Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.79K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-04-24 09:00:05
ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? ЖАҢА АПТА БАРШАҢЫЗҒА СӘТТІ БАСТАЛСЫН!

АЛ, БҮГІН БІЗДЕ ТЕСТ СУРЕТКЕ ҚАРАҒАНДА БІРІНШІ НЕНІ КӨРДІҢІЗ? ЖАУАБЫН 100 РЕАКЦИЯ ЖІБЕРСЕҢІЗДЕР ЖАЗАМЫН
1.8K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 16:12:23 АЛАЯҚТАРҒА ЖЕМ БОЛМА

ТОЛЫҚ ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН


1.5K views13:12
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 12:00:08
Сноуден

Эдвард Сноуден - өз Отаны АҚШ сүйетін қарапайым азамат. Әскерден кейін, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеп бастайды. Одан кейін ЦРУ жұмысқа кіреді. АҚШ өзінің азаматтарын және шетелдіктерді аңдитынын білген Сноуден өз елінен көңілі қалады. Сөйтіп, Американың сырын бүкіл әлемге жаяды.

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген. Міндетті түрде көріңіздер. Өйткені, барлық үйде телефон мен ноутбук бар. Осы екі құрал арқылы қалай сізді аңдитынын білесіз.
1.7K views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 09:00:52 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? АПТАНЫҢ ТӨРЕСІ - ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

“ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА” ТАҚЫРЫБЫН ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ


7. АГРЕССИВТІ ЖАРНАМА МЕН МАРКЕТИНГ.
Қаржылық пирамиданың өкілдері осындай жарнамаларды көп қолданады. Сондай-ақ, суық хабарласу тәсілін де қолданады. Суық хабарласу тәсілі дегеніміз - менеджер өзі бірінші клиентке хабарласады. Клиент ол компания туралы ештеңе білмейді, менеджер тауарды не қызметті - сол ештеңе білмейтін клиентке таныстырып, қызығушылығын оятады. Қаржылық пирамидағы менеджерлер былай хабарласады:

-Сәлеметсіз бе, Арай!
-Сәлеметсіз бе!
-Мен “Бәленбай Компаниясынан” хабарласып тұрмын. Сізге сөйлесуге ыңғайлы ма?
-Менің нөмірімді қайдан алдыңыз? Ол қандай компания?
-Бәлкім танысың, досыңыз біздің компанияға қалдырған болар?! Айтпағым, сіз 150.000 теңгелік сертификатты ұтып алдыңыз.
-Ол не сертификат?
-Оны сізге толық біздің офисте түсінідіріп береді. Бүгін келе аласыз ба?
-Иә, мекенжай қандай?
-Түгеншейов көшесі, 234 үй. Біз сізді күтеміз. Тағы да құттықтаймын!
-Рақмет! Сау болыңыз!

Міне, мұндай хабарласу бұл тек бір ғана мысалы. Кейде “путевка”, “саяхат”, “ноутбук”, “машина”, “пәтер” ұттыңыз деп те хабарласады. Сіз олардың офисіне барғаннан соң сізді әдемі киінген адамдар қарсы алады. Алдыңызға кофе, шәйіңізді беріп, жылы сөйлеп басыңызды айналдыруға кіріседі. Сізді 2-3 сағаттай ұстайды. Олардың мақсаты сіз офисте кезінде барынша ақша алып қалу. Өйткені, үйге барғаннан соң сіз айнып қалуыңыз мүмкін немесе сізді туыстарыңыз айнытуы мүмкін. Соны болдырмас үшін олар бәрін жасайды.

8. КОМПАНИЯНЫҢ ҚИЫН ҚҰРЫЛЫМЫ. Компания өзін таныстырғанда әртүрлі елдерде еншілес компаниялар (дочерные) және көп оффшорлық шоттары бар екен мақтанып тұрып айтады. Яғни, біздің компания үлкен, сондықтан қорықпауға болады деп. Бірақ, мұндай компанияның ақшасының қайда кетіп жатқанын бақылау да, ұстау да өте қиын. Мұндай компания сізді ойландыру керек.

ЖАЛҒАСЫ БАР…

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ МЕН СІЗДЕРГЕ БАРЫНША ТҮСІНІКТІ БОЛУ ҮШІН ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ЖАЗЫП ЖАТЫРМЫН. ЕГЕР БАСТАРЫҢЫЗДАН ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙ ӨТСЕ НЕМЕСЕ ЕСТІГЕН БОЛСАҢЫЗ, БҰЛ ЖАЗҒАНЫМДЫ БӨЛІСІҢІЗ.
1.6K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 12:00:03
Миыңды жаттықтыр (Тренеруй свой мозг) Рюта Кавашима

Бұл кітап миды жаттықтыруға арналған керемет методикасы бар туынды. Күнде 5 минуттан жасайтын жаттығулар сіздің жадыңызды (память), ойыңыз бен назарыңыздың белсенді дамуына көмектеседі. Әлемде бұл кітапты оқып, жаттығуларын жасап, күшті нәтижеген жеткен адамдардың саны 2 миллионнан асады.

