Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-04-27 12:00:05
Все деньги мира

1973 жылы Римде әлемдегі ең бай адамның немересін ұрлап кетеді. Анасы осыдан 2 жыл бұрын ажырасқан кезде, балаларына төлейтін барлық алименттен бас тартқан еді. Енді баласы үшін қылмыскерлер 17 миллион теңге сұрап жатыр. Ал, анасында көк тиын да жоқ.

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Бай адамдар туралы басқаша түсінік қалыптастыратын туынды.
1.6K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 09:00:47 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? СІЗДЕРМЕН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН БӨЛІСПЕКШІМІН ӘРИНЕ, КРЕДИТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Енді сіздің атыңызға алаяқтар кредит алған болса, оны дәлелдеген жағдайда кешіреді.

Қазіргі таңда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен екінші деңгейлі банктер меморандумға қол қойып жатыр. Егер банк алаяқтардың іс-әрекетінен алынған кредитті білсе, бірден сыйақыны тоқтатуы керек болады. Ал, ол сот арқылы “алаяқтық жолмен алынған кредит” екені дәлелденсе, онда банк клиенттің басындағы кредитті алып тастайды. Егер, алаяқтар клиенттің шотындағы ақшаны алған болса, банк бұл жағдайда клиентке ақшасын қайтарып береді.

Келісімге өзгертулер мен толықтырулар 2023 жылдың маусым айының соңына дейін енгізеді.

ЖАНДАРЫМ СОЛ БАРЫНША МҰҚИЯТ БОЛАЙЫҚ. ПИН КОДТЫ, КАРТАНЫҢ АРТЫНДАҒЫ 3 САНДЫ, ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ!
1.6K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 18:13:18 Эфирге кіре алмай отырсаңыз мына сілтемені басыңыз https://youtube.com/live/d-1KlwvjF8o
1.8K views15:13
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 17:17:59 Сабақ басталды: https://start.bizon365.ru/room/gulmiraqarasai/GQ
1.7K views14:17
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 15:59:21 Эфирдің басталуына 1 сағат қалды

2023 жылы үйлі болуға арналған
5 ипотекалық бағдарламаны тек тікелей эфир кезінде БОНУСҚА береміз.

Бұл эфир осы жолы ғана 500 адамға тегін. Келесі жолы 5000 тг болады.


https://start.bizon365.ru/room/gulmiraqarasai/GQ

Осы сілтемені 19:55 те басып эфирге кіріңіз
1.8K viewsedited  12:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 15:58:45 БҮГІН СУ ЖАҢА ЖИВОЙ ЭФИР

КРЕДИТНЫЙ & БАНКРОТНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ курстары кімдерге арналады?
Кімдерге бұл курсқа қатысуға болмайды?
Қай қызмет қанша теңге тұрады?
Именно сіз осы курсты алсаңыз нәтиже шығара аласыз ба?
Курсты алып табыс таппағандар бар ма?
Курстан 1 айда 10 млн табыс тапқан шәкіртіммен таныстырамын. Не істеп, қалай с нуля курсқа келіп он миллион тапқанын білесіздер

Эфир қысқа ғана болады, САҚТАЛМАЙДЫ


https://start.bizon365.ru/room/gulmiraqarasai/GQ

Сілтемені басып 19:55 те сабаққа кіріңіз.


20:00 ге будильник қойып алыңыз
1.7K viewsedited  12:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 12:00:19
Кел, сенің кірісің мен шығының туралы сөйлесейік (Давай поговорим о твоих доходах и расходах) - Карл Ричардс

Автор бұл кітапта сіз бір нәрсені сатып алмақшы болған кезде, эмоцияны сырып қойып, дұрыс мимен ойлануға арналған ұсыныстар береді. Өз қалауларыңызға қарап, дұрыс ақшаны қалай құртуға болатыны туралы айтады. Қарапайым, түсінікті етіп жазылған.


Адам өз кірісі мен шығынын басқара алмаса - қанша жерден миллиондап тапсаңыз да - ешқашан бай болмайсыз. Бәріңізге оқуға әрине кеңес беремін.
1 view09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 09:00:10 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? “ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

9. ТӨЛЕМ ЖАСАУ КЕЗІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР. Қаржылық пирамидада басында бәрі тамаша болады. Ақшаңызды бірден, уақытында толық сумманы аласыз. Сіз ол сумманы алып депозитке не басқаға құртпайсыз. Өйткені, ақшаны аз уақытта 2 есе етіп көбейтіп ұнайды. Сол үшін оны тағы да 2 есе көбейтіп, келесі де аламын деп ойлайсыз. Ол келесі жалғаса береді. Соңында сізде көк тиын да қалмайды. Өйткені, қаржылық пирамидада тек оны құрушылар ғана ұтады. Ақшаңызды қайтар деп барғанда басшылық сізге түрлі сылтауларды айтып, шығарып салады.

