Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2023-04-17 15:45:43 ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ:

1. КАРТИНАНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ


Сізде керемет таланттарыңыз бар және сіз қиялшылсыз. Мұндай адамдар барлық жерде, әсіресе творчествода да, өнерде де үлкен мүмкіндікке ие. Сіз қоршаған орта мен адамдарға өте сезімталсыз. Өзіңіздің шынайылығыңыз бен адалдығыңыздың арқасында достар мен жаңа танысулар көп болады. Сіз сондай нәзік, сезімталсыз. Кейде бір сөз немесе фильмдегі бір сцена сізді жылатып қояды. Осылай сіз бір күн бойы эмоцианальды халде жүресіз. Өзіңізді қорғаңыз. Сізге сапалы демалыс қажет.

2. КІТАП

Сіздің көзқарасыңыз жиі өзгермейді, сондықтан сізге өз өміріңізге жаңашылдықты кіргізу оңайға соқпайды. Сіз өте сақ жүресіз, әрбір қадамыңызды ойлап басасыз. Кейде бұлай істеп, жақсы мүмкіндіктерден айырылып қалуыңыз мүмкін. Бірақ, ойланып, сақтанып жүргеніңіз сізді қанша ма келеңсіздіктерден құтқарған. Сіз қажет ақпаратты таба аласыз, өйткені негізгі мәліметтерге көңіл бөлесіз. Сондықтан сізден достарыңыз бен жақындарыңыз көмек сұрайды. Өйткені, сіздің пікіріңіз олар үшін маңызды. Кейде тәуекелге барыңыз, сонда сіз жаңа бір нәрсені көресіз. Себебі, жаңа өзгеріс - ол жаңа даму. Сіз тіпті ұтылып қалсаңыз да, ол сіздің өміріңізде бір тәжірибе ретінде қалады.

3. Қыз

Сіз барлық адаммен тез тіл табысып кетесіз. Сіздің басқалармен сөйлесу қабілетіңіз тамаша. Сіз өзіңізді біреудің орнына тез қойып көре аласыз, сондықтан сіз уақытында көмек керек адамға жәрдемдесесіз. Сізді қоршаған адамдар сізбен көбірек уақыт өткізгісі келеді, өйткені сізден бір ерекше терапия алады. Өзгелердің проблемаларын түсінемін деп, оларға жаныңыз аши берсе - сізде “құтқарушы” қызметі қосылып, әрдайым адамдарды құтқару, көмек беруге асығып тұратын боласыз. Бұл өзіңіздің уақытыңыз, ресурстарыңыз бен қызығушылықтарыңыздан бас тартуға әкеледі. Өзіңізді ұмытып кетпеңіз! Ішкі дүниеңізге үңіліңіз. Көмектескіңіз келсе, ең бірінші ол адамға қараңыз, сол жағдайдан шығу үшін ол адам бірнәрсе істеп жатыр ма?

4. Еркектің келбеті

Сіз өз проблемаңызды ешкімнен көмек күтпей, өзіңіз шешетін адамсыз. Сіз біреуден көмек сұрауға қиналасыз, сондықтан сіздің ойыңызша өзіңізден артық ол істі ешкім істей алмайды. Бірақ, сіз өзгелерге қуана көмек бересіз. Бір жағынан сіз тәуелсіздігіңізді сақтап, әрі күштірек боласыз. Екінші жағынан, сіз шаршаңқылық пен жалғыздықты сезесіз. Сондай кезде, іштей сізді де біреу құтқарса екен деп ойлайсыз. Жақындарыңыздан кейде көмек сұрап үйреніңіз. Бұл әлсіздік емес, бұл адами қатынастардың бір бөлігі. Сізге де біреу көмек беруі керек.

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
879 viewsedited  12:45
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 09:00:02
ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? АПТАНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ БАРШАМЫЗҒА СӘТТІ БАСТАЛСЫН!

