Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-12-02 10:04:20 Зікір мәжілістерінің артықшылықтары

1. "Өлі мен тірі адам мысалындай".
2. Періштелер қоршаған отырыс.
3. Жаман амалдарымыз сауап амалдарға қалай айналады?
4. Қияметте өкініш болатын отырыс.
1.4K views07:04
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 10:48:13 ұстаз Ерсін Әміре pinned « Ерсін Әміре ұстаздың “әл-Әзкар” кітабы бойынша өтіп жатқан дәрістерін тыңдағыңыз келсе, @yersin_azkar каналына тіркеліңіз!»
07:48
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 10:28:12 Ерсін Әміре ұстаздың “әл-Әзкар” кітабы бойынша өтіп жатқан дәрістерін тыңдағыңыз келсе, @yersin_azkar каналына тіркеліңіз!
2.2K views07:28
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 06:20:06 Кім Алла Тағаламен шыншыл болса, Алла Тағала оны һидаятқа бастайды. Оған жәрдем береді.

Кім Алладан басқаға өзін әдемілесе (пенделердің арасында әдемі болып көрінгісі келсе), Алла Тағала оны масқаралайды.

Кім Аллаға тәуекел ететін болса, Алла оған жеткілікті.

Кім Алладан басқаға сенім артып, жүрегін байлайтын болса, Алла Тағала оны жек көреді.

Кім Алладан қорықса, Алла оған амандық береді.

Кім Аллаға шүкіршілік етсе, Алла Тағала оған тағы да артығымен береді.

Кім Аллаға итағат етсе, Алла Тағала оны ардақты етеді.

Кім Алла Тағаланы басқа нәрселерден артық көретін болса, Алла Тағала оны жақсы көреді.
Ал кімді Жаратушысы жақсы көрсе, ол жеңіске жетеді.

ұстаз Ерсін Әміре дәрістерінен
2.5K views03:20
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 13:24:45 Ихсан - жүректің дерттерін емдейтін, адамның ішкі жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.

• Алла Тағала біздің сыртымызға, түріміз бен түсімізге емес, жүрегімізге қарайды. Тақуалық - жүректе. Жүректі таза ұстап, дерттерден арылып Алланың сүйікті құлы болуы үшін ихсан ілімін үйрену керек.

• Алла Тағала Құран Кәрімде "Намаз адамды арсыздықтан тыяды" деді. Бірақ қанша адамдар бар намаз оқыса да, жаман істерден, арсыздықтан тыйылып жатқан жоқ. Себебі, олар намаздың ішкі әдептерін сақтай отырып оқып жатқан жоқ. Біз намаздың парыздарын, сүннеттерін, қолды қалай қою керек, қандай сүре оқу керек екенін оқып үйреніп аламыз. Бірақ оның ішкі әдептерін сақтамаймыз. Құлшылықтарды ықыласпен орындап, олардан ләззат ала алу үшін де ихсан ілімі маңызды.

@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ
2.5K views10:24
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 13:24:45 Әссәләмуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Каналдың жұмысын қайта қолға алдық. Ерсін ұстаздың "Ихия улумиддин" кітабынан дәрістері тұрақты жарияланып отырады.

Тыңдап, бөлісіп, пайда ала отырыңыздар!

@yersin_ihya2 - ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ
2.2K views10:24
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 06:55:10 ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ІНЖУ-МАРЖАН СӨЗДЕРІ

«Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»

«Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер! Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!»

«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйішпеншілік оянады».

«Шынайы мұсылман - өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»

«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер»

«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын!»

«Кімде-кім Аллаһ ризалығы үшін кішіпейіл болса, Аллаһ тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім тәкаппарланса, Аллаһ тағала оның дәрежесін түсіріп, қор қылады».

«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер - Қиямет күні шейіттермен бірге болады»

«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейі-рімдік танытпаған адам бізден емес».

«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».


МАКТУБАТ - ДІНИ ОНЛАЙН КІТАПХАНА
1.1K views03:55
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 16:21:03 Алла Тағаланың құлшығында тұрақты болу

Кейбір адамдар бар, Алла Тағала Құран Кәрімде айтқандай:
"Егер оларға Алла Тағала жақсылық берсе, құлшылық жасайды. Ал, егер басына бір қиындық түсетін болса,
- Уа, Құдайым, не жаздым деп  Құдайын ұмытып кететіндер бар".

Енді біреулер керісінше.
Басына күн туған кезде, мешітке жүгіріп келеді, садақасын береді, намазын оқиды, умра жасайды. Ал, егер Алла Тағала сол сынақтан құтқарса, барлығын ұмытып кетеді.

Өмірде де көріп жүрсіздер қаншама адамдарды. Сондай бір ауырып жүрген кездерінде  қарайтын болсаңыз, бір Құдайға бет бұрып, намазға барып, жұмаға барып, умраға барып. Әншілердің арасында да бар білесіздер, сондайлар. Діни, иләһи әндер айтып. Ал, бірақ ауруынан жазылғаннан кейін, барлығын ұмытып кетіп, қайтадан бұрынғы халіне қайтады.

Ал, Алланың сүйікті құлдары, олардың жағдайы қалай өзгермесін, бәрібір Алланың құлшылығында тұрақты қалады.
Алла Тағаланың құлшығында болған себепті, Алланың таңдаулы құлдарынан болған себепті, олардың жүректері нұрдың жарығымен нұрланды, жарық болды.

ұстаз Ерсін Әміре, әл - Әзкәр дәрістері
750 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 13:49:48 Ерсін ұстаздың “Ихия дәрістерінен” қысқа үзінділер мен мағыналы уағыздарды @yersin_ihya каналынан тыңдай аласыздар!
564 viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме