Get Mystery Box with random crypto!

Ихсан - жүректің дерттерін емдейтін, адамның ішкі жан дүниесін | ұстаз Ерсін Әміре

Ихсан - жүректің дерттерін емдейтін, адамның ішкі жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.

• Алла Тағала біздің сыртымызға, түріміз бен түсімізге емес, жүрегімізге қарайды. Тақуалық - жүректе. Жүректі таза ұстап, дерттерден арылып Алланың сүйікті құлы болуы үшін ихсан ілімін үйрену керек.

• Алла Тағала Құран Кәрімде "Намаз адамды арсыздықтан тыяды" деді. Бірақ қанша адамдар бар намаз оқыса да, жаман істерден, арсыздықтан тыйылып жатқан жоқ. Себебі, олар намаздың ішкі әдептерін сақтай отырып оқып жатқан жоқ. Біз намаздың парыздарын, сүннеттерін, қолды қалай қою керек, қандай сүре оқу керек екенін оқып үйреніп аламыз. Бірақ оның ішкі әдептерін сақтамаймыз. Құлшылықтарды ықыласпен орындап, олардан ләззат ала алу үшін де ихсан ілімі маңызды.

@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