Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2023-04-12 09:01:05 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН БІЗ “ИНФЛЯЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

1. НЕГЕ МЕМЛЕКЕТ ИНФЛЯЦИЯНЫ ЖОҚ ҚЫЛМАЙДЫ?
Қазақстан нарықтық экономиканы таңдағандықтан, нарыққа мемлекет араласып, оны толықтай басқара алмайды. Егер басқара алса, онда елімізде жоспарлы экономика болушы еді (бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегідей). Одан бөлек, егер елде инфляция болмаса, дефляция болады. Бұл дегеніміз - халық ақша құртпайды. Яғни, тауар арзандайды деп, барлығы ақшасын қолдарында ұстап күтеді. Осылай экономикалық белсенділік тоқтайды. Сондықтан әрбір елге аздаған инфляция маңызды. Ол тұтыну мен инвестицияға серпін беріп, экономикалық өсімге жол ашады.

Ал, егер инфлияция тым жоғары болса, ақша құнсызданып кетеді. Нарықтағы қызметтер мен тауарлардың құнын өтуге ақша жетпейді. Адамдар мұндай жағдайда бартерге көшеді. Бұл жағдайда да экономикалық белсенділік төмендейді.

2.
”БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жаңалықтардан “Базалық мөлшерлеме” туралы естіген боларсыздар. Енді осыған тоқталсақ. Базалық мөлшерлеме - бұл экономикадағы ақшаның құны. Ұлттық банк (Халық банк емес) екінші деңгейлі банктерге (Халық, БЦК, Береке, Форте, Фридем) базалық мөлшерлеме бойынша ақша береді. Қазіргі таңда базалық мөлшерлеме 16% құрайды. Енді банктер халыққа кредит берер кезде осы базалық мөлшерлемені пайдаланады. Жаңағы 16% үстіне өз пайызын қосады. Яғни, ол қосқан пайызы - банктің пайдасы. Мысалы, банктің несиесінің пайызы 45% болса, онда оның 29% өзінің табысы деген сөз.

Өкінішке орай, Қазақстанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жиі өзгертеді.

3. ИНФЛЯЦИЯ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Кредит алуды тоқтату керек. Банктің пайызы өсуде. Ал, айлық өспей жатыр. Той жасап, шашылуды тоқтату керек. Әсіресе, той жасау үшін КРЕДИТ алуды доғару керек! Артық ақша болса жинаңыз! Шашпаңыз! ”Мемлекет көмектеседі, банктен кредит ала саламын”, - деген ойлардан арылыңыздар. “Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен білімің екі жақтап”.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП ҰНАДЫ МА?
1.1K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-10 12:01:21 ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ …

1 сурет. Сіз өте ізденпаз адамсыз. Сізге нәтиже маңызды және әрдайым дамуды қалайсыз. Сіз жұмысыңызға/отбасыңызға/достарыңызға берілген адамсыз. Көп адамдар сізді өте перфекционист, ережеге бағынатын адам ретінде санайды. Бірақ, сізге жұмыстағы реттілік ұнайды. Сіз шешім қабылдағанда көп ойланасыз, барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырасыз. Сіз - сенімді доссыз. Көп жағдайда досыңыз үшін өз қызығушылықтарыңыздан бастауға дайынсыз.

2 сурет. Сіз жүрегі жұмсақ, сезімтал адамсыз. Қоршаған ортаға мейірімдісіз және әрдайым мықты болуға ұмтыласыз. Сіз өтірік айтпауға тырысасыз, өйткені оның жаман екенін жақсы білесіз. Сіз не шындықты айтасыз, не үндемейсіз. Бірақ, сіз өтірікті бірден сезіп қоясыз. Бұл қасиеттеріңіз адамдар алдында сізді сенімді етеді. Кейде, сіз өзіңізге көңіліңіз толмай іштей жеп тастайсыз. Өйткені, миыңызда бір идеалды жасап алып, соған қарай ұитыла бересіз. Есіңізде болсын, идеалды адам болмайды. Сіздің атағыңыз өте жақсы, адамдармен тез танысып кетесіз. Ең бастысы өзіңізді ең жақын достармен қоршай аласыз.

