Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-09-15 21:01:40

4.7K views18:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:43:06 Егер біреуді ғайбаттаған сайын банктағы есепшотымыздан ғайбатталушыға ақша аударылып отырса, ақшамызды сақтау үшін ғайбаттан тиылған болар едік.

Сонда алдамшы, уақытша дүниенің мәңгілік өмірге азық болған сауаптан артық болғаны ма?

ұстаз Әбу Юсуф
1.8K viewsedited  05:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 17:37:25 Егер кімде-кім проблемасыз өмір іздесе, бұл өмірге келмей-ақ қойсын!

ұстаз Әбу Юсуф
3.1K views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 13:32:00 Біз Құраннан тақуалар, жəннатқа кіретін сипаттағы адамдар туралы естігенде бірден өзімізді еске аламыз. Осы аяттардың бəрі өзіңе арналып жатқан сияқты. Садақа бергендер туралы айтылса берген азын-аулақ тиын-тебенімізді еске алып, түнде намаз оқығандар мақталса айына бір рет тұрған тахаджудымызды ойлап мəз болып қаламыз.

Ал екіжүзділер, тозақы адамдар жайлы аят естігенде басқалар еске түседі. "Мына аят ана танысыма арналғандай екен, анау аят мына көршіме тура келетін сияқты ма" деп тағы қыбымыз қанып қалады. Бірақ, бəрі керісінше болуы мүмкін ғой. Нағыз оңбаған өзіміз шығармыз, Алла сақтасын. Осы жағын ойланып, кемшіліктерімізден арылу керек.

ұстаз Ерсін Әміре
6.6K views10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 08:59:25 Қазіргі тәубелерге тәубе керек!

ұстаз Әміре Ерсін Әбу Юсуф
6.1K views05:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 04:43:06 Кiмнің уайым-қайғысы қарны болатын болса оның құны қарнынан шығатынға тең!

ұстаз Әбу Юсуф
6.7K views01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 04:43:13 Егер жұрттың "сен қандай жақсы адам едің" деген сөзі "сен қандай жаман адам едің" деген сөзінен жағымдырақ болса, онда сен қандай жаман адам едің!

ұстаз Әбу Юсуф
8.4K views01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 11:56:04 “Кім қалай өмір сүрсе, солай өледі, қалай өлсе, солай тіріледі”

ұстаз Әміре Ерсін Әбу Юсуф
8.4K views08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 22:00:51 Құрметті жамағат!

Ерсін Әміре ұстаздың әлеуметтік желідегі парақшаларын (Instagram, YouTube, TikTok, Telegram, VK) дамыту үшін командаға көмекші админдер іздейміз:

Қойылатын талаптар:

1) Ықыласты болу;
2) Ұстаздың дәрістерін жиі тыңдау
3) Жауапкершілікті сезіну, тұрақтылық (орта жолдан тастап кетпеу)
4) Бос уақыты болу (күнделікті максимум 1 сағ)

Жұмыс процесі:

Ұстаздың уағыздарын телефон арқылы видео, аудио форматта өңдеу, монтаждау, жазбаша нұсқасын әзірлеу.

Жұмыс барысын үйретеміз. Опыт болса тіптен жақсы.

Ескерту:

Бұл ерікті жоба. Сондықтан ешқандай жалақы төленбейді. Есесіне, ұстаздың уағызын тарату арқылы әрбір просмотр, әрбір лайк пен репост үшін сауап аласыз. Бәлки, бұл сауап сіз дүниеден өткеннен кейін де жалғасуы мүмкін. Бұл дінге қызмет еткісі келетіндер үшін үлкен мүмкіндік.

Ниет білдірсеңіз және жоғарыдағы талаптарға сай келсеңіз @Yersinbot адресіне:

1) Өзіңіз туралы қысқашан мәлімет;
2) қандай дүниелер жасай аласыз;
3) ұстаздың қандай дәрістерін тыңдағаныңыз жайлы
(әр пункт бойынша) толыққанды бір смспен жазып жіберіңіз.

Артық смс пен діни сұрақ жолдамауларыңызды сұраймыз!
7.6K viewsedited  19:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 14:51:11 АЛЛА ЕЛШІСІ ﷺ АДАМ ЕДІ...! (маңызды насихат)

... Пайғамбарымыз ﷺ намаз оқыған кезде аяқтары ісіп кететін еді. Бірақ, "Пайғамбарымыз ﷺ аяқтарының іскенін сезбейтін, ешқандай ауыртпашылық сезбейтін" деп айтуға болмайды.

Пайғамбарымыз ﷺ біз секілді табиғат тұрғысынан адам еді және хадисте өзі айтқандай "Мен ауырған кезде сендерден екі адамның ауруын сеземін" дейтін. Пайғамбарымыз ﷺ біз секілді адамдардың ауырғанынын екі есе көп сезінетін еді.

Кейбіреулерге осындай мәселені, "Пайғамбарымыз ﷺ түнімен намаз оқыған ғой" деп айтсаң, ол "Ой, ол Пайғамбар ғой!" дейді. "Ол - Пайғамбар ғой!" деген сөзді Пайғамбарымыздың ﷺ сипаты адамдық дәрежеден жоғары деген секілді мағынада айтады.

Егер біз Пайғамбарымызды ﷺ адамдық сипаттан жоғары деңгейге қоятын болсақ, онда Пайғамбарымызды ﷺ өзімізге үлгі тұта алмай қаламыз, яғни Ол бізге үлгі тұтуға лайықсыз болар еді. Егер періште болса "Ол періште, ал мен адаммын ғой" дер едік.

Сол үшін де Пайғамбарымыздың ﷺ адам екендігін, ораза тұтқан кезде қарны ашатындығын, қарны ашқан кезде қарнына тас байлап алатындығын, намазға тұрған кезде аяқтары ісіп кететінін және оның ауырғандығының сезетіндігін білуіміз керек. Біз Пайғамбарымызды ﷺ бұл тұрғыдан адам ретінде көрген кезде, өзімізге үлгі ете аламыз.

ұстаз Ерсін Әміре
6.2K views11:51
Ашу / Түсініктеме