Get Mystery Box with random crypto!

Қажыгелдиннің сенімді серігі Мәжіліске барады: Жаңа Қазақстан | DALA INSIDE

Қажыгелдиннің сенімді серігі Мәжіліске барады: Жаңа Қазақстан Бапиге депутаттық мандатты дайындап қойды

Алдағы парламент сайлауында Мәжіліс "мәдилерден" арылып, олардың орнына Ермұрат Бапи секілді мінезді азаматтар келеді.

Dalainside-тың мұндай болжам жасауына бірнеше себеп бар.

Президент сайлауына үміткерлердің тікелей эфирде өткен трэш-тогы кезінде Ермұрат Бапи Тоқаевтың өкіліне өткір сауал қойды. "Қазіргі басшы Назарбаевтың қателігін айна-қатесіз қайталап жүрмей ме?.." деген қаупін жеткізді.

Қошанов мұндай сауалдың қойыларын сезгендей, танымал журналиске (ДАТ-тың «Бас оқырманына») барынша ашық, толымды жауап қатты.

Ақорданың анау-мынау емес, сайлау алды дебатта биліктің оппонентін сөйлетіп, оған сауал қоятын мүмкіндік беруі – Жаңа Қазақстанның Бапидің санатындағы тұлғалармен тіл табысқанын аңғартады.

Ерекеңе Мәжілістен бір орын бұйырып тұр.

Бапидың есім-сойы Қазақстан билігі үшін 30 жылдан бері – "қара күйе". Ешбір шенеунік Бапиға жуымайтын. ДАТ-қа сұхбат бермейтін. ДАТ-ты тығылып қана оқитын.

Жаңа да әділетті Қазақстан Мәжілісті "мәдилерден" тазартуға мүдделі.

Қажыгелдиннің сенімді серігі журналистикада ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Есесіне Парламент Ерекең секілді тұлғаларға сусап отыр.

Бұған дейін Dalainside "Қажыгелдин мен Ақорданың хат-хабар алмасқанын" жазған. "Әкежан Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі" деген батыл болжам жасаған едік.

Қажыгелдиннің Қазақстандағы "көзі, құлағы һәм тілі" саналатын Бапидің Мәжіліске баруы Тоқаевтың саяси реформасын толықтыра түседі.

Бапи Парламентке барса не өзгереді дейтіндер бар шығар? Ендеше таратып көрейік.

Ермұрат Бапи 1998 жылдан бері билікке дүрдараз оппозициялық жолда. Назарбаев билігінің халықты қалай қанағанын, тонағанын, қазақты қалай теспей сорғанын жақсы біледі.

30 жылдан бері әділетсіз жүйемен баспасөз арқылы арпалысқан азаматтың Шерағаның заманынан бері ойсырап тұрған орынға отыратын кезі келгендей.

https://t.me/dalainside