3 сурет. Сіз байқағышсыз және анализ жасау қабілетіңіз - өмірде жол көрсетіп келеді. Сіз шешіміздің әрбір үтір, нүктесіне дейін ойлайсыз. Сіз басқалар байқамайтын ұсақ-түйекті байқайсыз. Сіз тіпті адамның көңіл-күйін, төсектің мыжылғанын және т.б. бәрін байқап қоясыз. Кейде бұл қасиетіңіз сізге демалуға кедергі жасайды. Достарыңыз сізді тұйық немесе мінезді деп қалжыңдауы мүмкін. Бірақ, сіз секілді бақылағыштың қасиеті мықты досты табу қиын.

4 сурет. Сіз көңіл-күйді көтеретін адамсыз. Сізбен жүрсе адамдардар әрдайым мейрам болады. Бір нәрсені қатты қаласаңыз, соған жетпей тыным таппайсыз. Кейде достарыңыз сізге “жаңа идея, жаңа достар” деп негізгі жұмысыңызды ұмытып кетесің дейді. Бірақ сіз өз мақсатыңызға жеткендегі сезімді сізден басқа ешкім сезіне алмайды.

ЖҮРЕКТЕР ТЕСТ ҰНАДЫ МА?
1.1K viewsedited  09:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-10 09:00:05
ҚАЙЫРЛЫ КҮН ЖАНДАРЫМ СОЛ! АПТАНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ БАӘРІМІЗГЕ СӘТТІ БАСТАЛСЫН!

БҮГІН БІЗДЕ ТЕСТ СУРЕТТЕГІ БІР ФИГУРАНЫ ТАҢДАҢЫЗ. ЖАУАБЫН 100 РЕАКЦИЯ ЖІБЕРСЕҢІЗДЕР САЛАМЫН
281 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-07 12:31:45
“САРАҢ” - (ЖМОТ)

Франсуа Готье - скрипкашы. Бірақ өте сараң адам. Ақшаны үнемдеу үшін кассада 1 сағат тұруға да дайын. Базарға бару, бір нәрсе сатып алу керек десе - қатты қорқады.

Франсуаның өмірі бір күнде өзгереді. Фильм комедия жанрында түсірілген. Отбасыңызбен көруге ұсынамыз. Адам сараң болып, ақша үнемдегені дұрыс па әлде қолы ашық болып, қосымша табыс тапқаны дұрыс па?
2.2K views09:31
Ашу / Түсініктеме
2023-04-07 09:03:46 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! СІЗДЕРМЕН БҮГІН “ИНФЛЯЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫН ҚОЗҒАЙМЫЗ.

“ИНФЛЯНЦИЯ” дегеніміз - тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі. Елімізде 2023 жылы ақпанда инфляция 21.3% құрады.

Негізінде жалпы инфляция мөлшерін анықтау үшін тізімдегі барлық тауар пен қызметті тексеріп шығу керек. Мысалы, бір тауар 1-3 айда бағасы 20-30% қымбаттаса, инфляция болды деген сөз емес. Мысалы, бензин қымбаттаса, басқа тқтыну тауары өз бағасын сақтап тұруы мүмкін.

Көбіміздің сұрағымыз “Бидай өзімізде шығады, бірақ неге қымбат?” деген сұрақ бар. Бидай саудасымен айналысатын мемлекет емес, кәсіпкерлер. Олар: “елімізде тиын-тебенге нан сатқанша, шетелге қымбат етіп ұн ретінде/бидай ретінде өткізгенім 2 есе пайда әкеледі”, -деп ойлайды. Кәсіпкерлер негізі дұрыс ойлайды. Өйткені, жұмысшылардың айлығы бар, компанияның шығыны бар, салық бар, шикізат бар. Ешбір кәсіпкер қанша патриот болса да, шығынға батқысы келмейді. Бұл нарықтық экономика.

