорғау үшін өзгелерге ашыла алмайсыз және шынайы бола алмайсыз. Сіздің ойыңызша өзіңіз бен адамдар арасында үлкен қамал қойса, олар сізді жаралай алмайды. Бірақ шындығында қамал - ол сіздің жеке түрмеңіз. Сіздің ішкі жағдайыңыз бен сыртқы келбетіңіз бірдей болуы маңызды. Осылай сіз өзіңізге деген сеніміңіз артады, адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарады және еркін өмір сүріп бастайсыз.

ЖЕРДЕ ЖАТҚАН ФИГУРА

- Сіз адамдарға ұнайсыз, өйткені сіздің мінезіңіз жарқын, ашық. Тез тіл табысып кетесіз. Сіз әрбір күнге қуанатын, тез шабыт алатын адамсыз. Бірақ бір минус бар: егер аяқасты бір жағдай болып қалса, сіз болашаққа жоспар құрмайтындықтан сасқалақтап қаласыз. Сіз қазіргі күнмен ғана өмір сүрмеңіз, болашақты да ойлаңыз. Кейде қазіргі сәттегі рақат өмірді таңдамай, болашақта сізге пайда болатын жағдайды да ойлаңыз.

ЖҮРЕКТЕР ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
1.7K views09:00
Ашу / Түсініктеме