10. АҚШАНЫҢ АЗ УАҚЫТТА 2 ЕСЕ ӨСУІ.
Негізінде сізді осындай пирамидаға шақырған кезде, сізге компания жайлы айтып, мақтайды. Әрине, алатын пайданы да айтады. Сол кезде, “сіз 1 000 000 теңге салсаңыз, бір айдан соң 2 000 000 теңге аласыз” деді ме, бірден қашыңыз. Бұл негізі ең бірінші сипаты. Кейбір адамдар пирамида екенін біле тұра ақшасын салады екен. Олар басында ақша салып, пайда көріп қаламыз деп ойлайды. Пирамидадағы ақша харам екенін түсінбейді. Ол ақша сенен кейін кірген адамның ақшасы екенін білсе де, сондай қадамға барады. ЕСКЕРТУ: Егер сіз сондай ақылды болып, басында кіріп, ақшаңызды көбейтіп алссңыз да, ол басқаның көз жасы. Ол ақшаның берекесі болмайды!

ЖҮРЕКТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАРЫҢЫЗДЫ АРТТЫРЫҢЫЗДАР. АДАЛ ТАПҚАН ТАБЫСЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗГЕ, ОТБАСЫҢЫЗҒА ЖҰМСАҢЫЗ. ТІСТЕГЕНННІҢ АУЗЫНДА КЕТЕ БЕРМЕҢІЗДЕР!
444 viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 06:54:45 КРЕДИТТЕН ҚҰТЫЛЫП, ҚОСЫМША ТАБЫС ТАП

ЕРТЕҢ 20:00 де живой тікелей эфир.

КРЕДИТНЫЙ & БАНКРОТНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ курстары кімдерге арналады?
Кімдерге бұл курсқа қатысуға болмайды?
Қай қызмет қанша теңге тұрады?
Именно сіз осы курсты алсаңыз нәтиже шығара аласыз ба?
Курсты алып табыс таппағандар бар ма?

Курстан 1 айда 10 млн табыс тапқан шәкіртіммен таныстырамын. Не істеп, қалай с нуля курсқа келіп он миллион тапқанын білесіздер

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ҚАТЫСҚАН ОҚЫРМАНДАРҒА ҚҰНЫ 75 000 теңгелік 5 ипотекалық бағдарлама беріледі.

Сілтемені басып анкетаны толтырған алғашқа 500 адамға эфир ТЕГІН. Әрі қарай живой вебинар ақылы болады

ВЕБИНАРҒА ҚАТЫСАМЫН
1.5K viewsedited  03:54
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 12:00:01 ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ…

ҚАЙЫҚ

Соңғы кезде сіздің ойыңызша өміріңіге сәттілік жетіспейтін сияқты. Ол махаббат, карьера немесе қаржылық жоспарда болуы мүмкін. Сіз қалаған нәрсе соңғы минутта аяқ астынан жоқ болып кетеді. Өзіңді жолы болмайтын адам ретінде сезіну өте қиын, сіздің ойыңызша тағдыр сізді сынауда. Ең бастысы мейірімділік пен әділдікке деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Көңіліңіз түспесін. Мұндай жағдайлар өмірдің бір бөлігі. Әрбір адамның тағдырында осындай сынақтар бар. Әрбір айдың 15 күні қараңғы, 15 күні ақ. Сіз көңілді жүрген сайын сізге сәттілік өзінен-өзі тартылады. Өз бақытыңызды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз.

КІТАП

Сізге кәдімгідей жақсылап демалу керек. Демалу деген - демалыс күндері ұйқыны қандырып, төсекте кітап оқу емес! Демалыс деген - саяхаттау немесе ойыңызды басқа арнаға бұратын жаңа сабақ алу. Соңғы кезде сізді шартаудың ең жаманы - созылмалы шаршау болып жүр. Ол сіздің денсаулығыңыздан бөлек, жеке өміріңізге де әсер етуде. Ұзақ уақыт демалысқа шықпаған адам - өз өмірін дұрыс басқара алмайды. Келесі демалыста үйде емес, қаладан шығуға тырысыңыз. Ол сіздің жағдайыңызға керемет әсер етеді. Толыққанды эмоцианалды демалыс сізге ем болады, өміріңізге қуаныш сыйлайды.

ЕРІН

Сізге бостандық жетіспейді. Сіздің өміріңізде шектеулі шеңбер бар, одан шығуға сізге ресурс та, батылдық та жетіспейді. Сіз өзіңізді басқалардың пікірінен немесе жағдайға тәуелді екеніңізді сезесіз. Сол кезде бәрін тастап, көшіп кеткіңіз келеді. Кейін қорқыныш басып, жаңа өмір, бостандық сізді алаңдатады. Бастапқыда кішкене дүниеден бастаңыз. Мысалы, сіз өзгелер сізден күткен нәрсені емес, өз қалаған нәрсеңізді істеп көріңіз. Бұл сіздің ой бостандығы, іс-әрекет бостандығы, таңдау бостандығына деген алғашқы қадамыңыз болады. Бірден үлкен өзгеріс қажет емес, кейде өз қалаған нәрсеңізді істеңіз. Әрине, ең қиыны бірінші қадам жасау. Кейін бұл әрекетіңіз ұнаса, ары қарай оңай болады.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
1.9K views09:00
Ашу / Түсініктеме