Көп бастықтар “Инфляцияны - әлемдік қымбатшылықпен” түсіндіреді. Бірақ, бағаның өсуіне әсер етәп жатқан көп фактордың бірі ғана. Мысалы, инфляция 100% десек, оның 20-30% ғана әлемдегі бағалардың өсуі, ал қалған 80% Батыс компанияларының Ресей Федерациясынан кеткеннен соң, Орталық Банктің рубль бағамын 5-тен 8-ге көтергеніне байланысты. Яғни, көрші елдердегі (Қытай, Ресей) не болса, ең бірінші бізге әсер етеді.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ ИНФЛЯЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ ҚЫЗЫҚ БОЛДЫ МА? ПАЙДАЛЫ БОЛСА, ҚОЙЫҢЫЗДАР
372 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2023-04-06 12:00:05
“Ақырын ойлан, тез шешім қабылда” - (Думай медленно, решай быстро) - Даниэль Канеман

Біздің іс-әрекетіміз бен пиғылымыз - ойымыздың жемісі. Біз өз ойымызды әрдайым басқара аламыз ба? Автор, Нобель сыйлығының иегері Даниэль Канеман “дұрыс емес” шешімді неге тез қабылдайтынымзы түсіндіреді.

Миға, адамның ойлауына қатысты кітаптарды оқыңыздар! Ақша бірінші - мида пайда болуы керек, кейін ол қолда болады! Бәріңізге оқуға кеңес беремін!
1.4K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-06 09:00:04 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР ? “КАРТА” ТУРАЛЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ. АЛ, КЕТТІК

5-кеңес. ӘРДАЙЫМ БАНКПЕН ХАБАРДА БОЛЫҢЫЗ.


Картаңызға ақшаны жұмсағаныңыз жөнінде смс келмейтін болса, соны қостырып кетіңіз. Мобильді банкті жиі тексеріп тұрыңыз. Солай сіз ақшаңыздың бар-жоғын біліп отырасыз. Егер картадан бір нәрсе сатылып алынса, сіз бірден қалған ақшаны басқа картаға аудара аласыз.

Картаңыз алаяқтардың қолына түссе (жоғалтып алсаңыз), мобильді банкингке кіріп немесе банкке тікелей хабарласып, картаңызды бұғаттап тастаңыз. Сол кезде алаяқтар ақша шеше алмайды. Ал, егер сіз банкке ескерткеннен соң ақша шешілсе, онда банк сіздің ақшаңызды қайтарып беруі тиіс.

6-кеңес. АВТО, ҚОНАҚ ҮЙДІ БРОНЬДАУҒА АРНАЙЫ КАРТА ЖАСАТЫҢЫЗ.

Иә, иә! Мысалы, сіз шетелде үйді не машинаны жалға алсаңыз, картадағы жарты ақшаңызды қол жетімді етпей қояды. Өйткені, сіз біреудің мүлкін алып отырсыз және оған қандай да бір нәрсе болса (жиһазды құрту, сындыру, машинаны соғу, автоны сыру және т.б.), онда сол картадағы жарты ақшадан автоматты түрде алынады.

Сол үшін арнайы картамен броньдасаңыз, сол картада қанша ақша бар, солар қол жетімсіз болады. Әрі сіз ол картаға артық ақша салмайсыз ғой, сондықтан алаңдамайсыз.

ҚҰРМЕТТІЛЕР СІЗДЕРГЕ БЕРГЕН АҚПАРАТЫМ ПАЙДАЛЫ БОЛДЫ ДЕГЕН ҮМІТТЕМІН. РЕАКЦИЯ ЖІБЕРІП ҚОЙСАҢЫЗДАР
1.5K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-05 12:00:02
Ештеңеге қарамастан - (Не/смотря ни начто)

Фильм көзінің жанары 5% ғана көретін Салли Кахаватте туралы. 15 жасында жанарынан айырылса да, мектепті “жақсы” бітіріп шығады. Одан кейін “Экономика және қонақ үй бизнесі” мамандығына түседі. Өзі қалайтын қонақ үйде тағылымдама (стажировка) өтуге бар күшін салады. Бірақ, жұмыс берушілер оның мүгедек екенін білгеннен соң, сыпайы түрде шығарып салады.