БҮГІН БІЗДЕ ТЕСТ СУРЕТКЕ ҚАРАҒАНДА ЕҢ БІРІНШІ НЕНІ КӨРДІҢІЗ? 100 РЕАКЦИЯ ЖИНАЛСА, ЖАУАБЫН САЛАМЫН
1.3K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 08:47:46 Бүгін 16.04. 20:00 тікелей эфирді қайта көре аласыз

Эфирде
«КРЕДИТНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ» және
«БАНКРОТНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ» тереңдетілген курстарына жылына бір-ақ рет Оразаның құрметіне РАСПРОДАЖА ең төменгі бағамер сатылым ашылады

• Эфирде жеңілдік бағамен БРОНЬ жасауға болады

• Переводпен төлеуге болады

• 3-6-12-24 айға банк арқылы *БЕЗ ПРОЦЕНТОВ* бөліп төлеу бар

Эфирді БҮГІН 20:00 қайта көре аласыз

МЕГА АКЦИЯ эфиріне доступты мына телеграм каналда аласыз
МЕГА АКЦИЯҒА ҚАТЫСАМЫН

P.S.:
Дауыл, жел, боран болмасын - интернет желісі бүкіл Қазақстанда жақсы болсын. Әумин деп қойыңыз
99 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 09:13:45 БҮГІН 15-АПРЕЛЬ МЕГА АКЦИЯ

Сағат 20:30 тікелей эфирде КРЕДИТНЫЙ & БАНКРОТНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ тереңдетілген курстарыма жылына бір-ақ рет болатын РАСПРОДАЖАДА болады

Жеңілдік тек ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ жасалады

Эфир қысқа ғана болады, САҚТАЛМАЙДЫ.

Көк сілтемені басып анкета толтырған оқырмандарға тікелей эфирге смс-доступ жібереміз

МЕГА АКЦИЯ АНКЕТА

20:30 ға будильник қойып алыңыз
449 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 12:01:06
Сам себе финансист

Бұл кітаптың мақсаты - адамға қандай айлық болса да, ақша жинауға болатынын дәлелдеу. Кітапта не айтылады?

-Ақшаны қалай жұмыс істетуге болады;
-Қауіпсіздік жастығы дегеніміз не және ол не үшін қажет;
-Шығын мен кірісті қалай қадағалау керек;
-Қаржылық мақсатты қалай дұрыс қою керек және т.б. сұрақтарға жауап ала аласыздар.

Кітапты оқуға кеңес беремін. Кітапты күнде оқу - пайдалы. Керек кітапты күнде оқу - маңызды.
268 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 09:00:02 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! БҮГІН СІЗДЕРМЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ

1.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ НЕ ҮШІН ҮЙРЕНУІМ КЕРЕК?

Нарықтық экономика заманында ақшаның не екенін түсінбейтін адамдар бар. Олардың айлығы тіпті миллион теңге болса да, кедей өмір сүреді. Сондай-ақ, сіздің қаржылық сауатыңыздың төмендігін басқалар рақаттанып тұрып пайдаланады. Міне, осы себептер үшін сіз қаржылық сауатыңызды арттыруыңыз керек!

2. МЕНІҢ АЙЛЫҒЫМ ӨЗІМЕ ЖЕТЕДІ. ӨЗ АҚШАМДЫ САНАЙ АЛАМЫН. СОНДА НЕ ҮШІН МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫМДЫ АРТТЫРУЫМ КЕРЕК?

Миллион айлық алу - сізді бай болып өмір сүреді деген сөз емес. Сіз бұл айлықты қандай да бір профессия үшін алып отырсыз. Уақыт өте сіздің орныңызды сізге қарағанда жас, білімді маман келеді де, сіз далада қалуыңыз мүмкін. Ал, ақшаны басқару үшін сізге басқа дағдылар мен білім қажет.

3. ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАШАН ҮЙРЕНГЕН ЖӨН?