Бұл жапон методикасы. Ал, жапондықтар әлемде ең ұзақ өмір сүретін әрі ең ақылды халықтардың бірі. Кітапты оқуға кеңес беремін.
680 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 09:00:21 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? КЕШЕГІ “ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

4.ШОТ (СЧЕТ). Егер сізге шотыңызды картамен аударым арқылы толтыру керек десе немесе соны қолма-қол ақша арқылы толтырамыз десе - онда олар АЛАЯҚТАР! Өйткені, сіз шот ашқанда лицензиясы бар банктен арнайы өз атыңызға брокерлік шот ашасыз. Ол шотты сіз тек банк төлемі (платеж) арқылы ғана толтыра аласыз! ПЕРЕВОД ЕМЕС!

5. БИЗНЕС-МОДЕЛЬДІҢ АШЫҚТЫҒЫ. Қаржылық пирамидалар өздерінің бизнес-модельдерін қиын сөздермен, түсініксіз етіп түсінідіреді. Бизнес-модель дегеніміз - компанияның қалай ақша тауып жатқандығының жолы. Яғни, адал компания болса еш қиындықсыз қалай пайда түсіп жатқанын оңай айтып беруі керек.

6. ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУҒА ФОКУС.
Егер компанияның мақсаты - өзінің тауар немесе қызметін ұсыну емес, жаңа инвесторларды тарту болса, онда бұл қаржылық пирамиданың белгісі. Егер сіз жаңа инвестор (адам) артыңыздан әкелсеңіз, сізге ол үшін үлкен сумма төленсе, онда ойланыңыз. Бұл 100% ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА!

ЖАЛҒАСЫ БАР…

ЖАНДАРЫМ СОЛ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАҒА (QNET) АЛДАНҒАНДАР ЕЛІМІЗДЕ МИЛЛИОННАН АСАДЫ. “ШЕТЕЛГЕ САЯХАТТАЙСЫҢ, ҚАРТАЙҒАНДА МИЛЛИОНДАП ПЕНСИЯ АЛАСЫҢ, ИНВЕСТОР БОЛЫП, МИЛЛИОНДАП ДИВИДЕНТ АЛЫП ЖАТАСЫҢ” ДЕГЕНДЕРГЕ СЕНБЕҢІЗДЕР! АҚШАНЫ БЕРМЕГЕНШЕ ОЛАР ЖҮГІРЕДІ, АҚШАНЫ БЕРГЕННЕН СОҢ СІЗ ЖҮГІРЕСІЗ!
906 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 12:00:19
12 жылдық құлдық (12 лет рабства)

АҚШ Нью Йорк штатында Соломон Нортап деген музыкант өз отбасымен өмір сүреді. Бір күні оған өте жақсы ұсыныс түседі. Ол Вашингтонда циркте өнер көрсетіп, кейін тамақтанып болғаннан соң есінен танып қалады. Көзін ашса, Жаңа Орлеанда оянады. Оған өзінің есімі Соломонды ұмыттырып, Платт деген есім береді.

12 жыл бойы өз арман-мақсатынан бас тартпаған, бостандық үшін күрескен, үміт үзбеген Соломон Нортап туралы фильмді көріңіздер. Шынайы оқиға желісімен түсірілген.
938 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 09:03:36 ЖАНДАРЫМ СОЛ ҚАЛАЙСЫЗДАР? БҮГІН МЕН СІЗДЕРМЕН ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢ ТАРАҒАН “ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА” ЖАЙЛЫ СӨЙЛЕСЕМІН.

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА КӨП ОТБАСЫН СОРЛАТТЫ, БІРІ ӨЗІН ӨРТЕСЕ, АЛ ЕНДІ ЕКІНШІСІ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ.

“ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАНЫ” ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ?


1. ЛИЦЕНЗИЯ. Ол бәрінде болу керек. Лицензия қазақстандық болмауы мүмкін, бірақ бәрібір болу керек. Лицензияны міндетті түрде тексеріңіз. Өйткені, алаяқтар қазір фотошоптың көмегімен қалаған құжатты жасап ала алады. Егер сізге криптовалютамен сауда жасау үшін лицензия шажет емес десе, онда олар өтірік айтады. Сізге “Басты офисіміз АҚШ, Ұлыбританияда, қазір 100 елде біздің комппния жұмыс жасайды” деп, сіз онша түсіне бермейтін ақпараттарды айтып, басыңызды айналдырып қояды. Ешқашан АҚШАНЫ БІРЕУГЕ АСЫҚПАҢЫЗ! Интернетте қазір бәрі бар. Форумдарға компанияның атын жазсаңыз, адамдардың шынайы пікірін оқи аласыз.

