Get Mystery Box with random crypto!

Алла Тағаланың құлшығында тұрақты болу Кейбір адамдар бар, Ал | ұстаз Ерсін Әміре

Алла Тағаланың құлшығында тұрақты болу

Кейбір адамдар бар, Алла Тағала Құран Кәрімде айтқандай:
"Егер оларға Алла Тағала жақсылық берсе, құлшылық жасайды. Ал, егер басына бір қиындық түсетін болса,
- Уа, Құдайым, не жаздым деп  Құдайын ұмытып кететіндер бар".

Енді біреулер керісінше.
Басына күн туған кезде, мешітке жүгіріп келеді, садақасын береді, намазын оқиды, умра жасайды. Ал, егер Алла Тағала сол сынақтан құтқарса, барлығын ұмытып кетеді.

Өмірде де көріп жүрсіздер қаншама адамдарды. Сондай бір ауырып жүрген кездерінде  қарайтын болсаңыз, бір Құдайға бет бұрып, намазға барып, жұмаға барып, умраға барып. Әншілердің арасында да бар білесіздер, сондайлар. Діни, иләһи әндер айтып. Ал, бірақ ауруынан жазылғаннан кейін, барлығын ұмытып кетіп, қайтадан бұрынғы халіне қайтады.

Ал, Алланың сүйікті құлдары, олардың жағдайы қалай өзгермесін, бәрібір Алланың құлшылығында тұрақты қалады.
Алла Тағаланың құлшығында болған себепті, Алланың таңдаулы құлдарынан болған себепті, олардың жүректері нұрдың жарығымен нұрланды, жарық болды.

ұстаз Ерсін Әміре, әл - Әзкәр дәрістері