Бірақ, Салли берілмейді. Мюнхендегі 5 жұлдызды қонақ үйден тағылымдамадан өтеді. Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Отбасыңызбен, әсіресе балаларыңызбен бірге көріңіздер!
962 viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-05 09:00:16 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН “САЯХАТТАҒЫ” КАРТА МӘСЕЛЕСІН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

3-кеңес. БІРНЕШЕ БАНК КАРТАСЫН ҚОЛДАНЫҢЫЗ


Сіз банкке хабарласып, жағдайды шешкеніңізбен, техникалық ақауларға байланысты да ақшаңызды шеше алмауыңыз мүмкін.

Сондай жағдай болмас үшін кем дегенде 2 картаңызды алыңыз. Екеуі екі банктен және әртүрлі төлем жүйесі болуы тиіс. Кейбір карталардың төлемі шетелде жүрмейді. Ал, кейбір банк карталарына шетелде шектеулер бар. Саяхатқа шығардан алдын банкке барып, менеджерден консультация алыңыз.

P.s. Банктің колл центрінде отыратын менеджерлердің білімі аз, тәжірибесі аз. Сізге дұрыс консультация бере алмайды, сол үшін банктің өзіне барыңыз!

4-кеңес. АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Екі картаңыз бар, бәрі сіз жоспарлағандай болып жатыр. Бірақ қартаңыздан ақша жоғалып жатыр.

- ЕШҚАШАН БАНК КАРТАҢЫЗДЫ сізден алып, төлемді басқа жерде жасауына жол бермеңіз. Алаяқтар сіздің банк картаңыз туралы барлық ақпаратты алып, кейін интернеттегі сайттар арқылы тауар сатып алады.

- Үлкен сауда орталықтарында, қонақ үйлерде орналасқан банкоматтардан ақша шешіңіз. Өйткені, ол қауіпсіз. Ең жақсысы, банктің ішінде орналасқан банкоматтардан шешкен абзал.

- Ақша шешерден алдын банкоматты мұқият қарап шығыңыз. Кішкентай камераның бар-жоғы, клавиатураны ары-бері қозғатып көріңіз. Басқа да қосымша нәрселердің бар-жоғын тексеріңіз.

- Егер сізге банкоматпен көмек керек болса, бейтнаныс адамдардан көмек сұрамаңыз. Әсіресе артыңызда кезекте тұрған адамнан немесе жаныңызда “кеше тура сондай жағдай болды”, - деп, сізге айтып тұрса, тіпті жақындамаңыз. Ешкімге ПИН кодты айтпаңыз. Банкке барып, менеджерден көмек сұраңыз.

ЖАЛҒАСЫ БАР …

СІЗДЕР ШЕТЕЛДЕ ЕШКІМ ЕМЕССІЗДЕР. СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ, АҚШАҢЫЗДЫҢ, БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - ТЕК СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА! “САҚТАНСАҢ САҚТАЙМЫН”, - дейді АЛЛА ТАҒАЛА!
1.2K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-04 12:04:35
Ешқашан жағыз тамақтанбаңыз (Никогда не ешь в одиночку)

Кітаптың авторы Кейт Феррации журналист, жазушы. 2005 жылы шыққан бұл туынды әлі күнге дейін өзекті.

Кітапта автор адамдармен қалай танысып, сенімді қарым-қатынас құруға үйретеді. “Бәріміз таныса аламыз ғой”, - деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ ол адам кейін сізбен ары қарай жұмыс істеп, сіздің мақсатқа жетуге қаншалықты пайдалы болады? Міне, осы сұрақтарға жауапты “Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз” кітабынан табасыз. Барлығыңызға оқуға кеңес беремін!
1.4K views09:04
Ашу / Түсініктеме