Get Mystery Box with random crypto!

Билікке сенеміз бе? Халыққа сенеміз бе? Екібастұздан ашынған | DALA INSIDE

Билікке сенеміз бе? Халыққа сенеміз бе?
Екібастұздан ашынған тұрғындар звондап жатыр. "Оңғар, 17 үйде ғана жылу жоқ деп саған өтірік ақпарат берген. Біз тұратын көшенің өзінде 20 шақты үйде жылу жоқ" дейді.
Астана қаласынан Жанармын деп звондаған бір апай Екібастұзда бүкіл туыстарым тұрады, біреуінің үйінде жылу жоқ деді.
Хабарласқан тағы бір тұрғын, "көп үйлерде суық су да жоқ. Свет жиі өшіп қала береді. Тамақ істеп іше алмай отырған үйлер бар. Пеш қоссақ свет өшеді" дейді.
Сонда кім кімді құлақтан теуіп жүр? Шынымен жағдай қиын болса жасырмай айтыңдар. Ауруын жасырған өледі. Жұрт болып жұмылып, үйлердің алдарына қазан-ошақ ұйымдастырып, тамақ істейік. Жұртты Павлодарға эвакуациялайық. Өтіріктеріңнен шаршадық.