2. КЕПІЛ (ГАРАНТИЯ). Егер сізге қор нарығында қандай да бір акцияны сатып алуды ұсынса және ол менеджер сізге түсетін пайдаңызды жазып/сызып көрсетіп, гарантия берсе, онда бірден тұрып кетіңіз. Алдыңызда отырған адам - алаяқ. Өйткені, қор нарығында ешкім ешқашан акцияның не өсетінін, не көтерілетініне кепіл бере алмайды. Оны тіпті эксперттерде білмейді.

3. ПАЙДА. Ең бірінші сіз осы “пайдаға” назар аударыңыз. Егер сізге түсетін пайдаңыз сақтандырылған, ешқандай қауіп жоқ деп сендірсе - онда бұл компания алаяқтардың компаниясы. Ақша бар жерде қауіп бар. Өйткені, ақшаның құнсыздануы, экономикалық дағдарыс, соғыс, пандемия секілді жағдайлар ақшаға тікелей әсер етеді. Ақшаңыз құнсызданып кетпеуіне тіпті банк кепіл бере алмайды! Сондай-ақ, сіз 5000 000 теңге салсаңыз, 2-3 айдан соң 10 000 000 теңге аласыз десе, онда бұл - 100% пирамида. Ешқандай қаржылық ұйымдарда сіз ақшаңызды ондай аз уақытта 2 есе көбейтіп бермейді!!! Олар айтуы мүмкін “Біз бұл ақшаны шетелдегі бір компанияның оборотына саламыз, олардың айлық табысы бәнебай миллион доллар. Міне, сол түскен пайданы сіздер аласыздар” деп. ЕШҚАШАН СЕНБЕҢІЗДЕР! Сіз ол шетелдегі компанияның бар-жоғын білмейсіз! Сізге бір өтірік мөрі бар (печать) құжаттарды дәлелдеме ретінде көрсетуі мүмкін. (Мөрді Қазақстанда 1 күнде жасап алуға болады). Ақшаны бердіңіз бе, оны ала алмайсыз ешқашан!

ЖАЛҒАСЫ БАР …

ЖҮРЕКТЕР БЕРГЕН АҚПАРАТЫМ ҰНАДЫ МА? РЕАКЦИЯ ЖІБЕРІП ҚОЙСАҢЫЗДАР
1.2K views06:03
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 12:00:06
Кемел адам - Қ.Жолдыбайұлы

Автор бұл туындысында идеалды адамның (кемел адамның) бойында кездесетін қасиеттері мен олардың ерекшелеіктерін жазады. Өмірде идеалды адам жоқ. Бірақ сол идеалдыққа ұмтылу керек. Өйткені, кемел адамның тәнінен бастап, жанына дейін сұлу болады. Білімдігілігі, көрегендігі мен адамгершілігін айтпағанда.

Кітаптың әрбір бөлімінде мысалдар келтіріліп, қағидалармен бекітілген. Әрбір қазақтың үйінде болу керек кітап! Оқыңыздар, көңілге тоқыңыздар!
1.0K viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 09:00:02 ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? БҮГІН СІЗДЕРМЕН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН БӨЛІСПЕКШІМІН.

ЕНДІ МЕМЛЕКЕТ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕП БЕРЕДІ.

КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?


- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- бала кезінен мүгедектігі бар балалар;

ҚАНША ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Бір адамға жылына 29 АЕК, яғни 100 050 ( 2023 жылға 1 АЕК - 3450 теңге).

ҚАНДАЙ ОҚУ ОРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕР АЛА АЛАДЫ?

-техникалық;
-кәсіптік;
-орта білімнен кейінгі (колледж);
-Жоғары оқу орындары (университет).

БИЫЛ ҚАНША СТУДЕНТ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛА АЛАДЫ?

Мемлекет бюджетіне бірден үлкен шығын келмес үшін, құзырлы органдар 2023 жылы 450 студентке жәрдемақы тағайындауды жоспарлауда.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ ЖАҢАЛЫҚ ҰНАДЫ МА? ҚАЗАҚСТАНДА ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ КЕРЕК. 2022 ЖЫЛЫ КӨП СТУДЕНТТЕР ДАЛАДА ҚАЛДЫ. ОҚУ, БІЛІМ ӘРИНЕ ЖАҚСЫ, БІРАҚ СОЛ ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРГЕ КІШКЕНЕ ДЕ БОЛСЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ КЕРЕК.
1.2K viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме