Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП “ҚАЛАЙ ДҰРЫС ҚАРЖ | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП “ҚАЛАЙ ДҰРЫС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРМЕН ЖҮРУ КЕРЕК?” ДЕП АТАЛАДЫ.

1. Өзіңізге маңызды қаржылық жоспарды таңдаңыз.

Мысалы, зейнетке ақша жинау. Бірақ, қазір сіз жас болсаңыз, зейнетке 20-30 жыл бар болса, онда отбасыңызға пәтер немесе машина алған дұрыс. Пәтер балаңызға мұра болып қалады, әрі отбасылы адам үшін ең бірінші мақсат - үй болу керек. Үйді ипотекаға алған жағдайда оны төлеп жатып, аз суммадан болса да зейнетке жинауды тоқтатпау керек.

Сіз “неден бас тартуға болады?”, “неге көбірек ақша жинау керек?”, “ең бірінші не сатып алу керек?” деген сұрақтардың жауабын білетін боласыз.

2. ”Қаржылық жастық” жасап қойыңыз.

Егер сіз бұны әлі істемесеңіз, қаржылық жоспарыңыздың нөмір бірінші істеу керек - осы қаржылық жастық болсын! Орыстар мұны “деньги на черный день” дейді. Ал, қазақтар “тыққан-пыққан ақша” дейді. Яғни, банктен депозит ашып, оған кем дегенде 3 айлғыңыздың ақшасын салыңыз, ал негізі ең жақсысы әрине 6 айлығыңыз. Егер отбасылы болсаңыз еш ойланбастан осы жоспарды істеңіз. Бұл сізге тыныш ұйықтауға көмектеседі.

Қазақстанда “страховка” сөзін банктен кредит алғандар ғана біледі. Негізінде адам өз өмірін де, мүлкін де страховать ете алады. Бірақ ол елімізді онша атақты емес. Бірақ, соған қарамастан қазақстандықтар өз өмірлеріне алаңдап, зейнетке шығарын алдын-ала жоспарлап жатқандары бар, яғни өмірін страховать етіп қояды. Жасы келгенде страховканың ақшасын алады.

ЖАЛҒАСЫ БАР…