Get Mystery Box with random crypto!

ұстаз Ерсін Әміре

Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре Ұ
Telegram арнасының логотипі yersin_amire — ұстаз Ерсін Әміре
Арна мекенжайы: @yersin_amire
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 10.79K
Арнадан сипаттама

✅ Барлық сұрақтар бойынша @yersinbot

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-29 06:15:06 БІЛІМ ҮЙРЕНЕМ ДЕСЕҢ...

Бір ғұлама Самарқаннан он жылдай білім алып екі түйе кітап арқалап келе жатыр екен. Жолда бір адам кездесіп қалып: «Не әкеле жатырсыз?» деп сұрайды. Ғұлама: «Бұқарадан білім алып келе жатырмын» деп жауап беріпті. Сонда әлгі кісі: «Онда қазір мына түйелерің қашып кетсе, білімің де қашып кетеді екен ғой»,-деген екен.

Адам білім үйрену үшін үш түрлі жануарға ұқсауы керек.

Ең алдымен – мысық секілді кішіпейіл болу, ұстазы қанша қаталдық танытса да ешқашан білімге деген құштарлығын тоқтатпау.

Бірде бір ғұлама ұстазына білім үйренуге барады. Ол діни мереке – айт күніне тура келіп қалады. Содан ұстазы ашуланып оны он бес рет таяқпен ұрады. Ашуы басылған соң шәкіртінен кешірім сұрайды. Шәкірті «Кешірмеймін, кешірсін десең, он бес хадис үйретесің»,-дейді. Ұстазы он бес хадис санатымен (жеткізуші адамдардың толық аты-жөнімен бірге) айтып береді. Сонда шәкірті: «Мені тағы он бес рет ұршы, соның кешіріміне тағы он бес хадис санатымен айтып берші»,-деген екен.

Екінші сипаты – ол есектегі сабырлылық. Сіз қанша жүк артсаңызда еш қарсылықсыз кете береді. Адам білім іздеуде сабырлылық танытпаса, білім өз нәтижесін бермейді.

Үшінші сипаты – әтеш секілді ерте тұру. «Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады, кеш тұрсаң, алдыңнан түн шығады» дегендей, қараңғылыққа емес, жарыққа ұмтылайық. Көкірегімізді надандыққа емес, тазалыққа толтырайық.

Ерсін ұстаз дәрісінен үзінді
3.6K views03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 06:09:30 Біз дүниелік істеріміздің себебінен намазға уақыт бөле алмасақ та, намаздың ішінде дүниені ойлап, дүниеге уақыт бөлетін болғанбыз.

Ерсін Әміре әбу Юсуф
3.5K views03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:57:53 Бай бола алмадың ба? Байлығын жақсылыққа жұмсап жүрген мұсылман бауырыңа жақсылық тіле. Сол үшін Алла Тағала саған сауап береді.

Білімге қол жеткізе алмадың ба? Білім таратып жүрген мұсылман бауырыңды жақсы көр. Сол үшін Алла Тағала саған сауап береді.

Ұстаз Ерсін Әміре
997 views03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 18:45:57 Жақсы танитын досымның қарындасы болатын. Бес уақыт намазы түгел, әуретін жапқан қыз еді. Былтыр тұрмысқа шықты. Кімге, қай жаққа ұзатылды, ол жағынан хабарым жоқ.

Жақында сол досымның стористерін көріп отырмын. Қарындасын туған күнімен құттықтай барыпты. Байқағаным, қарындасы баяғыдай хиджабта емес, басына орамал ғана тартып алыпты. Шыны керек ішім қынжылып кетті. Бәлкім, қайын жұрты қарсы болған шығар деп ойладым. Себебі, көп ата-ана келінінің хиджабта болғанын қаламайды, ондай келінді қабылдауға да қарсы.

Сондықтан жігіттер, хиджабтағы қызды жар жар еттіңіз бе, оған әрдайым тірек бола біліңіз. Мейлі, ата-анаңыз, ағайыныңыз қанша жерден қарсы болса да, оның әуретінің ашылуына тосқауыл болыңыз. Ол қыз сені қорғаным, тірегім деп ойлады, сол оймен сіздің жарыңыз болуға келісті. Ал, сен келіп оның шариғи міндеттерін толық атқаруға жәрдемші бола алмасаң, мұсылмандық түгіл, жігіттігіңе сын! Әрісі, Қиямет күні де бұл үшін сіз жауапты боласыз.

Ал, егер олай жасау қолыңыздан келмей ме, орамалды қыздан аулақ жүргеніңіз дұрыс. Себебі, адам тағдыры мен ахиретін өзгерткелі тұрсыз. Орамалды қыздар да розовый очкимен тұрмыс құра салмай, болашақ жарының отбасылық авторитетін бір ескеріп алғаны дұрыс.

Әпенді әңгімелері | Жазылыңыз
1.2K views15:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:39:35 Адамдарды жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақырып, бірақ өзі жамандықтан қайтпаған адамды ғалымдарымыз майшамға теңейді. Яғни майшамның жарығымен біреулер тура жол тауып жатыр, ал өзі майшам тәрізді еріп жатыр. Яғни жұрт оның жарығымен һидаят табады, ал өзі Қияметте құрдымға кетеді.

Ерсін Әміре әбу Юсуф
741 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 11:50:22 Сен досыңа ешнəрсе бермей, дос болғың келе ма? Онда қабірдегілермен дос бол. Себебі өлілерге ешнəрсе бере алмайсың.

Ерсін Әміре әбу Юсуф
1.3K views08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 06:10:06 Адамдарды жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақырып, бірақ өзі жамандықтан қайтпаған адамды ғалымдарымыз майшамға теңейді. Яғни майшамның жарығымен біреулер тура жол тауып жатыр, ал өзі майшам тәрізді еріп жатыр. Яғни жұрт оның жарығымен һидаят табады, ал өзі Қияметте құрдымға кетеді.

Ұстаз Ерсін Әміре
1.4K views03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 09:08:19 Қазіргі заманда жалаңаштануды өнер дейді. Арақты тағы басқаша дейді. Əйелдердің бөтен еркектердің алдына шығып, үйіндегі жуынатын бөлмесінде жүргендей мың бұралып аунап жатқанын спорт дейді. Ал егер сен оны сынасаң, қарсы шықсаң, "міне мұсылмандар спортқа қарсы, міне мұсылмандар өнерге қарсы" дейді. Біз мұсылмандар, спортқа қарсы емеспіз, өнерге қарсы емеспіз. Біз азғындыққа, зинаға, қоғамның бұзылуына қарсымыз.

Ұстаз Ерсін Әміре
1.4K views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:08:02 Ерсін Әміре ұстаздың ресми YouTube каналына тіркеліп қойыңыздар, оқырмандар!
940 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 08:11:56 Намазды бітірген адамдар екі түрлі қуанады. Біріншілері: "Уф, намазды бітірдім-ау" деп. Ал екіншілері: "Аллаға шүкір, Алла маған тағы бір рет Өзіне құлшылық етуді нәсіп етті" деп. Бірақ екеуі екі бөлек қуаныш.

Ұстаз Ерсін Әміре
2.7K views05:11
Ашу / Түсініктеме