Қаржылық сауаттылықты бізге не мектепте, не университетте үйретпейді. Біз тек санды санап үйреніп шығамыз. Өмірде осы сауатымыздың жоқтығынан әркімге бір жем боламыз. Біресе банк алдайды, біресе МФО, тіпті жанымыздағы адамдар да алдайды. Қаржылық сауатты болу үшін осы салада тәжірибесі бар адамнан сабақ алыңыз. Сіз курсқа бір рет қана төлейсіз, ал ондағы білімді өмір бойы пайдаңызға жаратасыз. Балаларыңызды да дұрыс тәрбиелейсіз.
635 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 19:14:20


ӘР ЖЫЛЫ ОРАЗА АЙЫНДА ӨТЕТІН МЕГА-АКЦИЯ

ЖЫЛЫНА БІР-АҚ РЕТ БОЛАТЫН РАСПРОДАЖА

МЕГА-АКЦИЯ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТЕДІ

ЭФИРГЕ МЫНА АНКЕТАНЫ ТОЛТЫРҒАНДАР ҒАНА ҚАТЫСАДЫ


МЕГА АКЦИЯҒА ҚАТЫСАМЫН
1.2K viewsedited  16:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 11:58:57
Битва полов

Уимблдонның чемпионы 55 жасар Бобби Риггс пен 29 жасар Билли Джин Кинг арасындағы ұлы теннист мачы туралы фильм. 1973 жылы 50 миллион американдықтардың басын қосқан тарихи ойын өтті. Әйелдер ол кезде еркектермен салыстырғанда он есе аз алатын.

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Көруге кеңес беремін. Фильм таңдағанда +16, +18, +12, +6 дегенге мән беріңіздер. Бұл сіздің балаңызға көруге бола ма, жоқ па соны білдіреді.
561 views08:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 09:01:58 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? СОҢҒЫ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСЕМІН

Енді сіз нотариусқа бармай-ақ, құжаттарыңызды онлайн рәсімдей аласыз.

Әділет министрі “Цифрлі нотариат” жобасын іске қосты. Қазақстандықтар еGovMobile қосымшасы арқылы бұл қызметті онлайн ала алады. Ол үшін:

1. Сервис => Enotary таңдайсыз

2. Қажет деректерді толтырып, “Заказать услугу онлайн” басасыз

3. Смс арқылы немесе биометрия арқылы құжатқа қол қоясыз

4. ”Нотариуспен видеозвонокқа рұқсат етуді” басасыз

5. ”Перейти к видеозвонку” басып, нотариустан жауап күтесіз.

6. Видеозвонок аяқталғаннан соң, өзіңіздің заявкаңыздың статусын “Нотариальные действия” бөлімінен көре аласыз.

Бағдат Мусиннің айтуынша нотариустың қызметінің бағасы өзгермейді. Азамат ақшаны онлайн төлейді.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ МЕН КЕЙБІР АТАУЛАРДЫ ОРЫСША ҚАЛДЫРДЫМ. ӨЙТКЕНІ, ҚАЗАҚШАҒА АУДАРСАМ СІЗДЕРГЕ ТҮСІНІКСІЗ БОЛУЫ МҮМКІН.
870 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 12:00:33
Лидерство, основанное на принципах - Кови Стивен

Бұл кітапта сіздер:

- Жеке өмір мен жұмыстың арасындағы балансты қалай ұстауға болатынын;
- Қалай басқалардың жетістігіне шынайы қуануға болатынын;
- Қол астындағылармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектінін білесіздер.

Автордың девизі: “Адамға балық берсең, оны бір күн ғана тойдырасың. Адамға қармақ берсең, өмір бойы тойдырасың”. Әрине оқуға кеңес беремін. Жандарым сол әлемде миллиондаған кітаптар бар. Мен солардың ішінен сіздерге ең қажеттілерін тауып, жазып отырмын. Сондықтан, кітап оқыкыздар. Кітап - мидың азығы.
842 views09:00
Ашу / Түсініктеме