Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-08-13 14:06:16 Кейбір адамдар "мен күнә жасап жүрмін, қалай мешітке барамын?" дейді, керісінше бұл адам мешітке келуі керек, себебі бұл "мен аурумын, қалай ауруханаға барамын" деген адамға ұқсайды.

ұстаз Ерсін Әміре
5.5K views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 08:31:41 Көшеге шыға қалсаң екі түрлі əйелдерді кезіктіресің.

1. Юсуф пайғамбар (ғалайһис-сәләм) қолында қызметші болған əйел (Зулəйха) шалдыққан вирусты жұқтырған əйелдер. Боянып, сыланып, еркек атаулыны қоздыратын киімдерді киіп, "һəйтə лəк (маған келші)" дегендей жүретін əйелдер.
Ондай əйелдермен Юсуф пайғамбар секілді бол. Көзіңді алып қаш та, "Алла өзің сақта (ма-аъзəллоһ)"-де.

2. Тіршіліктің қамымен көшеге шығуға мәжбүр болған, ибалы-инабатты, көзін төмен ұстаған, ұяла қадам басатын əйелдер.
Ондай əйелдермен Мұса пайғамбардай (алейхиссалям) мəміле жаса. Қоғамдық көлікте көре қалсаң отырған орныңды ұсын. Ауруханада т.б жерлерде көрсең кезегіңді бер. Сөзге тартуға тырыспа. Қол ұшыңды бер де, бұрылып кете бар. Сосын Алланың жақсылығын күт. Юсуф пайғамбар солай істеп еді, Алла оны құлдықтан патшалық деңгейге көтеріп қойды. Мұса пайғамбарды тақыр кедейліктен құтқарып, бас сауғалауға қашып барған жерінде қызмет беріп, адал жар нəсіп етті.

Жақсылықтың қайтарымы тек қана жақсылық емес пе? (Рахман, 60 аят).

ұстаз Ерсін Әміре
7.3K views05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 09:55:47 Құрандағы Алла Субхəнə уə Тағаланың "Ей, Менің күнəһар құлдарым, Менің Мейірімімнен, Рақымымнан үмітсіз қалмаңдар" деген сияқты аяттарын жəне Пайғамбарымыздың ﷺ "Алла Тағала жүз адамды өлтірген құлын да кешірген" деген сияқты хадистерін күнə жасаушы адамның көзімен оқымау керек.

Себебі ол адам "Алла мені кешіреді екен ғой" деп шайтанға алданып, жалған үмітке түседі. Сондықтан бұндай аят-хадистерді күнəларына өкініп, тəубеге келіп жүрген адамның көзіменен оқу керек.

ұстаз Ерсін Әміре
8.0K views06:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-06 19:50:51 АШУРА ЖАЙЛЫ АЛТЫ ХАДИС

Ашура күні
– Ислам күнтізбесіндегі таңдаулы даталардың бірі. Осы ретте сіздерге Ашура күнінің артықшылығы туралы алты хадис ұсынамыз. Жазба ұнаса лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіңіз.

Әбу қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп үміттенемін" (Муслим, 2738)

Әбу Қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза жыл бойы тұтқан оразаға сай келеді" (Сахих ибн Хиббан, 3631)

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте "Кімде-кім Ашура күні отбасына жомарттық жасаса, Алла Тағала жыл бойын оның отбасына береке, молшылық нәсіп етеді" (Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115-116)

Жәбәлә жеткізеді: Бірде табиғин ибн Шиһаб әз-Зуһримен сапарда болғанымда ол Ашура оразасын ұстады. Жанындағылар "Сіз Рамазанда сапарда болсаңыз ораза ұстамайтын едіңіз ғой" – дейді. Сонда әз-Зуһри: "Себебі, Рамазан оразасы бірнеше күн, ал, Ашура олай емес" деп жауап берді (Шуғабул-иман, 3518; Сияр ғәләмин-нубәлә, 5/342)

Абдулла ибн Аббас айтады: "Алла Елшісінің бірде-бір Ашура оразасы секілді ораза тұтуға асыққанын көрмедім" (Бухари, 2006)

Сахаба Хазірет Әли айтады: "Егер сіз Рамазаннан кейін ораза ұстағыңыз келсе, Мухаррам айында тұтыңыз. Себебі бұл шын мәнінде, Алланың айы. Алла Тағала бұл күні бір халықтың тәубесін қабыл еткен еді, әрі басқа пенделерінің де тәубесін қабыл етеді." (Сунан Тирмизи, 741)

Хафиз ибн Рәжәб осы хадиске қатысты бірнеше риуаяттарды келтіріп, бұл күннің Мухаррам айының 10-ы, яғни, Ашура күніне саятынын айтады. (Ләтәиф-мағариф, 104)

Алла Тағала Ашура күнгі құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Жазбаның авторлық құқығы сақталған

Әпендінің әңгімелері | Жазылыңыз
7.8K views16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 16:32:32

6.2K views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:40:24 Жиһадтың бес түрі
823 viewsedited  08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:15:23 Садақа жайлы уағыздар
2.2K viewsedited  13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 08:18:01 “НАМАЗ ОҚУҒА УАҚЫТЫМ ЖОҚ…”

Кейбір адамдарды естіп жатамыз, намаз оқымайсыңба десең, уақытым жоқ дейді. Қашан уақыты болады оның? Бұл дүние тіршілігі болғаннан кейін адамда ешқандай уақыт болмайды. Себебі, мына күн келіп адамның тірлігі бітіпті деген нәрсе жоқ. Қашан бос уақыт болады? Алла Субхәна уә Та'алә тірлік, әрекет жасауға мүмкіншілікті алып қойса, қол-аяқтан айырып мүгедек етіп қойса, арқасы шіріп, мүгедектердің арбасына таңылып жатса, сол кезде оның уақыты болады. 24 сағат бос жатады. Адам соны қалайды ма? Алланың құлшылығына уақытым жоқ деп айту Алланың алдында үлкен күнә! Керісінше, бос уақытымыздың жоқ болғаны үшін Аллаға құлшылық етуіміз керек!

ұстаз Ерсін Әміре
2.8K views05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 20:16:23 Бір кісі Құранды жаттай алмаса да, оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы:
- Əке, не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз?- деп сұрапты. Сонда əкесі:
- Ұлым, көмір таситын себетті алып, су алып кел,- деді. Ұлы таң қалып, " бұл мүмкін емес қой" деді.
- Амалдап болса да су алып кел,- деді əкесі.
Бала арықтан су толтырып алды да, жүгіргенше əкесінің алдына келді, бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су əкеле алмаған ұлы:
- Əке, айттым ғой, мұның сірə амалы жоқ. Себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, -деді.
Əкесі:
- Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба? - деп сұрады.
- Ия əке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатын, су құя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұл.
- Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен..

МАКТУБАТ - діни онлайн кітапхана | Жазылыңыз
2.8K views17:16
Ашу / Түсініктеме